жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Неліктен әр жануардың қорегі әр түрлі болады?"
Бекітемін
Пән: Жаратылыстану |
Мектеп: М.Әуезов ат.№2 ОЖББМ |
||||
Күні:10.10.19 |
Мұғалімнің аты-жөні: М.Есенгазиева |
||||
Сынып: 4-сынып |
Қатысқандар саны:17 |
||||
Сабақ тақырыбы |
Неліктен әр жануардың қорегі әр түрлі болады? |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.2.2.3 Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырату |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы туралы біледі, жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттайды, оларды түрлі белгілері бойынша топтарға жіктей алады. Көптеген оқушылар: Түрлі жануарлар қалай қоректенетінін біледі, өз өлкесіндегі мекен ететін жануарларды біледі. Кейбір оқушылар: Жануарлардың тіршілік ортасындағы жағдайлардың, адамның іс-әрекетінің жануарлардың санының азаюына әсер ететінін біледі. |
||||
Бағалау критерийлері |
|
||||
Тілдік мақсаттар |
Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар сериясы Оқушылар -өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлардың айырмашылығын атайды; -өз өлкесіндегі өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды сипаттайды; -қоректің тізбектің құрылымын сипаттайды; -жануарларды қорғаудағы ұлттық саябақтар мен қорықтарды құрудың рөлі туралы әңгімелейді. Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар, қорек тізбегі, құрылым, қорық, Ұлттық саябақ, қорғау. Талқылау үшін сұрақтар: Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлардың айырмашылығы қандай? Қандай өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды білесің? Олар туралы не айта аласың? Жазуға арналған тапсырмалар: Өздерің тұратын жердегі жануарларды сипатта. Оларды түрлі белгісі бойынша топтарға жікте. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||
Бастапқы білім
|
Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы туралы біледі, жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттайды, оларды түрлі белгілері бойынша топтарға жіктей алады. Түрлі жануарлар қалай қоректенетінін біледі, өз өлкесіндегі мекен ететін жануарларды біледі. Жануарлардың тіршілік ортасындағы жағдайлардың, адамның іс-әрекетінің жануарлардың санының азаюына әсер ететінін біледі. |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Жеңілдетілген тапсырма |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы |
Сергіту жаттығуы «Мен ақылды баламын» тренингімен бастайын әр бала өздерінің аттарын атап шығады. Мыс: Мен ақылды Фаризамын т.б. Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта, ұжымда) Смс түрінде сұрақтар 1.Көбелек қалай пайда болады? 2.Жұлдызқұрт неден пайда болады? 3.Бунақденелілердің көбі жұмыртқасын қайда салады? 4.Сонымен көбелектің дамуы неше сатыдан тұрады? 5. Ал шегірткенің дамуы неше сатыдан тұрады? |
Мен ақылды баламын атты тренингпен бастаймын.
Алдыңғы білімді еске түсіру. Көбелектің пайда болу даму жолдарын көрсетіп, сандармен белгіле.
Жұптық жұмыс
Жануарлардың немен қоректенетінін кестедегі қорек тізімі бойынша анықтау
|
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала ры |
||
Сабақтың ортасы |
-Менің қолымдағы не? -Бұл жердің бірнеше есе кішірейтілген дәлме дәл үлгісі.
Тақтағы теректің тұрғындарын, орман тұрғындарын, дала тұрғындарын орналастыру. Теректің «тұрғындары» Суретке қара. Теректің «тұрғындарын» атап шық. Бұл ж а н уа р л а рд ы ң әрқайсысы немен қоректенеді? Әр жануардың қорегінің әртүрлі болуының себебі неде деп ойлайсың? Жануарлардың қорегі Жер бетіндегі жануарлардың бәрі бірдей қорекпен қоректенсе, не болатынын елестете аласың ба? Онда барлық жануарға қорек жетер ме еді? Бұл жағдайда тірі ағзалар қорек тапшылығынан жойылып кетер еді. Табиғатта әрқашан белгілі бір тепе-теңдік сақталады. Жануарлардың әрқайсысы әртүрлі қоректенеді. Мысалы, даланы мекендейтін тышқан өсімдік дәнін, ал суыр шөпті қорек етеді. Өз кезегінде жылан тышқанды, ал сұңқар суырды жейді. Яғни жануарлар белгілі бір қорек түріне бейімделеді. Қоректену арқылы олар өз тіршілігін сақтап қалады Дескрипторы: қоректенуіне қарай жануарлар қандай топтарға бөлінетінін біледі. |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырма лары.
Дәптермен жұмыс |
|||
|
|
|
|||
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Жануарлар қоректену түріне байланысты өсімдікқоректілер мен жыртқыштарға бөлінеді. Өсімдікқоректілерге жеміс-жидек, гүл шірнесі, жапырақ, бұтақ, сабақ, тамыр, гүл сияқты өсімдік мүшелерімен қоректенетін жануарлар жатады. Ал жануарларды қорек ететін, яғни етпен қоректенетіндерді жыртқыштар дейді. Жануарлардың қоректенуге бейімделуіне байланысты өз ерекшеліктері болады. Мысалы, жыртқыш аңдар қорегін жұлып, кеміріп жейтіндіктен, олардың өткір әрі үшкір тісі мен мықты тырнағы болады. Жылан қорегінің мөлшеріне қарай аузын үлкейтіп, тұтастай жұта алады. Тоқылдақ ағаш діңіндегі құрттармен қоректену үшін үшкір әрі берік тұмсығы мен ұзын жабысқақ тілін пайдаланады.
Сен білесің бе? Жыртқыштар мен өсімдікқоректілердің көру қабілеті бір-бірінен ерекшеленеді. Жыртқыштар қараңғыда жақсы көреді, өсімдікқоректілерде мұндай қабілет жоқ. Жыртқыштар түстерді ажырата алмайды, бірақ көзге көрінер-көрінбес қимылды байқап қояды. Ал өсімдікқоректілер түстерді жақсы ажыратады, соның арқасында жеуге жарамды қорегін тауып жейді.
Рефлексия «Бес саусақ» әдісі.
|
Түрлі түсті суреттері бар журналдар, желім
Диаграмма құру
Жұптық жұмыс
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс«Бес саусақ» әдісі тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
|||
|
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген