400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Негізгі капитал.

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономика мамандықтарының ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Негізгі капитал

Сабақтың мақсаты.

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың алған білімдерін бекітуді жетілдіру мақсатында, әр оқушының білім деңгейлерін ескере отырып, тақырыпты қайталау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды араластыра бөлу арқылы олардың бір – біріне достық – жолдастық қатынасының нығаюы, өз ойын еркін жеткізе білу арқылы экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:

Оқушыларды өз бетімен ой қорытып, тұжырым жасай білуге және пәнге деген ынтасы мен қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, мультимидия.

Сабақтың түрі: Іскерлік ойын сабағы

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II. Негізгі бөлім

III. Үйге тапсырма.

VI.Бағалау.

Бүгін біз «НӨҚ» (Негізгі өндірістік қорлар) жүйрік пойызымен «Сынау» станциясынан «Жеңіс» станциясына дейін жол жүргелі тұрмыз. Осы екі станцияның арасында «Сергіту», «Ойлан тап», «Семантикалық карта», «Экономикалық лото» және «Сауалнама» аялдамалары бар. Әр аялдама сайын жолсерік пен жолаушыларға әр түрлі тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды жақсы орындап алға келген топқа жолаушылардың әрқайсысына сыйлықтар беріледі.

Станцияға дейін уақытты жақсы көңілді өткізу үшін мен сіздерге бірнеше қызықты тапсырмалар ұйымдастырамын.

Вагон 4 купеден тұрады. Әр купеде 6-7 жолаушылардан отырғызылған. Вагонға отырғызу толығымен аяқталды, енді билеттеріңізді тексереміз. Ол үйге берілген тапсырмалар.

Үй тапсырмасын тексеру.

I – Сергіту аялдамасы (Барлық топқа жалпылама)

1. Станоктың толық бастапқы құны 10,2 мың тенге, қызмет еткен мерзімі - 8 жыл. Жаңартуы 2,3 мың теңгені құрды, демонтаждау шығыны – 0,2 мың тенге, станоктың қалдық құны – 0,5 мың тенге. Жылдық амортизация мөлшерін анықтау керек?

2. Н.Қ. тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Сомасы

ЖӨҚ

40200

Негізгі қорлар

50800

ЖӨШ

20100

Табыс?


Қор қайтарымы?


Қор сыйымдылығы?



II – Ойлан тап аялдамасы

Сіздердің вагондарыңызға тоқтатты делік. Алдарыңызға анық жазылмаған хабарлама келді. Хабарлама анық жазылмаған, бірақ уақыт тығыз. Хабарламаны үш минуттың ішінде оқи алмасаңыз пойыз жүріп кетеді.


н

е

г

г

і

з

і

қ

ұ

л

т

а

р

б

а

й

қ

ы

қ

т

о

р

л

л

ң

т

ы

ы

к

і

з

ө









( Негізгі қорлар – ұлттық байлықтың негізгі көзі.)


III – «Семантикалық карта» аялдамасы.



Негізгі қорлар

Негізгі қорлардың түрлері

Негізгі қорлардың бөліктері

Негізгі қорлардың

тозуы

Өндірістік негізгі қорлар

Бейөндірістік негізгі қорлар

Енжарлы

Белсенді

Табиғи

моралдық

Ғимараттар


+

+


+


Ірі құрылыстар


+

+


+


Күш машиналары

+





+

Денсаулық сақтау обьектілері


+

+


+


Колледж


+

+


+


Шаруашылық және өндіріс инвентарлары

+





+


Енді жолаушылармен «Лото» ойыны ойналады. Мына торкөздің ішінде 1- ден 8 – ге дейін цифрлар көрсетілген.

1

2

3

4

5

6

7

8


4 вагондағы жолаушылар өздерінің қалаулары бойынша нөмірлерді таңдайды. Бұл нөмерлердің артында 2 сұрақтан 16 сұрақ орналасқан. Оқушылар сұраққа жауап береді.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар

1.Өндіріс дегеніміз не,өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның неше түрі бар?

2.Негізгі қорлардың мәні неде және оның түрлерін атаңыз? Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты бірнеше түрлері бар. Соларды атаңыз?

1.Өндірісті ұйымдастыру түрі дегеніміз не, өндірістің неше түрі болады, мысал келтіру.

2.Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына қандай факторлар әсер етеді?

1.Өндірістік құрылымның даму жолдары

2.Негізгі қорлар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады. Тозудың неше түрі болады? Амортизация дегеніміз не?

1.Кәсіпорын дегеніміз не? Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның неше ортасы бар?

2.Амортизациялық аударым дегеніміз не?

1.Кәсіпорын жұмысын жоспарлау яғни жоспарлау методологиясын дамытудың жолдары?

2.Амортизация мөлшері дегеніміз не?

1. Кәсіпорынның даму жоспары қандай бөлімдерден тұрады?

2.Қорқайтарымдылық және қорсыйымдылығы дегеніміз не?

1.Бизнес жоспар дегеніміз не,бизнес жоспар қандай мәселелерді шешеді?

2.Өндірістік қуат дегеніміз не?

1.Цех дегеніміз не,цехтың неше түрі бар?

2.Кәсіпорындарда негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары?


VI. Сонымен жолаушылар біздер « Жеңіс» станциясына жақындап келеміз.Соңғы аялдама « Сауалнама» аялдамасы.

1.Негізгі өндірістік қорлар пайдалануы:


А)бір айналымда

Б)бір өндірістік циклде

С)пайдаланбайды

Д)бірнеше өндірістік циклдарда

Е)жаңа өндірістік циклдарда


2.Негізгі қорды есепке алғанда оларды кәсіпорын балансына ендіргенде қандай бағалау қолданылады?

А)қалпына келтірген құн

Б)толық бастапқы құн

С)қалдық құн

Д)орта жылдық құны

Е)негізгі қорының тозуы


3.Негізгі қордың амортизациясы-бұл:

А)негізгі қордын тозуы

Б)негізгі қордын құнын,дайындалатын өнімнің өзіндік құнына көшіру үрдісі

С)негізгі қорды қалпына келтіру

Д)негізгі қорды қолданудағы шыққан шығын

Е)дұрыс жауабы жоқ


4.Негізгі өндіріс қорының бастапқы құнынан тозу құнын шегеруден кейінгі құнды не деп атайды?

А)қалпына келтірілген

Б)қалдық құн

С)бастапқы құн

Д)орта жылдық құн

Е)тозу құны


5.Негізгі өндіріс қорын бағалау кезінде оның құны қалай бейнеленіп көрсетіледі?

А)бастапқы құнымен

Б)қалдық құнымен

С)тозу құнымен

Д)орташа жылдық құнымен

Е)қалпына келтіру құнымен


6. Келтірілген мәліметтер бойынша кәсіпорынның жұмысы туралы қандай қортынды жасауға болады?


№


Көрсеткіш


Тоқсан

I

II

III

1

Жалпы өнім көлемі

20

22

22

2

Тауарлы өнім көлемі

18

20

22

3

Сату көлемі

20

18

20


а) кәсіпорын өзгеріссіз, тұрақты жұмыс жасайды

б) кәсіпорын жыл басына қарағанда жақсы жұмыс жасайды

с) кәсіпорын жыл басы мен салыстырғанда төмен жұмыс жасайды

д) кәсіпорын тиімді емес

е) пайдалы кәсіпорын


7.Негізгі құралдармен уақыт бойынша пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер:


А)негізгі қорлардың интенсивті пайдалану көрсеткіштері

Б)негізгі қорлардың экстенсивті пайдалану көрсеткіштері

С)негізгі қорлардың интегралды пайдалану көрсеткіштері

Д)қор қайтарымдылығы

Е)қор сыйымдылығы


8.Бір жұмысшының белгілі бір уақытта (сағат, күн, ай, жыл) істеген мерзімінде өндірілген өнім көлемі немесе өнім өндіру бірлігіне жұмсалған еңбек шығыны-бұл:


А)өнімнің өзіндік құны

Б)пайда

С)еңбек өнімділігі

Д)рентабельдік

Е)еңбекақы көлемі


9.«Кәсіпорын» мынаны білдіреді:


A)пайда алу және оны көбейту мақсатында товарлар мен қызметтерді өндірумен, өткізумен айналысатын нарықтық экономикадағы тұлғалар немесе экономикалық агенттер;

Б)кез келген әрекетпен айналысатын және пайданы көбейтуге ұмтылатын мүліктік жекеленген шаруашылық бірлік;

С)тұрғындардың қажеттерін қанағаттандыру мақсатында өндірістік және өндірістік емес саладағы шаруашылық бірлік;

Д)дұрыс жауабы жоқ

Е)барлық жауап дұрыс.

10.Амортизациялық көшірім:


A)белгіленген негізгі қорлардың жылдық пайыздық өтелу және жыл сайынғы амортизациялық көшірім сомасы;

Б)кез келген әрекетпен айналысатын және пайданы көбейтуге ұмтылатын мүліктік жекеленген шаруашылық бірлік;

С) шикізат,материал,отын,жанар – жағар май т.б.;

Д) тұрғындардың қажеттерін қанағаттандыру мақсатында өндірістік және өндірістік емес саладағы шаруашылық бірлік;

Е)барлық жауап дұрыс.


Сауалнама жүргізгеннен кейін сабақты қорытындылаймын, сабаққа белсенділікпен қатысқан оқушыларды бағалаймын, жеңген топқа сыйлықтар ұсынылады.



Үйге тапсырма: Есеп шығару.


Кәсіпорында негізгі өндіріс қорларының топтары бойынша жыл мезгілінде және жыл басында,жыл аяғында дейінгі өзгеруі(мың тенге):


№

Негізгі қордың топтары

Жыл басында

Жыл бойы өзгеруі:өсуі+, кемуі -

1.

Өндірістік үйлер

341510

-

2.

Ғимараттар

64610

-

3.

Беріліс қондырғылары

36920

+440

4.

Жұмыс машиналары және жабдықтар

378430

+23500

5.

Күш машиналары мен жабдықтар

18460

-530

6.

Өлшеуіш приборлар мен зертханалық жабдықтар

23998

-810

7.

Есептеуіш техника

21229

+750

8.

Көлік құралдары

22152

-910

9.

Басқадай негізгі құралдар

15691

-230


Барлығы

923000




Бір жылғы тауарлы өнімнің көлемі 1236820 мың теңгені құрайды. Негізгі өндіріс қорының жыл басындағы құрылымын және қорқайтарымдылығын анықтау керек.

Шешімі:

Негізгі өндіріс қорының құрылымы:

1.37%

2.7%

3.4%

4.41%

5.2%

6.2,6%

7.2,3%

8.2,4%

9.1,7%


Ққ=Нөн/ HҚож















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі