400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Негізгі және туынды етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Негізгі және туынды етістік сыныбы 3 сынып. Сабақ жоспары жақсы дайындалған әдіс тәсілдер қолданылған
Материалдың қысқаша нұсқасы







Негізгі және туынды етістік

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім:Атақты тұлғалар

Сынып: 3

Сабақ тақырыбы

Негізгі және туынды етістік


Мектеп: «№2 Теректі орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Лакова Нұрбақыт Таңырбергенқызы

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны:



Негізгі және туынды етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.4.2.4 Туынды және негізгі етістіктердің айырмашылығын анықтау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Сұрақтар құрастыра алады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

• Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды.

• негізгі және туынды етістікті анықтайды

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпараттар;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер,оқулық т.б

Бастапқы білім

Етістік және оның түрлері

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2мин





3мин










2мин





4мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.

Оқушыларды қалаған парақшаларды алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.Парақшада бүгінгі сабаққа дейін өтілген мәтіндерден үзінділер жазылған. Сөздерді оқи отырып, өзіне тән атақты тұлғаның тұсына барып тұрады.

1-топ , 2-топ, 3-топ

Сабақ ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Үй тапсырмасын тексеру: 19-жаттығу.


Өткенге шолу. «Пісте» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.



ҚБ: От шашу топтар бірін-бірі бағалайды.

Морфологиялық ширату тапсырмасы арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын және оқу мақсатын анықтайды

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.











Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары


От шашу белгісі

Сабақтың ортасы


15мин







3 мин






3мин

«Болжау» әдісі Алдымен тақтаға сурет ілінеді. Суретке қарай отырып, мәтін тақырыбын болжам жасайды.

3.2.3.1 Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

20-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды. «Микрофон» әдісі

Дескриптор:

1. Мәтінді түсініп оқиды

2. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, жауап береді

3. Мәтіннен етістіктерді табады

ҚБ: « бағдаршам»

Сен білесің бе? айдары. Бейнеролик арқылы Қ.Мұңайтпасов жайлы жаңа мәлімет алады.


21-жаттығу. Берілген зат есімдерден туынды етістіктер жасап жазады. Өзі қалаған 2-3 туынды етістікпен сөйлем құрап жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Дескриптор:

1. Берілген зат есімдерден туынды етістік жасап жазады

2. Туынды етістікпен сөйлем құрап жазады

3. Құраған сөйлемдерді оқиды

22-жаттығу. Ребусты шеш (ақта).

Дескриптор:

1. Ребустың дұрыс шешуін табады

2. Шешуіндегі сөздің қандай етістік екенін түсіндіріп, дәлелдейді.

ҚБ: «бас бармақ»


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.







Белсенді оқу тапсырмалары.




Сабақтың соңы


3мин











2мин






3мин

Семантикалық картаны толтыр. Берілген сөздердің қайсысы негізгі және туынды етістік екенін анықтап жазу, айырмашылығын айту.


Негізгі етістік

Туынды етістік

Жүр



Жырла



Күт



Ақта



Оқы



Ойла



Биле




Қорытындылау: «Дұрыс,бұрыс» тәсілі арқылы тексеру

1. Етістік негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

2. Негізгі етістік жұрнақ қосылу арқылы жасалады

3. Етістік не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.

4. Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік деп атайды.


Рефлексия : Ақылды телефон

Үйге тапсырма : 23 жаттығу


















Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс арқылы білдіре алады.




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
423
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі