15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Ойын - сабақ : " Кішкентай көмекшілер "
І сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Тобы:Балақай
Күні: 26.04.2018 ж.
Ойын - сабақ : " Кішкентай көмекшілер "
Мақсаты: Ойын арқылы балаларды жан - жақты дамыту. Байқампаздыққа, сезімталдыққа ұжым болып бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.Бастаған ісін аяғына дейін орындауға дағдыландыру. Өзінің және жолдастарының еңбегінің нәтижесін көруге тәрбиелеу. Алдын ала жұмыс : бұршақтарды іріктеу, моншақтарды жіпке тізу, шарларды ыдысқа бөлу. Қажетті құрал - жабдықтар : қуыршақ, , үрмебұршақ, моншақ,шарлар. Сабақ барысы : Тәрбиеші : Балалар , қараңдаршы бүгін күн қандай тамаша. Бізге қонақтар келіпті бәрінің көңіл күйлері тамаша. Балалар шаттық шеңберіне тұрып сәлемдесіп алайық. Сәлем , сәлем , басым ! Сәлем, сәлем, көзім! Сәлем , сәлем, бетім ! Сәлем, сәлем , тісім! Сәлем , сәлем , балалар! Сәлем , сәлем , апайлар ! -Балалар, қараңдаршы қуыршақ Айжанның көңіл күйі жоқ не болды екен ? Мен қазір сұрап білейін. -Балалар қуыршақ Айжан өзінің кішкентай күшігін үйінде жалғыз қалдырыпты, ол болса үйді шашып тастапты. Балалар қуыршақ Айжанға көмектесеміз бе ? Балалар : - Ия көмектесеміз. Тәрбиеші : Үрмебұршақ жерге түсіпті, Шаң басып оны қалыпты. Балалар қашан келеді, Бұршақты іріктеп береді? Қараңдаршы, балалар мұнда ақ пен қызыл бұршақтарды араластырып жіберіпті. Балалар , бізге Қызыл бұршақпен ақ бұршақты жеке - жеке жинап салуымыз керек. ( Балалар келіседі ) Ойын : " Бұршақтарды іріктеу " Тәрбиеші : Балалар мына жерде әр түрлі шарлар шашылып жатыр,соларды тұстерімен ыдыстарға жинайық .
Ойын : " шарларды жинау " Сергіту сәті : " Аяқпенен топ - топ " Тәрбиеші : Балалар , қуыршақ Айжанның әлі де көңіл күйі жоқ. Қуыршақтың көңілін көтеру үшін оған моншақ жасап берейікші . Біз моншақты аламыз, Жіпке тізіп қоямыз. Ойын: " Моншақтарды тізу " Тәрбиеші : Балалар , қуыршақ Айжан атасымен әжесін жақсы көреді. Жазда ол атасымен әжесіне барғысы келеді. Олардың үйінде үй жануарлары бар, бірақ олардың атауларын ұмытып қалыпты, Айжанға есіне түсіруге көмектесейік. Ойын " Ойланда тап " ( Үй жануарларының, суреттері ) Тәрбиеші : Балалар, қуыршақ Айжан өте қуанышты сендер оған көмектестіңдер әдемі моншақ сыйладыңдар. Ал қуыршақ Айжан сендерге де шағын сыйлық дайындапты. ( алма тартып береді)
Қортындылау: Міне, балалар біз Айжанға көмектестік.
Балалар, біз бүгін кімге көмектестік, қалай көмектестік?
Балалар:( үрмебұршақты реттедік, моншақтарды жіпке тіздік, ыдыстарға шарларды жинады )
Тәрбиеші: Ал енді келген қонақтарға сауболыныздар деп айтайық.
Балалар:сау болыныздар апайлар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген