400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Нысандар мен оқиғалардың моделің құру" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш өлшемді модельдеу құру кезінде нысандарының оқиғаларын құру
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 27 Дихан орта мектебі












Мерекелік – іс шара.


Shape1


















Сынып жетекшілер: Оразбаева Санағат

Сартаева Аққыз





2017 жыл





























1-қазан – Халықаралық қарттар күніне

арналған мерекелік іс-шара

1 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!!!

Қарттар күніне арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
- Өмір ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн, айдын, дала аспан - үн!
- Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
- Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,
- Шырқат биік тіршіліктің дастанын!!

1 - жүргізуші:
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1 – қазан қарттар күні мерекесі де келіп қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың біркезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орыналады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан – жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өміркешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буынаға – апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

2 - жүргізуші:
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөзкезегін мектебіміздің директоры Майра Қожахметқызына береміз.

Көп жасағанқария -
Ақылы теңіздария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.


1 - жүргізуші:
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің біркүн бармақты.

2 - жүргізуші:
Жанарын жалынды егілген
Жаныңды жадыратар тілегімен
Ізгілік иманымен нәрберетін
Ләззат ал әншілердің жүрегінен.

Ән: Тұрсынбай Ернұр

1 - жүргізуші:
Қастерлеймін әке даңқын, анасалтын,

Ұмытпайды ұрпағың дархан халқың.

Қабыл ал, ұрпағыңнын аманатын

Жыр боп келді, саған деген махаббатым!


Ән: Тұрсынқұл Айдана

2 - жүргізуші:
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабаттағылымы мен үлкендерге деген қарым - қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты.

1 - жүргізуші:
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бірсәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.

2 - жүргізуші:
Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.

Би: 1-сынып оқушылары

Қайжерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақылайтуға да моральдік құқы бар.
Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.

Ән: 1-сынып оқушысы

1 - жүргізуші:
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол – үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлықжасаса, қартайған ата – анасы оның отбасының құтыболып табылады.

Сіздерге арнап.......................................................................................................... Қошеметтеп қарсы алайық


Бишілер емес, құс сияқты
Елестейді бір көрген түс сияқты
Әжемнің ұршығындай үйірілген де
Жер шарын айналдырған күш сияқты - дей келе « қазақ биін» назарларыңызға ұсынамыз!! Қошеметтеп биші қыздарыңызды қарсы алыңыздар!

1 - жүргізуші:
Қазанның 1 - і - халықаралық қарттар күні
Бас ассамблея 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды халықаралық қарттар күні есептеуге деп қаулы етті. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.
Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік - тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.

2 - жүргізуші:
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін (мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайына бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметтік көмек беруді қамтиды.

Бүгінгі кешіміздің қонақтары ардагер ұстаздарымыз Байжан ағайды және де Ұлбала апайымызды ортаға шақырамыз! Қошеметтеп қарсы алайық!

2 - жүргізуші:
Қадірлі ардагер - ұстаздар!
Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.
Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Біз, сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз, тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп өсіргендіктеріңіз үшін, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге үйреткендеріңіз үшін терең алғысымызды білдіреміз.

1 - жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш - қуаттарыңыз ұзағынан болғай!
Жүректен шыққан ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар.
Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілей отырып келесі әнді өздеріңізге арналады.

«Ұстазым» әні орындайтын .
2 - жүргізуші:

Адамның тіршілігі үшін тамақ қандай қажет болса, музыка ән - күйдің де сондай физиологиялық қажеттігі бар.
Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі.

Келесі кезекте ән

1 - жүргізуші:
Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.
Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте - бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады.

Құрметті қонақтар! Сіздердің назарларыңызға ән


1 - жүргізуші:
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.
Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.


Көңіл қойып тындағандарыңызға көп рахмет!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі