жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Негізгі және туынды зат есім" қазақ тілі 3 сынып
«Тараз қаласы әкімдігінің білімі бөлімінің
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп - гимназиясы» КММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
3 «И» сынып
Мұғалімі : Мырзапейсова Г.Б.
Пән: Қазақ тілі Орта мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: «Өнер»
Сынып: 3 «И»сынып |
Тараз қаласы, Қаратай Тұрысов атындағы№53 мектеп-гимназия Мұғалімнің аты-жөні: Мырзапейсова Г.Б Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Негізгі және туынды зат есім |
||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары |
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау |
||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар жасай алады: •Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады. Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады. |
||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. •Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады. |
||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары Еңбек және шығармашылық ынтымақтастық, өмір бойы білім алу Зайырлы қоғам және жоғары руханият Денсаулық, достық және айнадағыларға қамқорлық көрсету |
||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі. |
||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, аудиожазба, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, постер, кері байланыс парағы т.б |
||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Зат есім, негізгі және туынды зат есім |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптас тыру |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. (Ұ)
Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз». - Қазір қай мезгіл? Қыс - Бір жылда неше мезгіл бар? 4 жыл мезгілі - Осы мезгілерге байланысты қандай ақын-жазушыларымыздың шығармаларын білесіңдер? (Оқушылар өз ойларын айтады) - Ендеше осы 4 жыл мезгілдеріне қарай топтарға бірейік. 1-топ «Қыс» 2-топ «Көктем» 3-топ «Жаз» 4-топ «Күз» - Әр топ өз тобының атын үш тілде атап айту керек, ай аттарын қайталайды. Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру «Желпуіш» әдісі арқылы оқушылар желпуіштегі сұрақтарға топта талқылай отырып жауап береді. -Зат есім дегеніміз не? - Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не? - Жалпы есім мен жалқы есім туралы не айтасыз? т.б. Дұрыс жауап берген топқа қар ұлпалары беріліп отырады Дескриптор:
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Әр топ бір – бірін бағалайды
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
Мәтінмен жұмыс
Өзіндік, жұптық жұмыс
Топтық жұмыс
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыс |
Оқу мақсатын таныстыру (слайд 1) Аудиожазба тыңдау Ермек Өтетілеуұлының «Өнерлі бала» шығармасы (Ұ.Ж) Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтардың дұрыс бұрыстығына жауап береді. ( оқушылар қолдарындағы түстерді қажетті нұсқада көтеріп отырады) -Өсер анасымен қонаққа келді. -Бекжан, Гүлжандармен қосылып кітап оқыды. -Гүлжан дауысын шығармай жылады. -«Зымыран» ойыншығы Өсерге ұнады -Өсер ойыншықты желім, ермексаздың көмегімен жөндеді. -Өсер өнерлі бала екенсің деп мақтады. (Т.Ж) Әр топқа тапсырма беріледі. Әр қатардағы сөздердің артығын тауып, ой қорыту жасау. 1-топ. Өсер, Гүлжан, Бекжан, «Зымыран», ана 2-топ. Ағайындар,үлкендер, қонақтар, нағашы, ойыншықтар 3-топ. Ойыншық, бөлме, бүлдіргіш, балақай, халық 4-топ. Мәтін кейіпкерлеріне өз көзқарасыңды білдір. Дескриптор:
ҚБ: Басбармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Ширату тапсырмасы. (Ө.Ж)«Семантикалық карта» оқушылар тапсырманы жеке орындайды және жұпта бірін -бірі тексереді
Дескриптор:
ҚБ: Бағдаршам арқылы бір-бірін бағалау.
(Т.Ж) Суретпен жұмыс. Мәтін құрастыру. -Аңшылық туралы не білеміз? -7 қазынаны білесіңдерме?(Оқушылар өз ойларын айтады) 36-жаттығу. Оқушылардың назары оқулықтағы Ағымсалы Дүзелхановтың «Аңшылық» атты суретіне аудартылады.
Сурет несімен қызықтырғанын, ол туралы қандай сезімде болғандары туралы өз ойларымен бөліседі. Сурет бойынша қысқа мәтін құрастырады. Құрастырған мәтіндерін топта жариялап айтады. Барлық топ өз мәтіндерін жазады. Дескриптор:
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Дәптермен жұмыс. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау (Ө.Ж) 37-жаттығу. Өтірік өлеңнің қатесін түзеп тақтаға жазады. Жазған жұмысын тексеру. Шалғы қайрап қайрақпен, Шұбат іштім қаймақпен. Шортан аулап шарбақпен, Шөп қоршадым қармақпен. Есентай Ерботин Оқушылардың жазу үлгісіне назар аударылады, қар ұлпалары арқылы бағаланады Сергіту сәті Шығармашылық үзіліс. (Ұ.Ж) Пирамидаға цифрларды дұрыс орналастыру. 39-жаттығу. Пирамидадағы цифрларды нақыл сөз шығатындай ретпен орналастыру арқылы нақыл сөзді тап. Шешуі: Өнер – жігіт көркі. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толық тыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Парақшалар
Белсенді оқу тапсырмалары. Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толық тыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
5484
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану (Ұ.Ж) «Фишбоун» әдісі Рефлексиялық тапсырманы орындау. Сабақта өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу. Негізгі және туынды зат есімдерді топта талқылайды, ұжымда қорғайды балық қаңқасына жабыстырады. Кері байланыс. Стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып қажетті нұсқаға жабыстырады
|
Маркерлер Стиркерлер |
|||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Топтық тапсырма түрлерін көбейту Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Жеке тапсырмалар дайындау |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? «Отшашу», «Бағдаршам», «Басбармақ» |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы дұрыс жүргізілді |
|||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Оқушылар оқу мақсаты мен сабақ мақсатына қол жеткізді. Сабақта саралау семантикалық карта, суретпен жұмыс, өзіндік тапсырма, шығармашылық тапсырма және фишбоун әдісі арқылы дұрыс жүргізілді. Сабақтың уақыт кезеңдері дұрыс сақталды. Оқу жоспарынан ауытқушылықтар, олқылықтар болған жоқ.
|
||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Үнтаспа мен бейнеролик 2:Фишбоун әдісі Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Деңгейлік тапсырма түрлерін көбейту Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Барлық оқушыларға бүгінгі материал түсінікті болды. Сынып оқушылары тақырыпты толық меңгерді жұмыс |
|||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген