Сабақтың
тақырыбы:
Ойнап жүріп ойлаймыз
Оқу
ісінің мақсаты:
1-ден 10-ға дейін тура және кері санауды,
көрші сандарды айта білуін бекіту.
Логикалық ойлауларын жетілдіру, есте
сақтау қабілетін жетілдіру.Балаларды
қызықты ойындар арқылы тапқырлыққа,
алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
сандар, логикалық есептер, суреттер,
танграмма ойыны.
1.Шаттық
шеңбері:
Сәлем
деймін достарға,
Сәлем
деймін құстарға.
Сәлем
деймін құртастарға,
Сәлем
деймін ұстаздарға.
Өте
жақсы, балалар, «жақсы сөз жарым ырыс»
демекші мен бүгінгі күндеріңе сәттілік
тілеймін.
Балалар
математика Патшайымынанан хат келді,
математика қаласында қиын жағдай
болыпты-сол қаладағы компьютерлік
желіге вирус түсіпті. Комьютерлердің
бәрі тұрып қалыпты, керекті ақпараттарды
көрсетпейтін көрінеді. Патшайым соны
емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз
бе?
Оқушылар:
Иә, көмектесеміз.
Олай
болса патшайым жіберген тапсырмаларды
дұрыс орындасақ вирусты жоюға болады.
1-тапсырма:
1-ден
10 дейін санау;
10
нан 6 дейін сана;
7
ден 4 ке дейін сана;
6
дан 1 дейін сана.
Д/о
«Көршілерін ата»
Жеке
балалар орындайды.
Д/о
«Сұрақ-жауап»
1.Кемпірқосақта
неше түс бар? /7/
2.Бағдаршамда
неше көз бар? /3/
3.Қолғапта
неше саусақ бар? /5/
4.Бір
жылда неше мезгіл бар? /4/
5.Бір
аптада неше күн бар? /7/
6.Адамда
қанша саусақ бар? /10/
2-тапсырма:
1.Хайуанаттар
бағында уш піл бар еді, оған тағы бір
пілді әкелді. Хайуанаттар бағында қанша
піл болды?
Оқушылар:
Төрт піл болды.
Мұғалім:
Артты ма әлде кеміді ма?
Оқушылар:
Біреуге артты.
2.Ыдыста
үш алма бар еді, біреуін мен Айдосқа
бердім. Ыдыста қанша алма қалды?
Оқушылар:
Ыдыста екі алма қалды.
Мұғалім:
Ыдыстағы алма артты ма әлде кеміді ма?
Оқушылар:
Кеміді
Мұғалім:
Қаншаға кеміді?
Оқушылар:
Біреуге кеміді.
3.Көгалда
5 балапан жайылып жүр еді, оған тағы бір
балапан жайылымға келді. Көгалда қанша
балапан болды?
Оқушылар:
6 балапан болды.
Мұғалім
Артты ма әлде кеміді ма?
Оқушылар:
Біреуге артты.
3-тапсырма.
9-1=?
8-2=? 7+3=? 5+3=?
Сергіту
сәті:
Оң
жағымда оң қолым,
Сол
жағымда сол қолым,
Жоғарыда
басым,
Төменде
аяғым,
Артымда
арқам,
Алдымда
бетім.
4-тапсырма.
Д/О
«Өз вагондарына жауарларды орналастыр»
7+3
9+1 10-2 8-4
5-тапсырма.
Д/О
«Қаша артында қанша мысық?»
Д/О
«Қанша қоян жасырылған?»
Д/О
«Сандар қандай затқа ұқсайды?»
6-тапсырма.
Д/о
«Монгол ойыны» Керікті құрастыру.
7-тапсырма.
Логикалық
есептер:
1.Алаңда
емен өсіп тұр. Еменннің үш бұтағы бар,
әр бұтағында үш алмадан. Емен ағашында
қанша алма өсіп тұр?
Оқушылар:
нөл, себебі емен ағашында алма өспейді.
2.Жан-жаққа
кетті зымырап,
Мысықтан
қорыққан тышқандар.
Қорапқа
кірді біреуі,
Соңынан
кетті екеуі.
Тығылды
сонда нешеуі?
Оқушылар:
ушеуі тығылды.
3.Төменде
үш қаз ұшады,
Үшеуі
бұлтты құшады.
Өзеннен
көрдік екеуін,
Айтқын
қаз нешеу екенін?
Оқушылар:
сегіз қаз.
Мұғалім:
Балалар,жарайсыңдар! Енді мен осы
нәтиженің бәрін электрондық пошта
арқылы математика патшайымына жіберемін.
Еер ол біздің жауаптарымызға риза болса,
телефон арқылы хабар жібереді. (тәрбиеші
ойыншық компьютердің көмегімен
ақпараттарды жөнелтеді. Телефон
шырылдайды.)
-Алло!
Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды.мен
міндетті түрде жеткізем. (балаларға
қарап) Математика патшайыма бәріңізге
рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге
ризамын, қай уақытта да қиналғандарға
қол ұшын беретіндеріңізге сенемін!