400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Нұрсәт" балабақшасы. Таутанова Алтынай

Материал туралы қысқаша түсінік
материал балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«НұрСәт1» жекеменшік балабақшасы

Тақырыбы: «Төртбұрыштар»

Дайындаған: Таутанова Алтынай Ораскуловна

Алматы – 2018ж

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған  оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Оқу қызметінің тақырыбы: Төртбұрыштар

Оқу қызметінің мақсаты: Балалардың ой – өрісін кеңейту, төртбұрыш түсінігмен таныстыру. Төртбұрыштың жасалу жолдарын көрсету. Балалардың ойлау, көріп – тану зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.

Көрнекіліктері: үлгі пішіндер, үлестірмелі материалдар, видеожазбалар, суреттер.

Әдіс – тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын – ойнату.

Оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері: Шеңбер болып тұрайық 
Алақанды ашайық 
Күннің нұрын сыйлайық 
Таза ауаны жұтайық 
Жүрекке жылу сыйлайық 
Жиналған жылы шуақты 
Қонақтарға шашайық

Көңіл күйлерің қалай балалар?

Өте жақсы, осындай тамаша көңіл–күймен оқу іс–әрекетімізді бастайық.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар, бүгін қазан айының жиырма тоғызы, аптаның екінші күні сейсенбі, қазіргі болатын оқу іс-әрекетіміз қарапайым математика.

Біздің бүгінгі танысатын тақырыбымыз «Төртбұрыш» деп аталады.

Төртбұрыш балалар өзінің аты айтып тұрғандай төртбұрышы болады екен.

Қане санайықшы.

Балалар, біздің бөлмемізден осы төртбұрышқа ұқсас заттар табылама екен,қане қарап көрейікші.

Балалар мына суретке қараңдаршы міне, мына суреттен нені көріп тұрмыз.

Үйдің денесі қандай пішінге ұқсайды?

Қане теледидарға назар аударайық.Өте дұрыс теледидардың пішіні де төртбұрышқа ұқсас екен иә, балалар.

Жарайсыңдар балалар, енді шаршаған боларсыңдар, сергіту сәтін жасап, бір сергіп алайықшы.

Сергіту сәті: Төртбұрышпын, төртбұрышпын.

Төрт қабырғасы бар бұрышпын,

Қай жағынан қарасаңда,

Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Өте жақсы балалар енді танысқан төртбұрышымыздан өзімізге көп қабатты үй жасап көрейік. Менің қолымдағы көптеген төртбұрыштармен көп қабатты үй тұрғызайық.

Міне балалар, жаңағы төртбұрышты пішіндермен көп қабатты төрт бұрышты үй болды.

Өте жақсы балалар,енді жеке – жеке төртбұрыштан көп қабатты төртбұрышты үй тұрғызыңдар

(Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды аралап қарап шығамын).

Өте жақсы балалар, барлықтарың пішіндерді жақсы жасай аласыңдар екен.


Қорытынды:

Балалар сендердің тағыда бір ойын ойнағыла рың келеді ме?

Олай болса балалар біз қазір «Сиқырлы пішіндер» ойынын ойнайық.

Балалар,  мына менің қолымдағы қорапшаға қараңдаршы, бұл қорапша сиқырлы екен. Бұл қорапшаның ішінде сиқырлы пішіндер бар, егер сендер сол пішіндерден әр түрлі заттар құрастыра аласыңдар, қорапша ішінен сендер үшін арнайы сыйлық шығады.

Қане, кім пішіндерден әр түрлі заттар құрастыра алады екен. (Балалар пішіндерден көп қабатты үй, машина,.с.с жасайды).

Өте жақсы балалар.

Балалар пішіндеріміз шынымен де сиқырлы екен иә, себебі сендер ол пішіндерден әр түрлі заттар құрастыра аласыңдар, енді сиқырлы қорапша сендерге өз сыйлығын береді.

Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Өте жақсы, сендердің сабаққа үнемі осылай тыңғылықты қатысуларыңа мен де тілектеспін. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.





















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі