жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ "Наурызда ән салады" 2 сынып
Мектеп: |
№16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейі |
|
Мұғалім: |
Кисметова Н.Б |
|
Пән: |
Қазақ тілі |
|
Сабақ тақырыбы: |
Наурызда ән айтады |
2 сынып |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(Оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.3.5.1 мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалардан қажетті ақпаратты табу.
|
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: мұғалімнің көмегімен жаңа сөздерді атап шығады Көбі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды Кейбірі: таныс сөздерді қолдану арқылы шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндайды. |
|
Күтілетін нәтиже |
Тақырыпқа қатысты тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, жаңа сөздер арқылы сұрақтарға жауап табады, Наурыз туралы ән айтып береді. |
|
Жаңа сөздер: |
Тойланады, дайындайды, нышаны, қызғалдақ, билейді, ән айтады |
|
Сабақта қолданылатын материалдар |
АКТ, таратпа қағаздар |
|
Оқыту әдістері |
Түсіндіру,сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, топтық жұмыс, сергіту жаттығулары |
|
Дереккөздері |
Әдістемелік құрал,дидактикалық материалдар, сөздік |
|
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Мұғалім балалармен амандасады. Балалар жауап береді. Жоқ оқушыларды түгендейді. Оқушыларды «шаттық шеңберіне» шақырады: Қол алысып, кәне біз, Достасайық бәріміз Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. «Қалам таңдау» әдісі арқылы Үй жұмысын сұрау «Он тақия» ертегісін түсінік айту. Сұрақ-жауаппен үй жұмысын бекіту. Дескриптор: -Түсінік айтады
|
Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, шеңбер құрады.
Оқушылар үй жұмысына дайындалады. |
I.Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың қызығушылығын ояту және сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бейнетаспа көрсетеді. Сабақтың тақырыбын анықтау - Мультфильм не туралы? -Наурыз мейрамы қашан? Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. |
Бейнетаспаны қарап, сабақтың тақырыбын анықтайды.
|
ІІ.Мағынаны тану.
|
Ал енді, балалар, жаңа сөздермен танысайық. 1.Сөздікпен жұмыс: Тойланады- празднует Дайындайды- готовят Нышаны- символ Қызғалдақ- тюльпан Билейді – танцует Ән айтады- поет Мұғалім интерактивтік тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Өзі оқиды, хормен оқытады, аудармасын айтып, оқытады. Оқушылардың кейбіреуін бірнеше сөзден оқытады. |
Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Бір
оқушы қазақша оқиды 2-ші орысша.
|
Мәтіналды жұмыс. Мұғалім сұрақтар қояды. 1. Қазір қай жыл мезгілі? 2. Көктемде қандай мейрамдар болады? Тыңдалым. Тыңдалымға арналған мәтінді тыңдайды, сөздермен мағынасын түсіндіреді. Наурызда ән айтады. Наурыз- жыл басы. Мереке көктемде тойланады, наурыз көже дайындайды. Наурызда Қыдыр ата келеді. Наурыз мерекесінің нышаны-қызғалдақ. Бұл мерекеде ән айтады, би билейді. 1 тапсырма «Пікірталас әткеншегі" әдісі арқылы мәтіннен жаңа сөздерді анықтау. Дескриптор: -Жаңа сөздерді анықтайды. -Тапқан жаңа сөздерін дәптерлеріне жазады. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды жаңа сөздерді атап шығады. (жеке жұмыс)
|
|
2 тапсырма 1-топ. Көп нүктенің орнына түсіп қалған әріпті қойып жазу Дескриптор: - Көп нүктенің орнына түсіп қалған әріпті қойып жазады. 2-топ. Мәтін бойынша сұрақ құрау Дескриптор: -Мәтін бойынша сұрақ құрады. 3-топ. Мәтін бойынша кластер жасау Дескриптор: -Мәтін бойынша кластер жасайды |
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындайды.
Мәтінде кездесетін сөздердің түсіп қалған әріптерін жазады.
Мәтін бойынша сұрақ құрады.
Мәтін бойынша кластер жасайды |
|
ІІІ. Сергіту сәті
|
Сергіту сәті. Ән сабағымен байланыс. «Наурыз» әнін айту |
Ән айтады |
ІV. Сабақты бекіту |
«Еркін микрафоны» әдісі арқылы сұрақ-жауап. Дескриптор: -Сұрақтарға жауап береді |
Мұғалім микрафонды ұсынып оқушыға сұрақ қойса, сол оқушы жауап беруі қажет |
V. Үйге тапсырма
|
Жаңа сөздерді жаттау, білу |
|
VI.Рефлексия |
Кері байланыс: «Күн мен түн» әдісі арқылы Сабақ аяқталды! Сау болыңдар |
Оқушылар сабақтан алған білімдерін, ақпараттарының өздеріне қызықты болғанын, күнді шуақтарымен толтыру арқылы көрсетеді. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген