400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Неліктен УІІІ –ХІІІ ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайды"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ислам мәдениетінің өрлеу кезеңіндегі күнделікті өзгерістер мен жетістіктерін, архитектура, философия, ғылым саласындағы «Алтын ғасыр» дәуірінің негізгі жетістіктерінің маңызын өздігінше тұжырымдау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары



Мұғалімнің аты-жөні: Дарханова Айнур

Ауданы, мектебі

Шардара қаласы «Жаушықұм» мектеп-лицейі

Сынып

6 а

Сабақтың тақырыбы

Неліктен УІІІ –ХІІІ ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайды

Зерттеу сұрағы:


Осы сабақтағы оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

6.2.2.1 -Тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндердің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау

6.2.2.4 -Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Ислам мәдениетінің өрлеу кезеңіндегі күнделікті өзгерістер мен жетістіктерін, архитектура, философия, ғылым саласындағы жетістіктерді сипаттау

Көпшілігі: Арабтардың жаулап алуы нәтижесінде қалыптасқан халықаралық жағдайдағы ең негізгі және маңызды жетістіктерді анықтау

Кейбірі: «Алтын ғасыр» дәуірінің негізгі жетістіктерінің маңызын өздігінше тұжырымдау

Ойлау дағдылары

Қолдану, Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийлері

Ислам дінінің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтайды

  • ғылым, философия, сәулет өнер жетістіктерін атайды;

  • ислам мәдениетінің гүлденуі кезінде күнделікті өмірде болған өзгерістерді атайды;

маңызды жаңалықтарды анықтайды



Тілдік мақсаттар

Оқушылар дәптерлеріне өз зерттеулерінен неліктен Кордовада Омейядтар билеген кезең ислам дәуірінде «алтын ғасыр» кезеңі деп аталғаны туралы мәліметтерді жазу тиіс.

Пәнге тән лексика мен терминология дұрыс қолдануын тексеріңіз: Бедуиндер Омейя , Аббасидтер әулеттерінің кезеңі, алтын ғасыр, құран, мешіт, пайғамбар, шариғат, халиф, халифат, халықаралық дін, ислам, джихад, обсерватория, минарет, арабески, медресе, каллигра- фия

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Омейя билік құрған кездегі әр түрлі өзгерістермен/ жетістіктермен сипатталады...

Ең маңыздысы, Омейя басқарған кезде әлуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми, философиялық, архитектуралық .... болған Ең маңызды өзеріс/жетістік ... болған.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- ҮІІІ-ХІІ ғғ. ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайтын бірден бір себебі ....

-Ислам дәуірі шын мәнінде, білім және мәдениет саласында ең жоғарғы шыңға жеткен еді, оған дәлел ....

Құндылықтарға

баулу

өзге халықтардың тарихын құрметтеу, жалпы адамзаттық және

ұлттық, құндылықтарды дарыту

Пәнаралық байланыс

Математика, өнер, экономика, география, әдебиет

Алдындағы

білімдер

Ислам туралы ешқандай пәндік білім оқытылған жоқ. Оқушыларда

ислам діні туралы жалпы түсінік бар.


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарлан-ған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут












2 минут











5 минут













































































2 минут










3 минут






Мұғалімнің ұйымдастыру кезеңі.

«Мықты тірек» тренингі

(Шарты: оқушылар дөңгеленіп тұрады. Құшақтасып, иық тіресіп тұрады. Оңға бір қадам, солға бір қадам қозғалады. Сол кезде мұғалім сұрақ қояды. Қозғалыс барысында не сезіндіңдер?

  • Сонда оқушылар қанша қозғалсақ та құламаймыз, себебі біз-бір-бірімізді демеп тұрмыз деді.

  • Мұғалім: жарайсыңдар, әрдайым ылғи осылай бір-біріңді демеп, қолдап жүріңдер деп өз ықыласын білдіреді).

Топтастыру: «Жұп» болып отырғызу.

1.Жұп: Әбу Насыр Әл Фараби

2.Жұп: Ибн Сина

3.Жұп: Әл-Кинди

4.Жұп: Ибн Рушид

5.Жұп: Ибн Халдун

6.Жұп: Ибн Мұхаммед

7.Жұп: Әл Бируни

8.Жұп: Әл-Масуди

9.Жұп: Қожа Ахмет Яссауи


«Тест жұмысы» (үй тапсырмасы бойынша)

“Kahoot” арқылы онлайн тест тапсырмасын орындау

  1. Исламға дейінгі дәуірде арабтар неге табынды?

А) пұтқа

Ә) христиан

Б)буддизм

2. Мұхаммед пайғамбар жаңа дін исламды қай жылы жариялады?

А) 660 ж

Ә) 610 ж

Б) 655 ж

3. Кедейлерге, жетім-жесірлерге қамқорлық жасауға, мейірімді, рақымды болуға шақырған дінді атаңыз?

А) буддизм

Ә)христиан

Б) ислам

4. 622 ж Мекке мұсылмандары қоныс аударған қала.

А) Медине

Ә) Гибрал

Б)

5. Медине қаласындағы алғашқы мұсылмандық қауымды қалай атады?

А) халиф

Ә) умма

Б) монах

6. Мекке мұсылман қаласына қай жылы айналды?

А) 635ж

Ә)630 ж

Б)645 ж

7. Мұхаммед пайғамбардың қайтыс болған жылы

А) 632 ж

Ә)642 ж

Б)635 ж

8. Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін, ислам мемлекетін кімдер басқарды?

А) халифтер

Ә) ізбасарлар

Б) бәрі дұрыс

9. Халифтер басқарған жалпы арабтық мемлекет қалай аталды?

А) Араб мемлекеті

Ә) Біріккен араб әмірлігі

Б) Араб халифаты

10. УІІ ғ аяғы –УІІІ ғ басында арабтар Солтүстік Африка жерлерін, Гибралтар бұғазы арқылы өтіп, қай елді жаулап алды? сч

А) Италияны

Ә) Францияны

Б) Испанияны

11. Мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі арабтарды қалай атады?

А) халифтер

Ә) бәдәуилер

Б) селифтер

12. Талас өзенінің бойында қай жылы арабтар мен түркілердің бірлескен қолы Қытай әскеріне қуатты соққы берді.

А) 751 ж

Ә) 755 ж

Б)756 ж

13. Араб әскерлерінің жеткен солтүстік –батыстағы шеткі нүктесін ата.

А) талас өзені бойы

Ә) франктер (Пуатье түбіндегі шайқас)

Б) Африка мен Иберияда

14. Араб халифатында 661-750 жылдары қандай әулет билік құрды.

А) Омейя улеті

Ә) Аббас әулеті

Б) Бәдәуилер әулеті

15. Аббасилер халифатын 1258 ж кімнің әскерлері басып алды?

А) монғол

Ә) қытай

Б) түрік


Дескриптор:

  1. УІІ –ХІІІ ғасырлар аралығындағы исламның даму тарихы туралы біледі.


Бастапқы ынталандырушы материал:

«Санадағы бейнефильм»

  • Сіздерде мына суреттерді көрген кезде ойыңызда қандай ой пайда болды?

  • Сіз қалай ойлайсыз: неліктен VIII-XII ғғ. Ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп аталады?

«Ой ашар» әдісі :https://bilimland.kz/kk#lesson=16971

  • «Кинометафора» әдісі арқылы бейнероликті талдаймыз



Дескрипторлар:

  • ғылым, философия, сәулет өнер жетістіктерін атайды;

  • ислам мәдениетінің гүлденуі кезінде күнделікті өмірде өзгерістерді атайды;

  • қандай жаңалықтардың маңызды екендігін анықтайды










Ноутбук, планшет немесе смартфон, ұялы телефон



Сабақтың

ортасы

5 минут
















15 минут

Жұптық жұмыс: «Шығыс ойшылдары».

Әр жұп өздеріне берілген ойшылдар туралы бейнеролик көріп, қосымша мәліметтермен танысады.

1.Жұп: Әбу Насыр Әл Фараби

2.Жұп: Ибн Сина

3.Жұп: Әл-Кинди

4.Жұп: Ибн Рушид

5.Жұп: Ибн Халдун

6.Жұп: Ибн Мұхаммед

7.Жұп: Әл Бируни

8.Жұп: Әл-Масуди

9.Жұп: Қожа Ахмет Яссауи


«Жұптық жұмыс»

бойынша әр жұп өздеріне берілген бейнероликті көріп, тыңдайды.

“Топтық тергеу”. Топқа қайта бөлінеді. (мұнда бастапқыда жұп болып отырған оқушылар 4 (төрт) топқа қайта бірігеді.)Олар:

1: топ: Карта: Ғылымның дамуы

2: топ: Компас: Әдебиет

3: топ: Глобус: Өнер

4: топ: Делтаплан: Исламның шығыс мәдениетіне ықпалы.

Дескрипторлар:

  • Араб ғалымдарының өнертабысын біледі (теріден жасалған дельтаплан, ұшақ, болашақтағы жолаушылар ракетасы)

  • Араб цифрлары, алгебра және жоғары математика туралы біледі.

  • Өткен, бүгінгі және болашақтағы медициналық құралдардың дамуы туралы біледі.


Ноутбук, құлаққап, қосымша мәліметтер




Сабақтың соңы



2 минут

















2 минут


(Т) «Аялдама»

1-аялдама: VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» кезеңінде үш маңызды датаны анықтаңыз;

2-аялдама: Осы үш оқиғаның мазмұнын ашатын талқы- лау жүргізіңіз. Әр топ таңдалған жылдар не себепті маң- ызды екенін дәлелдейді, кейін сыныпта таңдалған датаның салыстырмалы маңыздылығы төңірегінде әңгіме өрбітеді.

3-аялдама: VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» аталған аралықтағы орын алған үш негізгі өзгерісті анықтау

Үш дата

Үш оқиға

Үш өзгеріс











Дескриптор:

  1. VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» кезеңінде үш маңызды датаны анықтай алады.


  1. Осы үш оқиғаның мазмұнын ашатын талқылау жүргізіңіз. Әр топ таңдалған жылдар не себепті маң- ызды екенін дәлелдейді, кейін сыныпта таңдалған датаның салыстырмалы маңыздылығы төңірегінде әңгіме өрбітеді.

  2. VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» аталған аралықтағы орын алған үш негізгі өзгерісті анықтай алады.


Кері байланыс: Картаға жапсыру арқылы.

Бағалау: Глобус, карта арқылы




Үйге тапсырма

1 минут

Үй тапсырмасы: «Ортағасырлық мәдениетке тән айрықша белгілер» кестесін толтыру

Тарихи қосымша деректер,

Интернет материалдары













Сабақтың тақырыбы

Неліктен УІІІ –ХІІІ ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайды

Оқу мақсаттары

6.2.2.1 -Тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндердің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау

6.2.2.4 -Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау

Бағалау критерийлері

Ислам дінінің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтайды

Тапсырма

І. «Kahoot» онлайн тест тапсырмалары.

Дескриптор:

  1. УІІ –ХІІІ ғасырлар аралығындағы исламның даму тарихы туралы біледі.

Бейнероликті «Кинометафора» әдісі арқылы талдау

1. Исламның шығыс мәдениетінің дамуына тигізген ықпалы туралы әңгімелеңдер.

2. Шығыс ойшылдарының жетістіктері туралы түсіндіру.

4. Ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп не үшін аталғанын анықтау.


ІІ. «Топтық тергеу»

Әр топқа тақырыптар тарату:

  • Ғылымның дамуы

  • Әдебиет

  • Өнер

  • Исламның шығыс мәдениетіне ықпалы

Дескриптор:

  1. Ғылымның дамуына, әдебиет, өнер саласына тигізген ықпалын анықтайды.

  2. Бейнелеу және мүсіндеуде діни өнердің үлес салмағының өзгеру себептерін анықтайды.

  3. Исламның шығыс мәдениетіне ықпалын ұғынады.


ІІІ. «Аялдама» әдісі.


Үш дата

Үш оқиға

Үш өзгеріс











Дескриптор:


  1. VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» кезеңінде үш маңызды датаны анықтай алады.


  1. Осы үш оқиғаның мазмұнын ашатын талқылау жүргізіңіз. Әр топ таңдалған жылдар не себепті маң- ызды екенін дәлелдейді, кейін сыныпта таңдалған датаның салыстырмалы маңыздылығы төңірегінде әңгіме өрбітеді.

  2. VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» аталған аралықтағы орын алған үш негізгі өзгерісті анықтай алады.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
2241
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі