400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Не жақсы? Не жаман?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Не жақсы?Не жаман?
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Не жақсы? Не жаман?


Мақсаты: 1) Балаларға не нәрсенің жақcы, не нәрсенің жаман екенін түсіндіріп, бала бойына оңды сезімді ояту.

2) Тіл байлығын таным белсенділігін арттыру.

3) Әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, интербелсенді тақта.


Тәрбие сағатының өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты тәрбие сағатына ұйымдастыру.

1. Жақсы дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?

2. Жаман дегеніміз не?

3. Жақсы оқушы дегеніміз кім?

4. Жаман оқушы дегеніміз кім?


Балалар біз бүгін не жақсы? не жаман? атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Тәрбие сағаты 5 бөлімнен тұрады.


1. Не жаман? бөлімі

2. Не жақсы? бөлімі

3. Хат келді бөлімі.

4. Концерттік бағдарлама

5. Қортынды бөлім


І. бөлім «Не жаман?» бөлімі


1. Оқушы

Біріншіден не жаман?

Беті-қолың кір-кір боп.

Берекесіз ыржақтап

Бейбастақ өссең сол жаман!

2. Оқушы

Екіншіден не жаман?

Екіленіп ерігіп

Ессізденіп желігіп

Ерке боп өскен сол жаман!

3. Оқушы

Үшіншіден не жаман?

Ұшып қонып жүретін

Шегірткедей жеңілтек

Ұшқалақ болсаң сол жаман!

4. Оқушы

Төртіншіден не жаман?

Төменде тұрып өздерің

Төбеде тұрған алмаға

Талассаңдар сол жаман!


5 . Оқушы

Бесіншіден не жаман?

Бар кітабың шашылып

Берілген сабақ оқылмай

«Бір», «Екі» алсаң сол жаман!

6. Оқушы

Алтыншыдан не жаман?

Ата-ананың ақылын

Ала білмей кезінде

Ақымақ болсаң сол жаман!

7. Оқушы

Жетіншіден не жаман?

Жиренішті әдеттен

Жирене білмей кезінде

Жетесіз болсаң сол жаман!

8. Оқушы

Сегізіншіден не жаман?

Соқтықпай күнде ойнайтын

Серік таппай қиналып

Сергелдең болсаң сол жаман!

9. Оқушы

Тоғызыншыдан не жаман?

Топ ішінде мақтанып

Төбелесіп жұртпенен

Таяқ жесең сол жаман!

10. Оқушы

Оныншыдан не жаман?

Ойын қуып жасыңда

Оқусыз өтсең балақай

Бәріненде сол жаман!


Ән: «Біз осылай өсеміз!»


Көрініс: «Бүлдірген, бүлдірді»


ІІ. бөлім «Не жақсы?» бөлімі


11. Оқушы

Біріншіден не жақсы?

Биязы мінез, тіл алғыш

Бал-бұл жанып жүретін

Бауырмалдық сол жақсы!

12. Оқушы

Екіншіден не жақсы?

Ерте жатып мезгілмен

Ерте тұрып төсектен

Ерінбей жисаң сол жақсы!

13. Оқушы

Үшіншіден не жақсы?

Үйдің ішін тазалап

Үстіңе де қарайлап

Үлгере алсаң сол жақсы!

14. Оқушы

Төртіншіден не жақсы?

Тал шыбықтай таң ертең

Тартылып кеп ойнасаң

Тамаша әдет сол жақсы!

15 . Оқушы

Бесіншіден не жақсы?

Былдырламай көбірек

Байыпты да байқағыш

Бала болсаң сол жақсы!

16. Оқушы

Алтыншыдан не жақсы?

Ашу деген бәледен

Алшақ жүріп жанаспай

Ақылды болсаң сол жақсы!

17. Оқушы

Жетіншіден не жақсы?

Жауқазындай жайраңдап

Жұрт ісіңе қайран қап

Жатса шіркін сол жақсы!

18. Оқушы

Сегізіншіден не жақсы?

Саспай жатса өнердің

Сүйсең бірін беріліп

Сән істерден сол жақсы!

19. Оқушы

Тоғызыншыдан не жақсы?

Тәтті досқа сөз беріп

Танып жүрмей артынан

Табанды болсаң сол жақсы!

20. Оқушы

Оныншыдан не жақсы?

Ойлап істеп ісіңді

Озып шықсаң ортадан

Бәрінен де сол жақсы!


Ойын: «Не жақсы?, Не жаман?»


Ойынның шарты:

Оқушылар ненің жақсы? ненің жаман? екенін айтады

  1. Тіл алмасаң? Оқушылар: жаман

  2. Өтірік айтсаң? Оқушылар: жаман

  3. Құсты атсаң? Оқушылар: жаман

  4. Сабақтан кешіксең? Оқушылар: жаман

  5. Жақсы оқысаң? Оқушылар: жақсы

  6. Өтірік айтпасаң? Оқушылар: жақсы

  7. Сабақтан кешікпесең? Оқушылар: жақсы


Кестені толтыру.



Менің жақсы әдетім


Менің жаман әдетім




5-6 оқушы өздерінің жақсы, жаман әдеттерін ортаға салып, кестені толтырады. Кемшіліктерін қалай жою керектігіне ақыл-кеңес беріледі.


ІІІ бөлім «Хат келді»

Құрметті оқушылар менің Болат деген досым бар. Ол сабақтан себепсіз қалады. Үлкеннің тілін алмайды. Құстарды рагаткамен атады. Осы бала қандай бала? Онымен дос болуға бола ма?

Осындай 3 – 4 хатқа балалар жауап береді.


ІV бөлім. «Концерттік бағдарлама»


V бөлім. Қортынды.

Үнтаспадан Бөлтірік шешеннің сөзін тыңдату.

Қазақтың Нақыл-ғибрат сөздерінде жақсы мен жаман жөнінде сындарлы ой-пікірлер мол. Осыларды ана сүтімен қабылдап, қаршадайынан естіп өскен Бөлтірік шешен жаман мен жақсыны жіктей келе былай дейді:


Жақсы деген кісінің

Алды-арты бірдей жарық болар

Жақсы деген ісіңнің

Басы-аяғы бірдей анық болар

Жаман деген кісінің

Алды-арты бірдей жау болар

Жаман деген ісіңнің

Басы-аяғы бірдей дау болар.


Жаман істі қостама,

Жаман кісіні бастама.

Жақсы істі тастама,

Жақсы кісіні жақсама.

Жаман істі қостасаң,

Қарың талады.

Жаман кісіні бастасаң,

Жағың талады.

Жақсы істі тастасаң,

Өнерің азады.

Жақсы кісіні жасқасаң,

Өнегең азады.

Қарың мен жағың талмасын,

Өнерің мен өнегең азбасын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
2224
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі