МАД
|
Тәрбиеші:
Ерахан Мадина
|
Уақыты:
8:30
|
Кабинет:
208 Б
|
Тақырыбы
|
Ө
дыбысы және әрпі
|
Сабақтың
мақсаты
|
1)
Білімділік: Ө дыбысы және әрпімен
таныстыру.Оның айтылу ерекшелігін
айтып өту және жазылу жолын үйрету.
2)
Дамытушылық: Ө дыбысымен байланысты
тапсырмаларды орындау, оқушылардың
ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
3)
Тәрбиелік: Көркемдікке, әдептілікке
баулу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,
ойын, сұрақ-жауап, танымдық ойлау,
талдау, топтау, интерактивтік.
|
Көрнекіліктер
|
Көрнекілігі:
Ө әрпінің баспа және жазба түрі, сюжетті
суреттер, текшелер, кеспе әріптер т.б.
|
Іс-әрекет
кезендері
|
Тәрбиеші
әрекеті
|
Балалардың
іс — әрекеті
|
Психологиялық
ахуалды қалыптастыру
|
Психологиялық
дайындық.
Қара достым, жан-жаққа
Дайынсың
ба сабаққа?
Орнында
ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар?
|
Балалар
алдағы
өтетін сабаққа дайындық жасайды.
|
Ұйымдастыру
іздестіру
Жаңа
сабақ
|
«Буын
ұстау» ойыны.
Шарты: Доппен ойналады.
Өзім алғашқы буынын айтамын, доп алған
оқушы сөзді аяқтайды.
Ән...(ші),
дә...(рі), ә...(теш).
Олай болса, ә дыбысы
дауысты ма, дауыссыз ба? Текшемізден
көрсете қоялық. (дауысты, жіңішке)
«Ой
шақыру» Жұмбақ жасыру.
Шөлде
бар,
Суда жоқ.
Көлде
бар,
Буда жоқ.
Балалар ө дыбысы
дейді. Шөл, көл сөздеріне дыбыстық
талдау жасап өту.
Олай болса, балалар
бүгінгі бізге келетін жаңа әріп Ө
дыбысы мен әрпі.
1. Көрнекілік бойынша
ө әрпінің баспа және жазба түрлерімен
таныстыру.
Ө әрпінің баспа, жазба
түрлерімен таныстыру.
Ө әрпі қай
әріпке ұқсайды? (О)
«Сөз ойла, көп
ойла» ойыны.
Ө әрпінен басталатын
сөздерді тез айту. (өріс, өгіз, өрік,
өрмекші,өшіргіш,өзен)
|
Балалар
барлық қимылдарды тәрбиешіге
қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды
орындайды.
|
Сергіту
сәті
|
«Мен
қандай әріппен дос».
Бұл
ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу
тілін дамытуға ғана емес, сонымен
бірге танымдық сипатқа да ие. Әр бір
ойыншыда жануардың суреті болу керек
(әр түрлі болуы мүмкін). Мысалы: анасында
– сиыр, әкесінде – түйе, баласында –
кірпі. Анасы айтады: «Менің сиырым «м»
әрпімен дос, өйткені онда мүйізі бар».
Әкесі: «Менің түйем «ө» әрпімен дос,
өйткені онда өркеш бар». Бала: «Менің
кірпім «и» әрпімен дос, өйткені онда
инелері бар».
|
Оқушылар
ойын ойнайды
|
Рефлексивті
— түзетушілік
|
Шырын
сөзіне тоқталу.
2. «Шырын» тақырыбына
берілген мазмұнды сурет бойынша әңгіме
құрастыру.
3. Мұғалім мәтінді оқу,
дәмді, тәтті сөздерін қышқыл, ащы, тұщы
сөздерімен мағыналас екенін айтып
өту.
5. Оқушыларға мәтінді оқыту.
6.
«Ойлан тап!» ойыны.
1. Бір әріп бар,
кей бала
Айтамын деп бүлдірген
Оқи
алмай шүлдірлеп
Жолдастарын
күлдірген.
Бұл қай әріп? (р)
2.
Жұмыртқадай дөңгелек
Кетпейді
бірақ дөңгелеп
Бұл қай әріп? (О)
3.
Әлде толған Ай ма екен
Әлде үрген
шар ма екен
Белінде бар белдігі
Оқулықпен
жұмыс:
-Тізбек
бойынша бағандағы сөздерді буындап
оқыту. Оқылған сөздердің мағынасын
түсіндіру.
-
Мұғалім оқиды,оқушылар қайталайды.
Ө-зен
Ө-ріс Бө-рік
Өр-нек Көр-ме
Ө-лең
Ө-рік Кө-рік
Өр-мек Көр-пе
Ө-нер
Ө-мір Кө-мір
Өр-кеш Көр-ші
Өріс
-мал
жайылатын жер.
Бұндай
әріп бар ма екен? (Ө)
7.
Жазу жұмысы.
Қолға қалам алайық,
Әдемі
етіп жазайық.
1. Ауада жазу.
2.
Тақтаға жазу. (Ө ө)
3. Үлгі дәптерге
жазу.
8. Тақпақ. Мультимедиялық
кешен арқылы тақпақты оқу.
«Ө»-
дегенім, Өрік
Өрікті ал теріп!
Өзің
ғана жемей,
Өркенге бер бөліп,
1.
Оқушыларға тақпақты хормен оқыту.
2.
Тақпақ не туралы, бүгінгі жаңа әріп
тақпақта кездесті ме?
3. Өрік сөзіне
тоқталу. (өрік - тәтті жеміс)
Ойын
тәртібі: Оқушылар төртбұрыштың орнына,
дыбыстардың үйлесіміне сәйкес әріптер
қойып оқу.
Ор
-...(өр) оң-...(өң) тол-...(төл)
|
Тапсырмаларды
әр бала өз алдына ерекше орындады.
|
Күтілетін
нәтиже:
|
Білу
|
Тапсырма
мазмұнын
толық есте сақтады.
|
Өзіне
үйренгені
|
Ө
дыбысы және әрпімен танысу..
|
Үйрену
|
Сұрақтарға
толық жауап беруге үйрену.
|