400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстыларды ажыратады. М дыбысы – дауыссыз дыбыс, м дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі м дыбысының орнын ажыратады. М əрпінің баспа түрін жазады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ. Тақырыбы: Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу

Оқу ісінің меңгерушісі: З.Жұмабаева

Күні:28.12.2018

Педагогтің аты-жөні:Қазыбаева Самал

Сынып:МАД «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ұоқ-нің оқу мақсаттары:

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

        1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

        2. Берілген мысалдар арқылы М дыбысын ажыратады, М əрпінің баспа түрін табады.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстыларды ажыратады.

М дыбысы – дауыссыз дыбыс, м дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі м

дыбысының орнын ажыратады. М əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап беріп, берілген суретті мазмұндайды.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

М дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы м

дыбысының орнын ажыратады.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы,

сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

М дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

тілдік мақсаттар

Тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сөйлем құрастырады. М əрпін ұқсатып заттарды табады.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Балалар суреттегі қай баланың қылығы ұнайды?

Алдыңғы білім

Сөздерге дыбыстық талдау жасатып,

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Оң көңіл күй орнату.

0–2 минут









Жылулық шеңбері:

-Салеметсіңдер ме балалар?

Қане шеңбер бойына тұрып,

Бүгінгі күнмен сәлемдесейік.

Кел балалар күлейік,

Күлкі менен түлейік.

Қабақ шытқан не керек.

Көңілді боп жүрейік.

Шаттық шеңберіне тұрып балаларды топқа бөлу. Әріптер, дауыссыздар, дауыстылартобына бөлу.






II. Өмірлік тәжірибені белсендіру. Мақсатты тұжырымдау.

3 – 6 минут

«Ойлан тап» ойыны:

-Балалар сауат ашу оқу іс – әрекетінде нені үйренеміз?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Балалар біз өткен сауат ашу оқу іс – әрекетінде қандай дыбыспен таныстық?

-Ы дыбысы мен ірпі. –Ол қандай дыбыс? –Дауысты дыбыс



Әліппе- дәптер.

ҰОҚ-нің ортасы

III. ҰОҚ-нің тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 25 минут

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

Балалар суреттегі балалардың іс-əрекетін əңгімелейді.

1.Балалар суреттегі қай баланың қылығы ұнайды?

Балалар өз ойларын білдіреді.

Педагог Қ. Мырза Əли немесе кез келген ақынның əдептілік-əдемілік тақырыбындағы бір өлеңін мəнерлеп оқиды. Балалар түсінгендерін əңгімелейді. Педагог балаларға əдептілік туралы қысқаша түсіндіреді.

Балалар өз мінездері туралы əңгімелейді.

  1. -тапсырма. Сөйлемдерді аяқтайды. Педагог оқиды, балалар тиісті сөзді тауып, сөйлемді толықтырады. Мысалы: Жерге қоқыс тастауға болмайды. Дөрекі ойнауға болмайды.

Балаларға болады, болмайды сөздерінің мағынасын түсіндіреді

«Болады, болмайды!» дидактикалық ойын.

Ойын шарты: педагог ортада тұрған балаға сөйлем айтады, сөйлем соңын балалар болады, болмайды сөздерімен жалғастырып айтады. Қателескен жағдайда, келесі бала жалғастырады.

Нан қоқымын шашуға ... . Қатты дауыстап сөйлеуге ... . Үлкенге сəлемдесуге ... .

Кіші балаларды ренжітуге ... .

Досына көмектесуге ... .

Топта жүгіруге ... .

Апайды тыңдауға ... .

Ойын осылай жалғаса береді.

-тапсырма. Мысық, құлын, лақ сөздеріне дыбыстық талдау жасатады. (Ұ) Сергіту сəті

Бала, бала, баламыз, Біз айнаға қараймыз.

Шашымызды тараймыз, Əп-əдемі боламыз!

4-тапсырма. М дыбысын педагог 3-4 қайталап айтады.

Балалар қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Балалар М дыбысын қайталап айтады.

– Ерін бір-біріне қатты тиеді. Тіл дауыс қуысында еркін жатады. «М» дыбысы кішкене тілдің төмен түсіп, демнің мұрын арқылы шығуынан жасалады.

М –үнді дауыссыз дыбыс.

Түйенің суретіне қарап, м дыбысына ұқсайтын дене мүшесін атайды. Түйенің өркеші м дыбысына ұқсайтынын табады.

Педагог түйе жануары туралы əңгімелейді. М əрпін көрсетіп, қасына түйенің өркешінің суретін қояды. Балалар ұқсастығын табады.

5-тапсырма. Ж. Əбдірашовтың өлеңін педагог мəнерлеп оқиды.

М-ның сырын көр ұғып, Əріп екен бұл қандай? Екі оқушы жолығып, Қол алысып тұрғандай.

Өлеңді мазмұндайды. Педагог екі баланы ортаға шақырып өлең мазмұнындағыдай тұрғызады.

Екі бала қол алысып тұрғандағы бейнесі неге ұқсайды? (М əрпіне). 6-тапсырма

  • «М» əрпі мүсінін қалай түзеді?

  • М əрпінің алғашқы бейнесі неге ұқсайды?

Педагог балаларға партада қалай отыру керек- тігін түсіндіреді.

«М» əрпінің баспа түрін жазады.


Əліппе-дəптер.



































М əрпі жазылған плакат.








Əліппе-дəптер.









Əліппе-дəптер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі