400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Ойнай білу де-өнер» 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ойнай білу де - өнер» тақырыбы арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін түсіндіру.Оқушыларды сабырлылыққа үйрету,шыдамдылық қабілеттерін дамыту,қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы





Shape1

    

«Өзін-өзі тану» пәнінен ашық сабақ


Тақырыбы: «Ойнай білу де-өнер»























Дайындаған:Шарипова Л.Ө.








2016-2017 оқу жылы



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №3 Красный Яр КОМГ Мерзiм 02.02.2017 .

Тақырып: Ойнай білу де-өнер

Құндылық:Ішкі тыныштық

Қасиеттер Сыпайылық,сабырлық, шыдамдылық,қарапайымдылық

Мұғалiм: Шарипова Л.Ө. Cынып: 3 Оқушылар саны:25


Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де-өнер.

Сабақ мақсаты: «Ойнай білу де - өнер» тақырыбы арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: Сабырлылыққа үйрету

2.Дамытушылық: Шыдамдылық қабілеттерін дамыту

3.Тәрбиелік:Қарапайымдылыққа тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)үнтаспа,

Оқулық.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

5 «Т» ережесін еске аламыз.


Тыныштық сәтi. «Демалу жаттығулары»

Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.

Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.

Үй тапсырмасын тексеру.

Әдептілік,сыйластық туралы мақал-мәтелдер жинастыру.

1.«Өзара сыйластық» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсетесіңдер?


Сабақ барысын талқылау:

2 мин



3 мин













6 мин

Дәйексөз. «Бәрінен күшті адам – ісіне-өзі ие болатын адам» Сенека


Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


7 мин

Ұлдарға қайталату, қыздарға қайталату, хормен қайталату






  1. Әңгiмелеу .

Аяқталмаған ойын.

Ауылдың шеті. Қарлы төбешікте су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағайынды Ахметовтер де бар. Асан мен Ақан екеуі бір шанаға отырып алып, таудан төмен зымырайды.Беттері қызара бөртіп. Сырғанап ойнаудан жалығар емес.

Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді. Алысқа барып бір-ақ тоқтады.

- Ақан, сен барып шананы алып кел, - деды інісіне Асан.

- Мен бармаймын. Шанаға ие болмаған өзің, сен бар, - деді Ақан.

- Жоқ. Сен барасың. Сен менен кішісің, - деді Асан.

- Бармаймын. Үлкенмін деп жұмсай бересің, шананы да үнемі мен сүйреймін.

- Бармасаң, сырғанақ тепкізбеймін.

Сөзі өтпеген Асан ашуланып төменге түсті. Шананы жетектеген бойы тауға емес,үйіне қарай бет алды.

Ақан не істерін білмей, тау басында аңырып тұрып қалды.

Тіл табыса алмаған Ахметовтердің ойыны осылай аяқталмай қалды.


1 сұрақ. Ойын неліктен аяқталмай қалды?

2 сұрақ Ақан мен Асанның әрекеттері туралы не айта аласыңдар?

3. сұрақ. Ойын кезендегі басты нәрсе не деп санайсыңдар?

4.сұрақ. Сендердің ойларынша ойынды қалай аяқтауға болады?

10 мин

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


1-топ. Ойын кезіндегі басты нәрсе не деп санайсыңдар?

2-топ. Өлең құрастыру

3 топ «Асық ойнау» ойының ойнау,ережесін түсіндіру.

4 топ «Кім ақылды?» мәтінімен жұмыс (Ерден мен Еркебұланның әрекеттері туралы не айта аласыңдар?

7 мин





  1. Үй тапсырмасы.

Кешірімді болу дегеннің не екенін түсіндіріп айтып беру.


2 мин


  1. Топпен ән айту. «Айгөлек» әнін орындаймыз.

Айгөлек
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
Асып жатқан шағында.
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма?
Күміс күлкі көрмей ол,
Кемеліне толар ма?

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айгөлек деп ән шырқа
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет

Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айгөлек деп ән шырқа
Ел бөбегі кел, бөбек.
2 рет

5 мин

  1. Соңғы тыныштық сәті.

  2. (Баяу музыка ойналып тұрады )

Балалар, бәріміз көзімізді жұмып тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге орналастырайық. Сіздерге көп рахмет! Сабақ аяқталды.



3 мин






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі