400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Негізгі және туынды етістік 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне ,жас мамандарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3 «ә»

Мектеп: А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсекова З.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Негізгі және туынды етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтау;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды, сөйлем ішінен негізгі және туынды етістікті табу жолдарын үйренеді.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды, Сөйлемнен зат есім ,етістік, сын есімдерді табады

Етістіктің негізгі және туынды түрлерін анықтайды;


Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, ынтымақтастықты дарыту

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу. жаратылыстану,

Ресурстар

жұмыс дәптері,оқулық,суреттер, стикер, постер, кері байланыс

Бастапқы білім

6-бөлім материалдары оқушылардың алдыңғы бөлімдерде игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Мен қолымда не ұстап тұрмын?
Майшам не береді?
Жылу, жарық береді.
Ендеше бір-бірімізге жүрек жылуын беріп,керемет тілектер айтайық.

1-топ: Бәріміз енді тұрайық
Шеңберді құрайық
Жақсы,жақсы сөздерді
Қонақтарға сыйлайық

2-топ; Бүгінгі күніміз сәтті өтсін
Бәріңе сәттілік тілеймін!

3-топ: Күндей жадырап
Айдай арайлап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық

Балалар бүгінгі сабағымыз жақсы өту үшін біз

қандай ережелерді ұстануымыз керек?


Оқулық ,кесте

майшам




Оқушы ережесін еске түсіреді;

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
« Балмұздақ таяқшасы » әдісімен сұрау


ҚБ: Ынталандыратын сөздер арқылы бағалау.
Мен сендерге сұрақтар берем,сендер етістіктің сұрақтарын таңдап аласыңдар

Түймедақтың әр күлтешесіндегі тапсырмаларды орындау.






Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырма-

лары


Түймедағы

Сабақтың

Ортасы

Білу

5 минут








Түсіну

5-минут























Қолдану

5 минут










2 минут









Талдау

5 минут




















Жинақтау

8 минут


Ширату тапсырмасы.

Екі бағандағы сөздерді салыстыр.
Күт Биле
шық тазала
оқы сабында
тұр рақаттан
көр ақылдас
кел көркемде

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
Сабақты бастамас бұрын сабағымызға мақсат қояйық.

16-жаттығу
Мәтінді оқу. Негізгі ойды анықтау.

  • Мәтін кім туралы?

  • Оның тұңғыш оқу құралы қалай аталады?

  • Ол қандай оқулық? Ойыңмен бөліс.

  • Мәтіннен етістіктерді тап. Олардың негізгі немесе туынды

  • етістік екенін айт.

Сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөлісу.

Оқушылардың жұптық жұмысы ұйымдастырылады.

А. Байтұрсынұлы қандай оқу құралдарын жазды?

Олар қандай оқулықтар? сұрақтарын жұбымен талқылап, өз ойларымен бөліседі. Жасаған ой қорытындыларын топта жариялайды. Қажет болған жағдайда мұғалім толықтырып, түзетулер енгізеді.

Мәтіннен етістіктерді табады. Оларды негізгі, туынды етістікке ажыратады.

Дескриптор

  • Көп нүктенің орнына атақты тұлғалардың бірінің атын қойып, мәтінді түсініп оқиды.

  • Мәтін кім туралы болғанын дәлелдеп, негізгі ойды анықтайды.

Қ.Б. Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Олай болса, балалар, бүгінгі күнді дәптерімізге жазамыз.Көркем сөз жаздыру
К к
Күш - білімде, білім – кітапта.

17-жаттығу. (жұппен)

1-топ:Тор, арқан, ем, ара, сабын, үтік, тіс.

2-топ:Ақ, ұсақ, көркем, жақсы, оң, жаңа, ірі.

3-топ:Ақыл, дос, пікір, әдет, рақат.

Берілген зат есімдер мен сын есімдерге ұсынылған жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды етістік жасап оқиды.

Туынды етістіктердің ішінен өзі қалаған үш-төрт сөзбен сөйлем құрап жазады

Дескриптор

  • Берілген зат есімдер мен сын есімдерге ұсынылған жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды етістік

Қ.Б. жұлдызша арқылы бағалау.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Алақанды соғайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып
Бір отырып,бір тұрып
Орнымызды табайық

Тапсырма:

Заттарға -ла,-ле,-да,-де,-та,-те жұрнақтарының тиістісін жалғап туынды етістік жаса..(тақтаға жаздыру)

Дескриптор

  • Заттарға -ла,-ле,-да,-де,-та,-те жұрнақтарының тиістісін жалғап туынды етістік жасайды

  • Басбармақ арқылы бағалау.

Топтық жұмыс.

1-топ:

«Етістік» сөзінен баспалдақ жасау. Туынды етістіктерді теріп жазу.

Топтық жұмыс.

1-топ:

2-топ:
Етістік сөзін топтастыру
3-топ:
Венн диаграммасы

Дескриптор

  • «Етістік» сөзінен баспалдақ жасау үшін осы әріптерден басталатын етістік сөз ойлап, торкөздерге жазады.

  • Шыққан етістіктердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін ажыратып, дәлелдейді.

  • Туынды етістіктерді теріп жазады.

  • Етістік сөзін топтастырады
    Венн диаграммасын құрады.

Қ.Б. «Бағдаршам» арқылы бағалау

Кесте








Ережемен жұмыс




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау,











тиімді кері байланыс орнату










Белсенді оқу тапсырма-лары


















Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау,




Суреттер.













«Етістік» сөзінен баспалдақ жасау



Бағдаршам

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау






Рефлексия:

Үй тапсырмасы: 50-бет 18-жаттығу

Сейдахмет ақын бала Ахметті ерте танып –ақ:
Бақ қонды оннан жаңа асқанында
Асарсың өнердің асқарында.
Жарқырап әлі бір күн тұрарсың сен,
Жұлдыз боп қазағымның аспанында,-
деген .
Дана ақын Ахмет Байтұрсыновтың болашақта қазақ аспанында жұлдыз боп жанатына сенген.Сендерде мектебіміздің үздік әрі жүйрік шәкірт болыңдар

Қолымыздағы жұлдызды жақсы түсінген оқушы жоғарыға іледі.әлі де, сұрақтары бар оқушылар майшамның жанына жұлдыздарын іледі.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?










































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі