МКҚК «Айгөлек»
балабақшасы
«Бекітемін»:
МКҚК «Айгөлек»
балабақшасының
әдіскері____________
«___»___________2019ж
Ашық оқу қызметі
тақырыбы:
«Не білдік,не
үйрендік!?»
«Шерқала» ортаңғы
тобы
Тәрбиеші:
Т.Алипкалиева
2018-2019 оқу
жылы
Тақырыбы: «Не білдік, не
үйрендік?»
Мақсаты: Балаларға жыл бойы
алған білімдеріне түсінік бере отырып, не
меңгергендерін қорытындылау.
Білімдерінен толық мағлұмат алу.
Дамытушылығы: Балалардың тіл
байлықтарын, ойлау дағдысын
қалыптастыру, сөйлеу жүйесін
реттілікке үйрету.
Тәрбиелік мәні: Балаларды
ептілікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа
баулу.
Көрнекіліктер: Интерактивті
тақта, слайд, үлгі суреттер,
Мотивациалық
қозғаушы:
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық
шеңбері:
Өз елім,өз жерім – байтақ
далам
Көркіңе көз жоқ шығар,
тамсанбаған
Рухани
жаңғырумен,жаңарамыз
Тарих пен уақыт қалар
таңбаланған
Кел достарым
,келіңдер,
Қолдарыңды
беріңдер.
Шаттық
толы шеңберге,
Қуанышпен
еніңдер.
Шақырамын
сендерді,
Жолдастарым кел
бері
Толтырайық
шаттыққа
Дөңгеленген
шеңберді.
Интерактивті тақтамен
жұмыс-----------слайд
Тәрбиеші: - Балалар,бір жылда
неше мезгіл бар?
Балалар:- Бір жылда төрт
мезгіл бар.
Тәрбиеші: - Жыл мезгілдерін
атаңыздар?
Балалар: - Жыл
мезгілдері-------қыс, көктем, жаз,
күз
Тәрбиеші:- Олай болса, жыл
мезгілдеріне жеке-жеке сипаттама
берейік!
Балалар: - Қыс мезгілінде қар
жауса, көктемде жаңбыр жауып, қар еріп,
күн
жылынады. Жазда ауа-райы өте
ыстық болса, күзде ауа-райы
салқындай
бастайды.
Тәрбиеші: - Балалар, жылдың
төрт мезгілімен сабақтас
қорытынды
тақырыбымыз «Не білдік, не
үйрендік?» ашық оқу
қызметімізді
бастаймыз.Біздің бүгінгі ашық
оқу қызметіміз қазақ елінің
асыл
туындысы «Ұлы даланың жеті
қырымен» байланысты болмақ.
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар: - Қазір жылдың көктем
мезгілі
Тәрбиеші: - Көктем мезгілінде
неше ай бар?
Балалар: - Көктем мезгілінде
үш ай бар: наурыз, сәуір,
мамыр
Тәрбиеші: -Көктемгі ауа-райы
қандай?
Балалар: - Көктемде ауа-райы
жылына бастайды,ағаштарға бүршік
шығады,
құстар жылы жақтан ұшып
келеді.
Ортаға Қар барысы
кейпінде-------Рыстаулет Інжу
келеді
Қар барысы: - Сәлематсыздар
ма, балалар? Мен қазақ елінің символы-
Қар
барысымын. Сендермен дос
болып, тапсырма арқылы
білімді,
сауатты болғандарыңды
қалаймын. Кім айтады,мен қарды
жақсы
көремін,ал көктемде қардың
астынан ең бірінші шығатын
гүлді
білесіңдер
ме?
Балалар: - Көктемде қар
астынан шығатын
гүл-Бәйшешек.
Қар барысы: - Рахмет,
балалар!
Тәрбиеші: - Балалар, Қар
барысы Қызыл кітапқа енген жойылу қаупі
бар
жануар,сондықтан оларды
қорғауымыз керек.Ал,
көктемде
бәйшешекпен бірге аулаға алғаш
келетін құсты кім біледі, ол
адамның
досы?
Балалар: -
Қарлығаш
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар,
балалар!Құстарға не
жасайсыңдар?
Балалар:- Құстарға ұя
жасаймыз.
Тәрбиеші: -Адамның досы
құстан-қарлығаш болса, жануардан
кім?
Балалар: - Адамның досы-ит, ол
–үй жануары, адамдар
асырайды.
Интерактивті тақтадан әр жыл
мезгілдеріне сәйкес,
балалардың
суреттерін
көрсету.
Топқа Алтын Адам бейнесінде
---------Самархан Салауат
келеді.
Алтын адам: - Сәлематсыздар
ма, балалар? Мен- Алтын Адаммын.Мені
бүкіл
әлем таниды. Қазақ елінің
мақтанышымын. Менің сендерге
тапсырмам бар. ҚР-ның Тұңғыш
Елбасы кім?
Және ҚР-ның Рәміздеріне нелер
тиесілі?
Балалар:- ҚР-ның Тұңғыш
Елбасы-Н.Ә.Назарбаев.
ҚР-ның Рәміздеріне------Ту,
Елтаңба,Гимн
Тәрбиеші: - Кім Отан туралы
мақал-мәтел айтады?
Жазира. Қ: - Отан оттан да
ыстық!
Медина.І: - Отансыз
адам-ормансыз бұлбұл.
Марғұлан: - Баталы сөз-балаға
азық.
Тәрбиеші: - Бізде қонақта нар
тұлғалы қазақ батырлары!
Топқа батыр
кейпінде---------Доқтырбай Мейірман
келеді.
Батыр: - Сәлематсыздар ма,
балалар? Мен қазақ елінің
батырымын.Елімді,
жерімді жаудан қорғаймын.Кім
айтады, біздің қаламызда мен
сияқты батырларға арналған
қандай ескерткіш бар?
Балалар: - Біздің қаламызда
Иса-Досан батыр-аталарға арналған
ескерткіш
бар.
Батыр: - Рахмет, балалар! Ал,
осы батырлар туралы қандай
мақал-мәтел
білесіңдер?
Балалар: - Батыр туса-ел
ырысы,
Жаңбыр жауса-жер
ырысы.
Тәрбиеші: - Өте
керемет,білімдісіңдер. Балалар, қалай ойлайсыңдар,
қай
ертегіде ұстаға барып
көмекейіне тіл салдырып
алатын?
Балалар: - «Жеті лақ»
ертегісіндегі қасқыр
Қонаққа Металлург
болып-------- Саурбай Айару
келеді.
Металлург: - Сәлематсыздар ма,
балалар? Ата-бабамыз темір, күміс,
болат
балқытып, ұсталықпен
айналысқан. Тұңғыш Елбасымыз
да
өзінің еңбек жолын да шойын
балқытып, қорғасын құйып,
металлург болып бастаған.
Менде мықты металлургпін.
Қандай зергерлік бұйымдарды
білесіңдер?
Балалар: - Сақина, сырға,
білезік, шолпы, өңіржиек, алқа,
моншақ,т.б
Металлург: - Жарайсыңдар,
балалар!
Тәрбиеші: - Балалар, осы
зергерлік бұйымдардың пішіндері
қандай?
Балалар: - Дөңгелек, үшбұрыш,
төртбұрыш
Тәрбиеші: - Осы пішіндердің
түстері қандай?
Балалардың
жауаптары
Тәрбиеші: - Балалар, сандар,
санамақтар, мазақтамалар
айтайық!
1-ден 5-ке дейін екі тілде
тура және кері санайық!
Балалар: - 0 , 1 , 2 , 3 , 4 ,
5----------5 , 4 , 3 , 2 , 1 ,
0
Тәрбиеші: - «Ұлы даланың жеті
қырының» кейіпкерлері біздің
балалар
санамақ та
айтады.
Хадитжа.А: - Бір
дегенім-бесігім,
Тербеткен ана
бесігін.
Азиз.Р: - Екі дегенім- елім
бұл,
Елбасындай сенімді
ұл
Ақжол.К: - Үш дегенім-
ұлтым
Сақтаған
әдеп-ғұрпын.
Әділет.С: - Төрт дегенім- көк
Туым
Қалықтай бер, көкте
нұр.
Инабат.Қ: - Бес
дегенім-береке,
Таусылмасын
мереке.
Тәрбюиеші: - Жарайсыңдар, енді
кім қандай мазақтама біледі?
Расул.Қ: - Қант көрсе
қоймайды,
Кәмпитке де
тоймайды.
«Тісім-ай» деп
кешкісін,
Тәттіқұмар
жылайды.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар,
сендер білімді балаларсыңдар. Оқу, білім
туралы
кім қандай мақал- мәтел
біледі?
Айзере.А: - Оқу инемен құдық
қазғандай
Әлихан. Ж:-
Күш-білімде.
Аян.Ж:
Білім-бұлақ.
Сергіту сәті: Терезені
ашайық,
Таза ауа кірсін
деп.
Жаттығуды
жасайық,
Денеміз мықты болсын
деп
Тәрбиеші: - Балалар, қазақ
халқында тыйым сөздер өте көп,
олар
мағыналы,мәнді, қандай тыйым
сөздерді білесіңдер?
Адина: - Нанмен
ойнама
Ерасыл: - Ақты
төкпе
Аянат: - Босағада
тұрма
Д/О: «Иә,жоқ» Ойын шарты
бойынша жауап дұрыс болса, қол шапалақтау, жауап дұрыс болмаса,
аяқтарын тарсылдату.
-
Гүлге су құйған дұрыс
па?
-
Бұтақтарды сындыруға бола
ма?
-
Құстарды атуға бола
ма?
-
Ойыншықтарды сындыруға бола
ма?
-
Сабақ кезінде сөйлеуге бола
ма?
-
Досың көп болған жақсы
ма?
-
Ұжымдық жұмыс: Жармаға сурет
салу-І топ,
-
ермексазға әшекейлеу-ІІ
топ
Қорытынды: Балаларды мадақтау.
Сұрақтар-жауаптар.