400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Ньютонның || заңы» 9сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы « » ___________

№ ____ бұйрығына 11-қосымша  


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 202-қосымша 



Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптары үшін

«Физика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


  1. Түсіндірме жазба


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің/сабақтың мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

  3. Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.

  4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

  5. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

  6. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

  7. Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы әр пән қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсілдеме әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

  8. Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

  9. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады .

  10. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

  11. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

  12. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.


  1. «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты мен міндеттері


  1. Физика оқу пәні ретінде ғылыми, техникалық және гуманитарлық мүмкіндіктерге (потенциалға) ие, сонымен қатар адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің басты компоненті болып табылады. Дүниенің физикалық көрінісі, оқу пәнінде негізгі физикалық теорияның тұтас жүйесі ретінде беріліп, оқушылардың ғылыми көзқарастарын және дүниенің жаратылыстану-ғылыми көрінісінің тұтастығын қалыптастыратын негізгі моделі болып табылады.

  2. 7-9 сыныптардағы физика курсын оқып-үйренудің мақсаты – оқушыларда ғылыми көзқарастың негізін қалыптастыру, Әлемнің жаратылыстану-ғылыми көрінісін тұтастай қабылдауды, бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру.

  3. Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқып-үйренудің негізгі міндеттері мынадай болып табылады:

  1. оқушылардың Әлемнің қазіргі физикалық көрінісінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы білімді алуына, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеруіне ықпал ету;

  2. оқушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағыт-бағдар сілтеу;

  3. оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу;

  4. алынған дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуге қолдану.


  1. Оқу бағдарламасын жүзеге асыруға қолданылатын педагогикалық тәсілдер


  1. Қазақстан Ресупбликасының білім бері ұйымдары оқыту үрдісінде негізгі міндеті өз бетінше әрекет етуге бейім, мүддесі мен қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, талдау жасауға қабілетті тұлға ретінде білім алуға ұмтылған оқушы тәрбиелеу болып табылатын қағиданы ұстанады.

  2. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді мынадай әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырып, дамытпақ:

  1. оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, меңгерген білім, біліктілік, дағдыларын дамыту үшін бұларды үнемі қолданудың маңыздылығын ашып көрсетіп отыру;

  2. мұқият іріктелген тапсырмалар мен әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандырушы және дамытпалы түрде оқыту;

  3. проблемаларды модельдеу және оқушыларға түсінікті жолдар арқылы оларды шешу стратегиясының мысалдарын көрсету;

  4. бағалау арқылы оқушылардың білім алуын қолдау;

  5. зерттеушілік әдіске және оқушылардың зерттеуіне негізделген белсенді оқытуға артықшылық беру;

  6. оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;

  7. жалпы сыныптық, жеке және топтық жұмыс түрлерін үйлесімді ұйымдастыру.

  1. «Физика» пәнін оқыту мен үйретуде қолданылатын мұндай стратегиялардың мысалына төмендегілерді келтіруге болады:

  1. зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру және қорытындылары мен нәтижелерін тәжірибе жүзінде растап отыруды алға тартатын логикалық ойлауды дамыту;

  2. өз бетінше жұмыс істеу біліктілігіне және жағадаяттар ағымына қарай бейімделуге, атап айтқанда, аса қиын проблемаларды шешуге, проблемалары шешу үдерісінде пайда болған жаңа ақпараттарға жауап беруге және бейімделуге үйрету;

  3. теориялық модельдер жұмысын түсінуді жақсарту үшін ойындар мен модельдерді қолдану;

  4. оқушылардың өз тәжірибелерін жобалауы мен жоспарлауы арқылы физикадағы мәселелерді зерттеу;

  5. физиканың қазіргі заманғы проблемалары туралы (әртүрлі дереккөздерден алынған) ақпаратты сұрыптау және оқушылардың алынған ақпаратты синтездеу, бағалауы мен қорытындылауы;

  6. мәшинетану, жылутехника, электртехника мен радиотехника, электроника, аспапжасау сияқты бірқатар техникалық ғылым мен пән мәліметтерін пайдалану;

  7. жаратылыстану құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау.

  1. «Физика» пәнін оқыту тәжірибелік және теориялық сабақтарға қажетті арнайы жабдықталған бөлмелердің болуын талап етеді. Демонстрация мен зертханадық жұмыстардың барысында қауіпсіздік техникасын сақтаулы міндетті болып табылады.

  2. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану

  1. интернет ресурстарымен жұмыс істеу. Мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, тиісті материалды таңдау, көшіру және ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, оны жеке құжат немесе файлға сақтау.

  2. мәтінмен, кестелермен, диаграмма және слайдтармен жұмыс жасауға арналған MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламалық қамсыздандыруларды қолдану. Мысалы, адам тамырсоғысы қарқынының отырып-тұруына тәуелділігін көрнекі түрде көрсету үшін Excel-де кесте не/немесе диаграмма құру.


  1. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері


  1. «Физика» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

  2. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

  3. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

  4. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

  5. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.


  1. «Физика» пәніңін мазмұнын ұйымдастыру


  1. Оқу жүктемесінің бөлінуі

1-кесте

Сынып

Апталық оқу жүктемесі

Жылдық оқу жүктемесі

7

2 сағат

68 сағат

8

2 сағат

68 сағат

9

2 сағат

68 сағат

  1. Оқу пәнінің мазмұны

  1. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша білім беру мақсаттары мен олардың жүзеге асырылу реттілігін қамтиды. Оқу мақсаттары физика бөлімдері бойынша күтілетін нәтиже болып табылады. Оқу мақсаттарының реттілігі бөлім аясындағы білімді сыныптан сыныпқа кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді.

2-кесте

№

Бөлім

Бөлімше

1

Физикалық шамалар мен өлшеулер

    1. Физика – табиғат туралы ғылым

1.2 Физикалық шамалар

1.3 Физикалық өлшеулер

2

Механика

2.1 Кинематика

2.2 Динамика

2.3 Сақталу заңдары

2.4 Статика

2.5 Тербелістер мен толқындар

3

Жылу физикасы

3.1 Молекулалық физика

3.2 Термодинамика

4

Электр және магнетизм

4.1 Электростатика негіздері

4.2 Электр тогы

4.3 Магнит өрісі

4.4 Электромагниттік толқындар

5

Оптика

5.1 Геометриялық оптика

6

Атомдық және ядролық физика

6.1 Атом мен атом ядросының құрылысы

6.2 Радиоактивтілік

7

Астрономия

7.1 Жер және Ғарыш

7.2 Астрофизика

8

Элементар бөлшектер физикасы

8.1 Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі

  1. Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.

  2. Оқу мақсаттарының жүйесі

3-кесте

Бөлім

7 сынып

8 сынып

9 сынып

1.1 Физика -табиғат туралы ғылым

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі