400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ойыншықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын дефектологгтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар

Абдреева Лаура Нурболатовна,

3 облыстық балалар оңалту орталығы,

дефектолог-логопед, Қызылорда облысы,

Шиелі кенті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: балаларды ойыншықтармен таныстыру арқылы танымдық даму деңгейін көтеру.

Түзете- дамытушылық: : балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, ұсақ қол моторикасын дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Көрнекіліктер: ойыншықтар,түрлі-түсті құмдар, құрастырғыштар, қоржын, магнитті құрастырғыштар, пирамида, жабысқақ құрастырғыштар, суреттер .

І. Ұйымдастыру кезеңі

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарық болсын жүзіміз

Жарқын болсын күніміз.

Ойыншықтармен таныстыру

  • Балалар, біздің кабинетте ойыншықтар өте көп. Бізде қандай ойыншықтар бар?

  • Бұл- пирамида. Пирамиданың жүзікшелері түрлі-түсті. Пирамиданы біз көлеміне қарай саламыз.

  • Бұл-доп. Доптың пішіні домалақ. Түсі –қызыл . Допты біз лақтырып, теуіп ойнау үшін пайдаланамыз.

  • Бұл- қуыршақ. Қуыршақ қыздардың ең сүйікті ойыншығы.

  • Бұл - құрастырғыш. Құрастырғышты біз түрлі заттар құрастыру үшін пайдаланамыз.

  • Бұл – машина. Машинамен ұлдар ойнайды. Машиналардың түстері әр түрлі болады.


  • Сендер қандай ойыншықты ұнатасыңдар? Үйде сендердің қандай ойыншықтарың бар?


«Не жоқ?» ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Ойын шарты: педагог бірнеше ойыншықтарды балаларға таныстырады. Балалар көзін жұмған кезде бір ойыншық жасырылады, балалар қай ойыншық жоқ екенін табу керек.


Магнитті құрастырғышпен үй құрастыру

Тапсырма мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тапсырма шарты: құрастырғыштармен үй құрастыру.


12.02.2019 ж

«Ол не ?» ойыны

Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Ойын шарты: қоржын ішінде бірнеше ойыншық болады. Сол қоржынға балалар қолын салып ,сипап сезу арқылы қандай ойыншық жасырылғанын табу.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Біз тынығып алайық
Тынығып біз алған соң
Орнымызға отырайық

Түрлі-түсті құммен жұмыс

Тапсырма мақсаты: баланың ұсақ моторикасын дамыту.


13.02.2019 ж

«Көлеңкесін тап» ойыны

Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты: ойыншықтармен мен оның көлеңкесі бейнеленген суреттердің ішінен әрқайсысының өз көлеңкесін табу.


  • Жабысқақ құрастырғыштармен жылан жасау.

Мақсаты: баланың ұсақ моторикасын дамыту


  • Пирамидамен жұмыс

Тапсырма шарты: пирамида жүзікшелерін түсін атай отырып, көлеміне қарай салу.

Тапсырма мақсаты: балалардың сенсорлық танымын дамыту.


14.02.2019 ж

«Қуыршақты киіндірейік» ойыны

Ойын мақсаты: баланың ойлауын , ұсақ моторикасын дамыту .

Ойын шарты: қуыршақты дұрыс киіндіру .


  • Тақырыпқа сай сюжетті суреттермен жұмыс жасау



Кабинет ішіндегі баланың қалауымен таңдалған ойыншықтармен жұмыс.

«Мұнараны құрастыр» ойыны

Ойын шарты: құрастырғыштармен мұнара құрастыру .

Ойын мақсаты: баланың ойлау қабілетін , ұсақ моторикасын дамыту.


15.02.2019 ж


«Дүкен» ойыны

Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Ойын шарты:педагог сатушы, балалар сатып алушы болып дукенге келеді. Өзінің сатып алғысы келетін ойыншығын дүкеншіге сипаттап береді.



Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтай көп-көп .

Иілеміз оңға қарай 1,2,3.

Иілеміз солға қарай 1,2,3.


«Жол құрастыру» құрастыру ойыны

Ойын мақсаты: балалардың ұсақ моторикасын дамыту.

Ойын шарты: машина жолын құрастырғышпен құрастыру.




Қорытындылау: балаларды мақтап, мадақтау








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
2821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі