400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ашық сабақ. Ойнайық та ,ойлайық

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Ойнайық та,ойлайық»

Білім беру саласы: Таным, Қатынас.
Мақсаты: заттарды санау, салыстыру, есептеу сияқты мәселелерді шешу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: 0 - ден 7-ге дейінгі сандар, асық терапиясы, слайд

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын сауле таратты

Жарқырайды күніміз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң достарым

Достарымды көргенде

Қуанамын әрдайым

Қолымыздан ұстасып

Жылулықты алайық
Оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші : Бүгінгі ашық оқу қызметімізге қонақ апайлар қатысып отыр. Математикадан білімдерімізді көрсетейік. Ендеше қазір біз әр түрлі, қызықты тапсырмалар орындаймыз.Ол ушін біз үш топқа бөлініп алайық:

1 топ: Алғырлар,

2 топ: Тапқырлар,

3 топ: Жүйріктер


Тәрбиеші:  Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болсақ:
1. Қандай сан жетіспейді?
2. Логикалық есептер
3.
Келіңдер, есептейік
4,
Кім жылдам?

1.
Қандай сан жетіспейді?  «Орындықтардың нөмірлерін анықта».
Сандар қатарындағы жоқ санды тауып, жазу. (2,4,7)

(2,3,5,6,7)

2. Логикалық есептер.


Алма  бағы  жайнаған

Қызыл алма айналам

Алдым  үзіп  бесеуін 

Тағы  да  алдым   екеуін.

Алдым  сонда  нешеуін?  

(5+2=7)           


Жаңа ғана шалғында,

7 бұзау жүр еді,

Әлде шаршап қалды ма?

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Жүргенін айт айырып.

(7-1=6)


Балапанын көгалда

Санай алмай тауық жүр

Алтауы жүр жүгіріп

Біреуі тұр жылынып


(6+1=7)



3. Келіңдер, есептейік.
Үш топқа үш түрлі есеп беріледі. Есептің шешуін қатесіз, шапшаң шығару.
1 – тапсырма
Алғырлар Тапқырлар Жүйріктер


1+5= 4+2 = 5+2=
3-3= 3+2 = 5-3=
4 - 2 = 4-1= 3-1=

2 – тапсырма:
Асықтармен санауды үйренеміз. Берілген есептердің жауабын асықтармен санап орналастыру.


Сергіту сәті





4. Кім жылдам?
Берілген логикалық сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру.


5.Ақтық сайыс


Осы сұрақтарға дұрыс жауабын берген топтың ішінен 2 ойыншынымен (Асық терапиясы) Дойбы ойынын ойнап көрсету.


Тәрбиеші: Сайысымыздың кезеңдері аяқталды.


Қортынды: Балалар, бүгін қандай тапсырмаларды орындадық, қане, есімізге түсірейік..( есептер шығардық, санамақ айттық, асықтармен дойбы ойынын ойнадық, логикалық есептер шығардық)

Балаларды марапаттау.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.

Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
1031
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі