Ашық сабақ: Ойын іс әрекеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Ойын іс әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттарды қабылдауын дамыту. Ойыншықты ұсыну. Затты алақанды ұстап қалу. Және онымен іс қимыл жасату. Қолының ептілігін жетілдіру! Қарым қатынас қабілетін дамыту. Зейінін шоғырландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орал қ. «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ

Жартыбаева Бибігүл Ашыкбайқызы, дефектолог мұғалімі

Құсан Дина Орынғалиқызы, тәрбиеші

Түзету жұмысының тақырыбы: Заттарды қабылдау. Ойын іс-әрекеті

Мақсаты: Заттарды қабылдауын дамыту, ойыншықты ұсыну, затты алақанда ұстап қалу және онымен іс-қимыл жасату, қолының ептілігін дамыту, қарым-қатынас қабілетін дамыту, зейінін шоғырландыру.

Көрнекіліктер: ойыншықтар, дидактикалық құралдар, бояулар, шарлар.

Өткізу әдіс-тәсілдері: көрсету, қайталату, ойын-түрімен

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Саламатсыздар ма! Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бізге келген қонақпен ,

Амандасып аламыз!

Негізгі бөлім: Таңертең ерте тұрамыз,

Беті қолымызды жуамыз.

Айнаға қарааймыз,

Шашымызды тараймыз!

Тыныс алу жаттығулары: бастапқы қалып – отыру, денені түзу ұстау, дене бұлшық еттерін бос ұстау, тыныш ақырын, баппен тыныс аламыз.

Саусақ жаттығулары: : «Алақанды ысқылау», «Алақанды дөңгелете айналдыру», «Супинациялық , пронациялық қозғалыс».

Саусақ ойыны: «Кел санайық санамақ!», «Жалғыз саусақ», «Бас бармақ»

Кел, санайық санамақ! Бас бармақ бастық екен,

Саусақтарды даралап, Сұқ саусақ сақтық екен,

Бас бармағым алғашқы, Ортан қол ойшыл екен,

Балан үйрек жалғасы, Аты жоқ саусақ тойшыл екен!

Ортан терек көмекші, Ал, шынашақ еңбекшіл қойшыл екен

Шылдыр шүмек кезекші, Бастық басқар, Сақтық сақтар,

Ал, шынашақ балапан, Ойшыл ойла ойла, тойшыл тойла!

Бәріне ортақ алақан! Саусақтарды жазамыз, Саусақтарды бүгеміз.

Жазып, бүгіп саусақты, Сергіп қалдық, міне біз!

Дидактикалық ойын: «Әдемі пирамида», «Пошта жәшігі», «Бұршақтар», «Түрлі- түсті моншақтар», «Жұлдыз құрт».

Сергіту сәті. Сылдыр, сылдыр ,сылдыр су,

Мөлдір сумен қолыңды жу,

Сылдыр , сылдыр, сылдыр су,

Сылдыр сумен бетіңді жу.

Құлағыңды қоса жу,

Мойыныңды тағы жу,

Жуынсаң сек әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың!

Дәстүрден тыс сурет салу : «Шармен сурет салу».

Қорытынды: Біздер, бүгін пирамида жинадық, «пошта жәшігіне» пішіндерді орналастырдық, ыдыс ішіне түсті моншақтарды салдық. Шарды бояуға батыра отырып , сурет салдық. Аружан, жарайсың!

Мамандардың бағалауы:

Picture 4

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.03.2022
835
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі