400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ноталар әлемінде" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр нотаның жазылу ретін үйрете отырып,музыкалық сауаттылықтарын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ноталар әлемінде» ертегі

Мақсаты:Оқушыларға ертегі желісімен до-мажор гаммасын үйрету.

Дамытушылық:Әр нотаның жазылу ретін үйрете отырып,музыкалық сауаттылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Ертегінің жағымды қасиеттерін үйрете отырып,оқушыларды ауызбіршілікке,ұжымдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: баян аспабы,плакат, слайд.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:

Музыка ырғағымен сәлемдесу.

2.Жаңа сабақ:

Ертеде Гам және Ма деген қыз бен жігіт өмір сүріпті.Олар бір-бірін жақсы көріп,үйленеді.Олардың жеті баласы болады.Оларға ата-аналары ат қояды.Балаларының есімдері: ДО, РЕ, МИ, ФА, СОЛЬ, ЛЯ,СИ.Гам және Ма 5 қатарлы үйде тұрыпты.Бірде Гам және Ма баларын алып,табиғат аясына серуендеуге шығады.Серуендеп жүрсе, кенеттен жел тұра бастайды.Артынан күн күкіреп, жаңбыр жауа бастайды.

Оқушылар орындарынан тұрып,желдің қимылын,дыбысын, жауған жаңбырдың, дыбысын салады. (сабаққа назарларын аудару)

Ауа-райы бұзыла басталысымен Гам мен Ма балаларын алып үйлеріне жетуге асығады.Үйлеріне жетіп, есіктерін ашайын десе,кілттерін таба алмайды.Кілтін таба алмай ызаланған Гам балаларын сұрақтың астына алады.Ерке өскен Соль есімді ұлы,әке,егер бізге әдемі ән арнасаңыз,кілтті тауып беремін дейді.Сол кезде әкесі мынадай ән шығарыпты.

4.Дауыс жаттығуы; До-ре-ми,до-ре-ми Үйреніп аламын Фа-соль-ля,соль-ля-си До-до-до деп әнге саламын. Кілтті әкесіне береді.Әкесі,балалар бұл кілттің өзінің тұратын орны бар.Орнынан қозғауға болмайды.



Балалар тауып алған кілттің суретін барлығымыз салып көрейік.

Скрипка кілтін салғызып, оқушыларға үйрету.









Солай үйлеріне кірген Гам және Маның 7 балалары орындарға таласады.

Балалар біздер осы балаларының орнын табуға көмек берейікші.

До мажор гаммасын нота сызығына орналастырып, жазылу тәртібін үйрету.

5.Бекіту:

Жаңбырға жаурап қалған балалары сырқаттанып ауырып қалады.Ол балалардың сауығып кетуіне көмектесуіміз үшін біз мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.

1.До нотасы қай сызықта жазылады.

2.Ре нотасы қай сызықта орналасады.

3.Ми нотасы қай сызықта орналасады.

4.Фа нотасы қай сызықта орналасады.

5.Соль нотасы қай сызықта орналасады.

6.Ля нотасы қай сызықта орналасады

7.Си нотасы қай сызықта орналасады

8.Скрипка кілті қайда орналасады.

6.Қорытынды:

Мінекей балалар Гам және Ма көңілді,көңілсіз,мұңды сәттерді бастарынан кешсе де олар мойымай өмірмен күресе білулерінің арқасында олар әлемге әйгілі болып кетіпті.Міне, осы ноталарды бүкіл қазақ,орыс,шет,тіпті қытайлар,бүкіл дүние жүзі қолданады.Музыканың құдіреттілігі сондай болғандықтан баршаға ортақ болып қалған,солай қала бермек.Міне, балалар бүкіл дүние жүзіне ортақ бір ғана тіл бар,ол-музыка.

7.Бағалау:

8.Үйге тапсырма:

Дәптерде берілген ноталарды толтыру,ноталардың жазылу тәртібін жаттау.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі