400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Наурызда берілетін бата"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша берілген сабақ.Сабақтың мақсаты - жуан және жіңішке буындарды ажырата алуға дағдыландыру. Жаңа сөздерді қарым- қатынаста қолдана алуға бейімдеу. Наурыз батасы туралы мәлімет беру,лексикалық тақырып бойынша ауызекі және жазба тілін дамыту, достыққа, татулыққа шақыру. Өзара ынтымақтастық орната алуға баулу. Сабақ барысында көрнекілік ретінде интерактивті тақта, слайд, постер т.б. қолданылды. Сабақта топпен жұмыс, жұппен жұмыс, диологтік сыни тұрғыдан ойлау, АКТ,рефлексия әдіс –тәсілдері болды. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында жыл мезгілдеріне байланысты топпқа бөлінді.Өздері бағалаушы таңдап алды. Бағалау парақшалары таратылды. Жаңа сабаққа көшу кезеңінің алдында оқушыларға түрткі сұрақтар қойылды. Мағынаны тану кезеңінде бата туралы жалпы түсінік алды. Тапсырма орындау барысында оқушылар топқа бөлініп жұмыс істеді. Өздерін сабақта еркін ұстады.Бұл сабақ жас мамандарға көмек болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Наурызда берілетін бата

Сабақтың мақсаты: Білімдік: жуан және жіңішке буындарды ажырата алуға дағдыландыру. Жаңа сөздерді қарым- қатынаста қолдана алуға бейімдеу. Наурыз батасы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: лексикалық тақырып бойынша ауызекі және жазба тілін дамыту.

Тәрбиелік: достыққа, татулыққа шақыру. Өзара ынтымақтастық орната алуға баулу.

Көрнекіліктер: слайд , постер, смайлктер. Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ

Әдісі: топпен жұмыс, жұппен жұмыс, диологтік сыни тұрғыдан ойлау, АКТ-ны пайдалану.Рефлексия.

Өткізу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.

  2. А) Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып кету. 1 мин

Алдымен балалар бүгінгі сабақтың ережесімен танысып алайық. Ә) Сабақтың ережесімен таныстыру. 1) Бір – бірімізді сыйлау.2)Уақытты үнемдеу. 3)Сабақта белсенді болу. 2 мин.

  1. Оқушыларға парақшада жазылған суреттерді тарату.Ал енді балалар қолдарыңыздағы таратылған сөздер бойынша топқа бөлінейік.

  2. Б) Оқушыларды «Қыс», «Күз», «Жаз» тақырыптарына байланысты берілген сөздер бойынша 3 топқа бөлу. Сонымен міне, балалар 3 топқа бөліндік. Араларыңнан бағалаушы сайлап алыңдар, Бағалау парақшаларын үлестіру. Оқушылардан сұрау. (Шана, жаңбыр, ыстық)

  3. Осы сөздермен сөйлем ойлайды.

Picture 2



І. Ой шақыру.

Балалар қандай жыл мезгілі аталмай қалды?

Балалар жауабы: Көктем.

Мұғалім: Көктем айларын кім атап береді?

Балалар: наурыз, сәуір , мамыр.

Мұғалім: Көктем айларындағы мерекелерді атап беріңдерші?

Оқушылар атайды. Слайдтан мерекелерді сәйкестендіреді .Енді балалар жаңа өздерің айтып кеткендей наурыз мерекесінде айтылатын наурыз батасы туралы болмақ. Алдымен кім айта алады бата туралы естігендерің бар ма?

ІІ. Мағынаны ажырату

Бата туралы түсінік беріп кету.

Қазақ халқында бата беру әдет-ғұрпы ежелден келе жатыр. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам өзгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді. Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.

Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй – жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан.Батаның негізгі мақсаты –ағайынның бір –біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін – бірі ынтымақ ырысқа, береке-бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу. Соған сәйкес, ақ бата көбінесе мынандай жағдайларға байланысты беріледі.

Слайдтан көрсету.

ІІІ. Ой қозғау.

1-тапсырма Жаңа сөздермен танысу.

Қадірлі –уважаемый

Кісі-человек ынтымақ- солидарность бірлік – единство

Сөздікпен жұмыс жүргізу. 1) Сөздерге ауызша талдау жасау. 3мин.

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. 1) 3 топтан бір оқушыдан шығып мәнерлеп оқимыз.2) 1-топ Мәтіннен жуан және жіңішке буынды сөздерді теріп жазу, жаңа сөздерді тауып, аударту. 2-топ. Сұрақтарға жауап беріп, диолог құру.

3-топ. Мәтіннің мазмұнын айту.

Сергіту сәті. Picture 4

3-тапсырма. Грамматикалық тапсырмаларды орындау.



Шығармашылық кезең. «Наурыз мерекесі»Picture 6

Наурыз мейрамы жөнінде жалпы наурыз батасы жөнінде не білетіндерін қорғау. (постерге суретін салып ауызша қорғау)

ҮІ. Қорытындылау.

«Ыстық орындық» тәсілімен бүгінгі сабақты қорытындылаймыз.

Әр топтан бір оқушыдан шығып, сұрақтар қояды?

Қазақ халқының қандай ежелгі дәстүрі бар?

Батаны кімдер береді?

Батаның қандай түрлері бар?

Батада не тілейді?

ҮІІ Үйге тапсырма беру. Оқушылардың бағалауларын тыңдау. РефлексияPicture 7



Сонымен балалар бүгінгі сабақта не ұнады? Қандай тілек тілер едіңдер?



Picture 3















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі