Қорытынды ұйымдастырылған оқу қызмет
«Ойнайық та ойлайық»
(№4 «Қонжық» ортаңғы
топ)
Тәрбиеші Шаймерденова
Ж.Т.
Білім
беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Математика
негіздері»
Мақсаты: Балалардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыру.
Міндеттері.
Білімділігі: балалардың сан, тәулік
бөліктерінің ұғымын кеңейту, ойлау қабілеттерін
дамыту. Дамытушылығы: геометриялық пішіндер туралы
білімдерін, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Салыстыру,
санау, топтау санамақ айту арқылы сөздік қорларын
молайту. Тәрбиелігі: мақсатқа жете білуге, ойын дұрыс
айта білуге, шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, тапсырмалар,
ойындар. Көрнекіліктер: үйлестірмелі
материалдар: саңырауқұлақтар,сандар,гүлдер,көбелектер,ойыншықтар,,геометриялық
фигуралар,тақырыпқа байланысты суреттер. Сабақ барысы
Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті қане
бәріміз бірге амандасайық Шаттық
шеңбері Қайырлы таң Көк аспан Қайырлы
таң Жер ана Қайырлы таң балабақша Қайырлы таң
достарым
Орындыққа ыңғайлы отырайық
Балалар қазір далада қандай мезгіл? Көктемде ауа райы қандай
болады? бізге қонақ келіпті,мен сендерге жұмбақ жасырамын жауабын
тапсаңдар сендер келген қонақ не екенін
білесіңдер Тиіскенді түйреген, Киімі
бар инеден. (Кірпі) Таңғажайып
сәт Кірпі келеді Сәлеметсіңдер ме
балалар, балалар мен сендерден көмек сұрай келдім,Қыс бойы
ұйықтап,көктем де оянып, тәулік бөліктерін ұмытып,шатастырып
алыппын,қазір қандай тәулік? Тәрбиеші: Кірпі біздің балалар
кішкентай болсада,тәулік бөліктерін айтып береді. Жайғасып отырып
тыңда. Таңертең,күндіз,кеш,түн
Балалар таңертең біз қайда
келеміз? Ата-анамыз қайда барады? Күндіз не істейміз? ойнаймыз
Кешке не істейміз? үйге барамыз,ойнаймыз Түнде не істейміз?
ұйықтаймыз Міне кірпі тәулік бөліктерін есіне сақтап
ал. Кірпі: рахмет
балалар Тәрбиеші: Кірпі балалармен бірге сабаққа
қатыс, біраз нәрсе үйреніп аласың Кірпі: сендермен бірге
қалайын,үйренейін Балалар кірпіге сандарды
санап берейік үйреніп алсың 1-5 дейін тура және кері санап
беріңдер жарайсыңдар Ойын «Гүлдерге көбелектерді
орналастыр» ойынның шарты; гүлдердің
түстерің атау және көбелектерді гүлдерге қоңдырамыз.Неше гүлге
көбелек қоңбады? Жарайсыңдар Балалар қандай геометриялық
фигураларды білеміз? Геометриялық фигураларды
атау. Балалар бәріміз қосылып санамақ айтып
берейікші Алма кетті домалап Көше бойын
жағалап Кім алманы табады Сол ойыннан шығады.
Балалар қараңдаршы кірпінің
достары келіпті «Үлкен және кішкентай»
ойыны Міне кірпінің достары
-Кірпілер бірдей ма? -Олар қандай екен? Үлкен,кіші кірпіні көрсету
Кірпілер нені жақсы көреді? Сүтті жақсы көреді ендеше осы
кірпілерге ыдыспен сүт берейік Үлкен кірпі қай кесемен сүт ішеді?
кішкентай кірпі қай ыдыспен сүт ішеді?
Сергіту
сәті «Бала,бала балапан»әні музыка
ыырғағымен қимыл қозғалыс орындау Ойын «Бір және
көп» Кірпілер тек сүт қана жақсы
көрмейді, алма саңырауқұлақтар жақсы көреді екен. Қане бәріміз
себеттен бір-бір саңырауқұлақтан алайықшы, сендерде неше
саңырауқұлақ? біреу, ал бәрін мына себетке салсақ қанша болады? көп
болады
Кірпі саған балалар көп
саңырауқұлақ жинап бердік. Балалар мен сендермен бүгін көп ойнап,
көп үйрендім. Рахмет сендерге балалар, менде сендерге дәмді жинаған
алма берейін Сау бол
Балалар міне бүгін жақсы
ойындар ойнадық,ойландық,кірпіні де қуанттық. Маған сендердің
бүгінгі сабаққа қатысқандарын өте ұнады рахмет сендерге. Сендерге
ұнады ма ойындарымыз
Ендеше қол шапалақтап
қуанайық.