пән: Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Не деу керек? Буын.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Буын туралы түсініктерін кеңейту, өлеңдегі
негізгі ойды
түсіндіру, буынға дұрыс бөлуді, сауатты жазуды
меңгерту,
үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, сөздік
қорларын
молайту, дұрыс байланыстырып сөйлеуге тілдерін
дамыту.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, әдепті,
сыпайы болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (жарыс, ойын)
Сабақтың әдісі: ой-қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру,
әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Ә. Дүйсенбиевтің суреті, кесте,
суреттер, слайд
« Не деу керек?», қима қағаз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біз де сәлем береміз.
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын!
Сейсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Бүгін бізде ашық сабақ. Ашық сабақ дегеніміз- өз
білімімізді басқаларға көрсету. Көрдіңдерме біздің сабағымызға
қонақтар келіп отыр. Ендеше біз келген қонақтарға өз білімімізді
көрсетейік.Сабақты жарыс түрінде өткіземіз. 3- топ болып жарысып,
білімдерімізді ортаға саламыз.
1-белес «Ой бөлісу
отауы»
Бұл
белесте өтілген тақырыпты пысықтау.
3
топқа сұрақтар қойылады.
1-топ. Сөз, сөйлем туралы
айтады.
Сөз дыбыстардан құралады.Дыбыстар әріптермен
таңбаланып жазылады.
Дыбыстарды естиміз, айтамыз. Әріптерді көреміз,
жазамыз.Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемдегі сөздер бөлек
жазылады.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте, леп
белгісі, сұрақ белгісі қойылады.
2-топ. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы
айтады. Тіліміздегі барлық дыбыстар үлкен екі топқа
бөлінеді. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге
бөлінеді.
Жуан дауыстылар: а, о, ы,
ұ.
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, і, ү,
е.
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан
айтылады: қозы, құлын.Сөздегі дауысты дыбыс жіңішке болса, сөз
жіңішке айтылады: дәптер, терезе, киік.
3-топ. Жұп дауыстылар және буын туралы
айтады.
А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү – жуан және жіңішке жұп
дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады. Мысалы: Асқар-әскер,
сан-сән, ұн-үн.
Сөзде дауысты дыбыс қанша болса, буын да сонша
болады: от, а-та, бо-та.
2-белес «Артық болмас
білгенің»
Бұл белесте жаңа білім беріледі. Ә.Дүйсенбиевтің
«Не деу керек?» өлеңін таныстыру. Буын туралы білімдерін
кеңейту.
-
Өлеңнің авторымен
таныстыру.
-
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұны мен негізгі ойын
түсіндіру.
-
Сауалдарға жауап беру. Бұдан басқа қандай сыпайы
сөздерді білесіңдер? ( Ғафу етіңіз, оқасы жоқ, мархабат, сау
болыңыз...)
Әр топ әдептілік туралы өлең
оқиды.
1-топ
Атам менің әманда
«Әдепті жан бол» деген.
Ата
сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
2-топ
Атам менің әманда
«Кішіпейіл бол» деген
Ата
сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам менің әманда
«Әділетті бол» деген
Ата
сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен.
3-топ
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама ыдыс аяқты.
Саусағыңмен сормағын,
Салдыр-салақ болмағын.
Сыйлап үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
3-белес «Сауал-бізден , жауап-
сізден»
Бұл белесте тақырыпқа байланысты жаттығулар
орындалады.
1-топ Буын дегеніміз
не?
2-топ Сөздерді буынға
бөледі. Балапан, елтаңба, қарлығаш, терезе, тақта,
кітап,тоқылдақ .
3- топ Буынға бөлінбейтін
сөздер.
Ат, от, қант, ту, бау, жау, тау, құс.
Дәптермен жұмыс
60- жаттығу орындалады.
а-ра қа-ла а-ю
о-қы ба-ла о-ю
е-кі ше-ге ұ-я
жи-на и-ю
3 бағанды 3 топ
орындайды.
4-белес «Тынығайық, күш
алып!»
Бұл белесте сергіту жаттығуы
өтіледі.
«Сәлем берем
үлкенге»
Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен:
«Ассалаумағалейкум!» -
деп.
Алдан әже жолықса,
Бөгелемін әдейілеп.
Сәлемдесем сол тұста:
«Есенсіз бе әжей!»-деп.
Кім кезіксе көшеде,
Таныс емес демеймін.
«Аға, тәте, көкеге,
Сәлеметсіз бе?»-деймін.
5-белес «Қанатты сөз -
қазына»
Бұл белесте мақал- мәтелдер
айтады.
Оқулықтағы мақал-мәтелдерді оқып,
талдау.
1-топ
-
Кешірім сұрау-әдептілік.
-
Түсінісу -жақсы қасиет.
-
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы
бала.
2-топ
Кіші сені сыйласа, кісі сені
сыйлайды.
Тұрпайы мінез, тағы жат- надандықтың
белгісі.
3-топ
Қыдырып құр, қаңғырма!
Жауап бергін ойланып.
6-белес «Ойын ой
ұштар»
«Ойлан, тап!»
ойыны
Анар( кітапхана )барды. (Кітапхана) адам көп. Ол
(кітапхана) кітап алды.
«Адасқан сөздер»
ойыны
Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп, жүр. (Бірнеше
бала сырғанақ теуіп жүр.)
Ақан, сырғанады, шанамен. (Ақан шанамен
сырғанады.)
Аққала, соқты, балалар, қардан. (Балалар қардан
аққала соқты.)
7-белес «Білгенге
маржан»
Өтілген сабақты тиянақтау. Сөздерді ауызша буынға
бөлу.
1-топ
Құрбақа, сауысқан, құр,
жылан.
2-топ
Торғай, шіл, тасбақа,
бор.
3-топ
Кекілік, құмырсқа, піл,
бұлт.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Өлеңдегі негізгі ойды айтып өту. Әдепті, сыпайы
болуды үйрендік.
8-белес «Шыққан
шыңымыз»
Бұл белесте оқушылардың сабаққа қатысқандарын
марапаттау, яғни 3 топтың білімдерін бекіту. Жарысқа 3 топта
белсенді қатысты. Барлығы білімдерін көрсете білді, сондықтан
достық жеңді.
Оқушыларды бағалау, бағаға талдау
жүргізу.
Үйге тапсырма:
68-69 бет мәнерлеп оқу,
61-жаттығу.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 34
орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Не деу керек?»
пән:
Ана
тілі
1 «А»
сынып
Бастауыш сынып
мұғалімі: Бейсенова
С.А.
2015-2016 оқу
жылы