Алматы қаласы Алатау
ауданы
№ 152 мектеп - гимназиясы
Ашық сабақ
Т
Ойнауға рұқсат етілген және тиым салынған
жерлер
ақырыбы:

Сыныбы: 3 «А»
Сынып жетекшісі:
Қапек Дана
Күні: 12.10.17
Сыныбы: 3 «А»
Тақырыбы: Ойнауға рұқсат етілген және тиым салынған
жерлер
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға көшенің қозғалыс бөлігінде ойнаудың
қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру; жолдағы қауіпсіздік
қағидаларын ұстануға машықтандыру.
Дамытушылық: Ауланың қай жерінде ойнауға болатынын, қай
жерінде болмайтынын түрлі тапсырмалар арқылы ойларын ұшқындатып,
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстана отырып,
сақтық пен қырағылыққа шақыру.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, жол бергілері плакаты,
дидактикалық ойындар, интер тақта.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс:
дүниетану, дене шынықтыру, әдебиеттік
оқу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Құрметпенен
сіздерге Сәлем бердік біз Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн
бүгін.
-
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін бізге қонаққа
авто инспекция қызметкері келіп отыр.Сендердің қаншалықты жолда
жүру қағидаларын меңгергендеріңді тексеріп қонаққа келіп
отыр.
-
Балалар сонымен қатар Шеврон компаниясы бізде
қонақта. Шеврон компаниясы еліміздегі үлкен мұнай газ корпорациясы.
Бұл корпорация еліміздегі денсаулық сақтау, білім беру, денсаулық
сақтау салаларына елеулі үлес қосып отыр.
-
Шеврон компаниясына үлкен алғысымызды
білдіреміз!
Топқа бөлу
-Балалар бағдаршамның қанша түсі
бар?
Бағдаршам түсіне сәйкес ұшақтарды (өздеріңе
ұнаған түсті) таңдап үш топқа бөлінеміз.
1 топ- Тазалық
2 топ – Ұқыптылық
3 топ – Салауаттылық
ІІ Үй тапсырмасы
Дұрыс жауап берген топ көліктер фишкасын жинайды.
Жеңген топ марапатталады.
1 топ- Тазалық
-
Жаяу жүргінші жолдан өтпес бұрын неге назар
аударуы тиіс?
-
Бағдаршам деген не? Оның әр түсі не мағына
береді?
-
Көшеде жол ережесін білу бізге не үшін
қажет? 2 топ – Ұқыптылық
-
Үй
мен мектеп арасындағы жолсызба не үшін қажет?
-
Көшеде жол тәртібін кім
басқарады?
-
Жолдың жиегіне жақындауға бола
ма?
3 топ – Салауаттылық
-
Жиекжол дегеніміз не?
-
Көшеде адамдарға қандай жолмен жүруге рұқсат
етілмейді?
-
Қоғамдық көліктерде (автобус, тралейбус, трамвай)
адам өзін қалай ұстауы керек?
ІІІ Жаңа сабақ
Бүгін біз балалар сендермен көшенің қай жерінде
жүруге болатынын және болмайтынын талқылаймыз.
Әрқайсымыз әртүрлі ойындарды жақсы көреміз.
Көптеген адамдар және балалар компьютер ойындарын ұнатады. Кейбір
балалар тек көшеде ойнағанды жақсы көреді.
Кейде ойын ойнаған кезде ойынға беріліп кетіп,
айналадағы жағдайларды байқамаймыз. Компьютердің алдында отырып та
өзімізге зиян келтіреміз. Қалай дейсіңдер ме? Тамақ, сабақ,
туғандарға көмектесу, тіпті достар туралы да ұмытамыз. Бір орында
отыа береміз. Бұның өзі сендердің денсаулықтарыңа зиян. Осы кезде
балалар Абай атамыздың балаларға арнап жырлаған өлеңі еске түседі.
Оны өздерің де біліп отырсыңдар.
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге Бес нәрсеге асық бол Бес
нәрседен қашық бол Адам болам десеңіз Тілеуің өмірің алдыңда Оған
қайғы жесеңіз Өсек, өтірік, мақтанша, еріншек, бекер мал шашпақ Бес
дұшпанды білсеңіз Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.
-
Абай атамыздың айтқан дана сөздерін көңілімізде
мәңгі түйіп жүрейік!
-
Ал
сендер бос уақыттарыңда немен айнасасыңдар?
-
Қандай пайдалы іспен
шұғылданасыңдар?
-
Аулада ойнау пайдалы ма? Таза ауада жиі
серуендейсің бе?
Есте сақта! Жолда жүру қағидаларын мұқият
зерделеп шық. Жолда жүру қауіпсіздік дағдыларын барлық жерде сақта.
Өз достарыңды көшелер мен жолдарда теріс қылықтар жасауға жол
берме!
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырмалар талданып,
орындалады.
Сергіту сәті
Топтық тапсырма «Адасқан әріптер»
ойыны
Топтық тапсырма
1 топ- Тазалық тобы жолда жүру ережелері, балаларға қай
жерде ойнау қолайлы тақырыбында постер
құрастырады.
2 топ – Ұқыптылық тобы бұрын жаттаған тақпақтарын қолдана
отырып шағын көрініс қояды
3 топ – Салауаттылық тобы
Бес
жолды өлең
.............................................
балалар, .............................................жолдан,
............................................. ұмытпа,
............................................ сақта! .
...................................................!
ІV Қорытынды 3
топқа берілген жағдаяттарды талдау
-
Аулада қай жерде ойнауға
болады?
-
Қай
жерде ойнауға болмайды?
-
Жолдың бойына ойнау не үшін
қауіпті?
-
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол
ережелеріне бағыну қажет. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді
білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман- есен жүруге
болады. Көшеде жол тәртібін сақтау сенің міндетің! Егер жол
ережесін бұзсаң, тек өзіңе ғана қауіп төндіріп қоймай, басқа адамға
да зияныңды тигізесің. Сондықтан жолда сақ бол!
V Бағалау
Жиналған көлік фишкаларын санап,
бағалау
VІ Үй тапсырмасы Сен
ауланың қай жерінде ойнайсың?/ әңгімелеу. Жол қағидалары туралы
іздену.
Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып «Аралдар»
бұрышына ілу