400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Негізгі және туынды етістік 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдың жас мамандарға көмегі тиеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қарынбаева Ж

Мектеп:

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні:

Аштекова. Қ

Пәні:

Қазақ тілі

Сынып:

3 «А»

Күні:

21.02.2020ж

Сабақтың тақырыбы

Негізгі және туынды етістік 20-23 жаттығу 88-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім, сын есім, етістікті анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: негізгі, туынды етістікті анықтайды. Ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі: Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың кейбірі: Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийі

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;

Негізгі, туынды етістікті анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Етістік туралы не білдім?

Сөйлесуімізде етістік қандай рөл атқарады?


Құндылықтарға баулу

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Суреттегі заттарға жұрнақ жалғап, туынды етістік жасап жаз.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

-Оқу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. - Жеке бас гигиенасын сақтауда үшкір заттардан (қайшы) сақтану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

6-бөлім материалдары оқушылардың алдыңғы бөлімдерде игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы


Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

«Пазль» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау

Сұрақтар құрастыру, жауап беру.

Сұрақтар:

  1. Сөз таптары нешеге бөлінеді?

  2. . Етістік дегеніміз не?

  3. . Негізгі етістік дегеніміз не?

  4. Туынды етістік дегеніміз не?

  5. Бір ғана сөзден болатын етістікті не деп айтамыз?

  6. Екі не одан да көп сөзден болатын етістіктерді қалай айтамыз?


Сабақтың

ортасы


Ширату тапсырмасы.

20-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Мәтінді 1 жақта жазу.

Мәтіннен етістіктерді тауып, негізгі немесе туынды екенін ажырату. Мәтіннен етістіктерді тауып оқиды. Олардың негізгі немесе туынды екенін ажыратып түсіндіреді, дәлелдейді.

«Биопоэма» Әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:

1. Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)

2. Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).

3. Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби)

4. Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз)

5. Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз)

6. Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?)

7. Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)

8. Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?)

9. Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)

10. Тегім

Бұл тапсырманы орындап болған соң, олар жазғандарын оқып береді. Етістікті табады. Туынды, негізігі екенін ажыратады.

Топпен жұмыс

Суреттегі заттарға жұрнақ жалғап, туынды етістік жасап жаз.

22-жаттығу. Ребусты шешеді (ақта). Шешуіндегі сөздің қандай етістік екенін түсіндіріп, дәлелдейді. Орындалған жұмысты топта жариялап оқиды.

23-жаттығу. 3.4.2.4 ( Ө; Ұ; Қ) Үлгіні басшылыққа алып, сөздердің туынды етістік екенін дәлелдеу. Оқулықта берілген үлгіні басшылыққа алып, сөздердің туынды етістік екенін дәлелдейді. Сөйлем құрап жазу. Қатені табу және түзету. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетуде «меніңше», «мүмкін болса», «дұрыс болар еді» сөздерін қолданып пікір білдірулеріне басшылық жасалады. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Жұппен жұмыс Жағдаяттың шешімін жаз.

Айгүл мен Айман дос. Бір күні қоңырау кезінде Айгүл байқамай Айманның аяғын басып кетті. Айман оған ашуланып бірден Айгүлдің де аяғын басты. Екі дос бір-біріне ренжіп, сол күні сөйлеспеді...

•Сенің әрекетің?

_____________________________________________________________ _____________________________________________________________

Жағдаят бойынша сұраққа жауап жаз.

Арман мен Асан көрші. Бір күні Асан Арманның велосипедін тебуге сұрады. Арман: – Бір сағат теуіп, алып кел, мен апамның үйіне сүт апарып беруім керек, – деді. Асан: – Мен уақытында әкелемін, уәдемде тұра аламын, – деді. Сөйтіп Асан велосипедін теуіп кетті. Бір сағат өтті Асан көрінбеді. Бір сағат отыз минут болды, Асан жоқ. Арман не болды екен деп, Асанның үйіне барса, оның анасы Асанның көрші ауылдағы досының үйіне кеткенін айтты. Арман көңілсіз үйіне келді. Ары жүрді, бері жүрді Асанның сөзінде тұрмағанын, айтқанын орындамағанын түсінбеді.

•Сен қалай ойлайсың? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

Жағдаяттардың шешімін жаз.

Берік өзінің досы Арманның «Менің атым – Қожа» кітабын сұрап алған еді. Берік үйіне келген соң, кітапты үстел үстіне қойып кете барды. Кенет басқа бөлмеден үш жасар кішкентай қарындасы Нұрия жүгіріп келеді. Кітапты қызыға қарап, байқаусызда бетін жыртып алды.

– Сенің әрекетің қандай? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________


Дескриптор

Мәтін бойынша ақпаратты таба алады

Мәтіннен негізгі ойды анықтай алады

Мәтіннен әрекетті анықтай алады

Мәтін бойынша сұрақ қоя біледі

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау



Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: 21- жаттығу Берілген зат есімдерден туынды етістік жасап жазады.

«Миыңның суретін сал» Оқушылар мидың суретін дəптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
3818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі