жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Неліктен Мұстафа Кемалды "Ататүрік " деп атады?
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері Мектеп:№17ЖББОМ.Теміртау қаласы Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Зинал.А Сынып:8 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Неліктен Мұстафа Кемалды «Ататүрік»деп атады? |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес) |
8.2.1.1.тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау; Көпшілігі: мемлекет пен діннің өзара қатынасын дәйекті мысалдармен дәлелдеу; Кейбірі: тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін талдай отырып, мемлекет пен діннің өзара қатынасына өзіндік пікір білдіру. |
||||
|
Бағалау критерийі |
-тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттайды; -мемлекет пен діннің өзара қатынасын дәйекті мысалдармен дәлелдейді; -тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін талдай алады; -мемлекет пен діннің өзара қатынасына өзіндік пікір білдіреді. |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминология Ұлт-азаттық қозғалыс-ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға,шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес. буржуазиялық-патриоттық қоғамдар-құқықтық қоғам ұйымдары. Кемалдық революция-1918-1923жж Мұстафа Кемал төңкерісі. партизандық қозғалыс-жау басып алған территорияда өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы халықтық күрес. Ұлы халық жиналысы-Түркияда сұлтандық билік жойылды. ұлттық –демократиялық революция-ұлттық мемлекет құруға ұмтылыс. Түрік республикасы-тәуелсіз президент басқаратын мемлекет. -Тақырып бойынша видеоны қарау арқылы ондағы негізгі мәліметтерді айтады (айтылым, тыңдалым дағдысы) -Ұлт көшбасшысы бойынша осы кезеңге қатысты негізгі фактілерді талдау арқылы шығарма жазады. (жазылым дағдысы) |
||||
|
Құндылықтарға баулу |
Мұстафа Кемалдың естеліктерін, келтіре отырып, «Мәңгілік Ел» идеясының Жалпы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы бойынша оқушылардың бойына татулықты және патриоттық сезімді қалыптастыру. |
||||
|
Пəнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы-Алашорда жетекшілері тақырыбы мен байланыстыру. |
||||
|
Алдыңғы білім |
1917-1924 жылдарда Ресей қаншалықты өзгергенін біледі. |
||||
|
САБАҚ БАРЫСЫ |
|||||
|
Уақыты |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Сабақтың жоспарланғанкезеңдері: сабақтың басы |
Ресурстар |
|||
|
|
|
|
|||
|
1минут 4минут 5 минут 5минут |
Ұйымдастыру кезені: Оқушылармен сәлемдесу. Топтастыру - Түрлі-түстер бойынша 4 топқа бөлемін. (24 оқушы)2. Үй тапсырмасын пысықтау. Сұрақтар қою-Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Олар жеңіл және күрделі сұрақтар. Жеңіл сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. 1.1917-1924жж Ресей басшысы кім? – Владимир Ильич Ленин 2.Әскери коммунизм саясаты қай жылдарда болды?-1918-1921жж 3. 1918-1920жж қандай соғыс болды ?- Азамат соғысы 4.Жаңа экономикалық саясат қай жылы қабылданды?-1921ж наурыз Күрделі сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. 1.Әскери коммунизм саясаты қандай төтенше шараларды енгізді және неліктен? 2.Азық-түлік салғыртына шаруалар қалай қарады? 3.Жаңа экономикалық саясаттың мәні неде?
4 Мұғалім әрбір оқушының тапсырманы дұрыс орындауына қарай «лайк» белгішесін қояды. -Ататүрік туралы бейнебаян көрсетіледі. Мұндағы мақсат – оқушылардың беріліп отырған кезеңдегі ұлт жанашырының болуы мен жалпы тарих парақтарындағы әрбір оқиғаның маңызын ұғынуына ықпалдасу, сабаққа қызығушылықты ояту. -Ой шақыру. Мұғалім: - Оқушылар, бұл тұлғаның түрік тарихындағы рөлі қандай? -Қандай қасиеттерге ие адам ұлт-зиялы көшбасшысына айналады? -Мұстафа Кемалды ұлт-зиялы көшбасшысы деп атауға болама ? -Қазақстан тарихынан өткен,ұлт-зиялы көшбасшыларынан кімдерді білесіңдер? (сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар негізгі сұраққа жауап беруге уәжденеді). Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялайды. 1-тапсырма«Атаулар туралы үш сұрақ » Ұлт-азаттық қозғалыс Кемалдық революция, Түрік республикасы. 1.Қайда?Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз? 2.Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласызба? 3.Қандай ?Осы сабақта бұл
а Бағалау. Мұғалім әрбір оқушының тапсырманы дұрыс орындауына қарай «лайк» белгішесін қояды. |
Оқулық материалы 40-48 Лайк қою You Tube- көзінен https://www.youtube.com/watch?v=QEMTFfFFN9w Оқулық материалы 60-61 Оқушы дәптері |
|||
|
5 минут 5минут 10 минут |
2.тапсырма. «Төрт сөйлем тәсілі», мақсаты: Мемлекет пен діннің өзара қатынасын оқушылар төрт сөйлем тәсілі арқылы талдап меңгереді. Пікір-негізгі идеяны бір сөйлем мен келтіру. Дәлел-келтірген пікірді дәлелдеу. Логикалық тұрғыда дәйектеу. Мысал.Тағы мысал келтіріп дәлелдеу. Қорытынды. Б Сабақтың ортасы 3-тапсырма. Венн диаграммасы арқылы, тарихи кезеңдерді яғни, бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркия мен екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның ұқсастығын, айырмашылығын салыстырады.
Дескриптор 1.Тарихи кезеңдерді айта алады. 2.Оқиғаларды ажыратады. 3.Қоғамға кері әсерін дәлелдейді. 4.Екі соғысты салыстырады. Б 4-тапсырма.Пікір-талас. Мұстафа Кемалды «Ататүрік» деп атағаны қаншалықты дұрыс немесе бұрыс. 1.Мұстафа Кемалды әлемдегі он ұлы көшбасшының бірі деп айтуға болама? 2.Түркия заңнамасымен бірге , қай елдердің заңдарымен негізделіп, Мұстафа Кемал Ататүрік болған? 3.Қай жылы,қандай шешім мен, түріктердің атасы деген фамилия беріледі?Бағалау. Лайкты оқушылар қояды. Яғни, өзара бағалау іске асырылады. Ең көп лайк жинаған оқушыға «Болашақ ұлт көшбасшысы» атты номинациямен мадақтама беріледі. |
Мәтінмен жұмыс, Қағаз, маркер, лайк белгішелері, музыкалық жетелеме https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/tarih/26439/ Оқулық материалы 58-63 https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/tarih/26439/ Оқулық Шың 272-273 бет |
|||
|
5 минут |
Сабақтың соңы Оқушылардың рефлексиясы: Кері байланыс бутерброды Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін. Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл: 1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру; 2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....
Үйге тапсырма: Мұстафа Кемал жайлы эссе жазу. Тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. |
Кері байланыс бутерброды |
|||
|
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
||||
|
Мұнда оқушыларға әрбір кезеңде,блум таксономиясының сұрақ қою арқылы, яғни қарапайымнан күрделіге, қарай жетелеймін.Ресми түрде топ басшысы анықталмаса да, жұмыс барысында қабілетті оқушылар өз идеяларын ұсынып, пікір-таластар туғызу арқылы, қабілетін шыңдай түседі.Саралаудың жіктеу тәсілін негізге ала отырып, қабілеті бар оқушыларға тереңірек тапсырма беремін. |
Лайк қою және бутерброд секілді бағалау мен кері байланыс түрлері, сондай-ақ, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары мен оқушылармен диалог құруы, мәселені жан-жақты талдау оқушылардың уәжін көтереді. Әрі сабақ бойында оқушыларды жетелеу арқылы ойын тереңдетуге қарай бағыт аламын. |
Оқушылардың сынып бөлмесінде қауіпсіздік техникасын сақтауына көңіл бөлемін, компьютерді, интерактивті тақтаны қажет емес жағдайда өшіру шарт. Кабинеттің ауасын ара-тұра желдетіп, жарықтың оқушы үстеліне дұрыс түсуін, дұрыс отыруын қадағалаймын. Тапсырмалардың әртүрлі формаларын қолдану арқылы сабақ үстінде оқушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік жасалды. Сабақ ортасында сергіту сәтін өткізу және парта орындықтардың дұрыс тұруын қадағалау. |
|||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен? |
|
||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:Тарихи кезеңдерді салыстыру 2:Пікір-таластар Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:Оқушының белсенділігін арттыру 2:Оқу кабинетінің қолайлығы Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? |
|||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген