жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Негізгі және туынды зат есім 3 сынып
Пән: Қазақ тілі |
Мектеп: Тобық Жармағамбетов ОМ |
Мұғалім: |
||||
Сынып: 3 «Г» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
5-БӨЛІМ: ӨНЕР .ӨНЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІН? |
|||||
Сабақтың тақырыбы: |
Негізгі және туынды зат есім. |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.2.4. негізгі туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу. |
|||||
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар жасай алады: Негізгі және туынды зат есімді анықтай алады. Жаңа білімді меңгереді. Сауатты, көркем жазады. Оқушылардың көбі жасай алады: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады. |
|||||
Бағалау критерийлері |
Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап береді; Негізгі және туынды зат есімді анықтай алады. Сауатты, көркем жазады |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу. |
|||||
Пәнаралық байланыс: |
Әдебиеттік оқу, қазақ тілі |
|||||
Бастапқы білім: |
Зат есім |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
жоспарлан ған кезеңі |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 1 минут
Сабақтың ортасы 36 минут
|
(Ұ) Жаңа сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. (Ө; Қ) Миға шабуыл Жаңа сабаққа кіріспе. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақтардан игерген білімдерін пысықтайды: – Зат есім дегеніміз не? – Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады? – Дара зат есем дегеніміз не? – Күрделі зат есім дегеніміз не? – Жалпы есім дегеніміз не? – Жалқы есім дегеніміз не? Жаңа сабаққа кіріспе. «Бал арасы» гүл күлтешелеріне араны орналастыру.
Түбір сөздерге қосымша жалғау арқылы олардың әрқайсысына сұрақ қойып, айырмашылығын байқату. өнер – өнерпаз шебер – шеберлік сурет – суретші сый – сыйлық Оқушыларға қорытынды жасата отырып, оқулықтағы ережемен таныстыру
Мәтінді тыңдау. 21-жаттығу. Оқушыларға «Ананың асыл арманы» мәтіні тыңдату. Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастыру. (Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру. Сұрақтарға жауап беру. Мәтін кейіпкерлерін сипаттау. Оқушылар мәтіндегі кейіпкерлерді анықтап, олардың іс-әрекеттеріне талдау жасап, мінездеме беру. Мәтін мазмұны бойынша өз пікірлерін білдіру. Қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдау. Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдайды. Оқулықта берілген жаңа ақпарат оқытылып, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Негізгі және туынды зат есімдер туралы түсінік беріліп, игерген білімдерін мысалдар келтірту арқылы бекітеді. Дескриптор: -Мәтінді тыңдайды,түсінеді. -Сөздікпен жұмыс жасайды,сұрақтар құрастырады. -Сұрақтарға жауап береді. Кейіпкерлерді анықтап,сипаттай алады. |
Сабақты ұйымдастыру миға шабуыл
жедел сұрақтар
айтылым
оқылым |
||||
1 минут |
Сергіту сәт (көңілді әуен) |
|
||||
|
Мақалды қатесін түзеп көшіріп жазу. 22-жаттығу. Мақалды оқып, қатесін тауып, қайта құрастырып жазады. Мақалдың мағынасын түсіндіреді. Өлеңді оқу. Өз ойын жүйелі жеткізіп, сөйлеу барысында тілдік нормаларды дұрыс қолдану. Дескриптор: -Мақалды түсініп,қатесіз оқи алады.. -Өз ойларынмен бөлісе алады. Топтық жұмыс. І Жалқы зат есім (ереже және мысал) ІІ Жалпы зат есім (ереже және мысал) ІІІ Негізгі зат есім (ереже және мысал) ІV Туынды зат есім (ереже және мысал) |
жазылым дәптер айтылым оқылым оқулық топтық жұмыс
|
||||
Сабақтың соңы 1 минут |
Кері байланыс жасау. «Білім қоржыны»
|
Кері байланыс |
||||
1 минут |
Үйге тапсырма: 23 – жаттығу
|
Күнделік |
||||
Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру
|
Бағалау: Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап береді; Негізгі және туынды зат есімді анықтай алады. Сауатты, көркем жазады
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген