400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ :ойыншықтарды сипаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
ББС:катынас, ҰОҚ:сөйлеуди дамыту, 2 киши топ, тақырыбы :ойыншықтарды сипаттау «Азамат» балабақша-бөбекжайы Балбөбек кіші тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Ойыншықтарды сипаттау»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: "Ойыншықтарды сипаттау"

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға ойыншықтарды мұқият қарастыруға және оларды тәрбиешінің сұрақтары арқылы сипаттауға үйрету; қойылған сұрақтарды белгілі бір ретпен түсіну және жауап беру Балалардың ойыншықтарды дұрыс атауға, балалардың сөздік қорын сөздермен байытуға – ойыншықтардың атаулары, белгілері, әрекеттері.

Дамытушылық: Ойыншықтарды қарау кезінде балалардың түсін, мөлшерін, сыртқы түрін ерекшелеп, атай білу қабілетін қалыптастыру. Үйлесімді диалогтық сөйлеуді, есте сақтауды, шығармашылық ойлауды, зейінді дамыту.

Тәрбиелік: Ойыншықтарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу

Әдіс тәсілдер:Синквейн әдісі, көрсету, сұрақ-жауап, мнемотехника, сергіту сәті, дидактикалық ойын

Мотивациялық қозғаушы

- Балалар, бүгін біз саябаққа серуенге шығамыз. Келіндер біріміздің артымыздан біріміз тұрып менімен қайталап айтып барайық:

Біз тура жолдармен

Біз тура жолдармен

Қадам басып барамыз

Бір, екі, бір, екі.

- Міне, саябаққа да келдік.

Ұйымдастырушылық ізденістік

- Балалар, қараңыздаршы, бұл ағаштың жанында не тұр?

- Дұрыс, жүк көлігі. Ал жүк көлігінде не жатыр?

- Дұрыс, ойыншықтар.

- Орындықтарыңызға отырайық және жүк көлігі қандай ойыншықтар әкелгенін қарастырайық.

Балалар орындарына отырады.

Мұғалім балаларға ойыншық Мысықты көрсетеді және оның не екенін сұрайды.

Қандай керемет ойыншық, ол қалай аталады?

-Дұрыс мысық

-Мысыққа ат қояйық балалар

-мурка

- Қолмен ұстап көрейікші қандай екен? (тәрбиеші балаға ойыншыққа қол тигізуді ұсынады) (Жұмсақ).

- Мысықтың түсі қандай? жеке және хормен сөйлеу

- Бұл мысықтың несі (құлақ)

-Құлағы қандай пішінге ұқсайды? (үшбұрыш)

- Ал, бұл несі? (көзі) көзі кандай пішінге ұқсайды? Олар қандай түсті?

- Мысықтың тағы несі бар? (аяқтары)

- Мысықтың аяғы қанша? (мұғалім балалармен санайды)

- Балалар, мысық біздің ол туралы шағын әңгіме құрағанымызды қалайды.

Бұл мысық.

Жүні жұмысақ,ақ түсті

Сүт ішеді, ойнайды, ұйықтайды

Мен мысықты жақсы көрем

Үй жануары (синквейн әдісі арқылы сипаттау)

Мен 2 баладан сұраймын. Мен жетекші сұрақтарға көмектесемін.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып біртұрып

Шынығып біз алайық

Содан кейін балалар тағы бір ойыншықты қарастырады, келесі сұрақтарға жауап береді:

- Бұл не?

- Қоян ?

- Қоянның түсі қандай?(көк)

-Бұл несі (құлағы)

-Құлағы қандай? (ұзын)

Мен балаларға қоян туралы айтуды ұсынамын. Егер балаларға қиын болыпжатса, онда мен әңгіменің үлгісін беремін.

- Бұл қоян. Оның үлкен құлақтары мен қара көздері бар. Оның жүні жұмсақ, тегіс. Ол сәбіз жегенді жақсы көреді.(мнемотехника әдісі арқылы сипаттайды)

Күшік пен қоянды салыстырамыз(бир-еки бала)

Д.О: «Кім не жейді». Дискідегі тамақтардың қасына қысқышпен жануарларды сәйкестендіру. Мақсаты: Қол маторикасы арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Рефлекциялық түзетушілік

- Міне, балалар, біздің саябаққа серуеніміз аяқталды. Ағаштың астынан не таптық? Жүк көлігі қандай ойыншықтар әкелді? Біз оларды қарап, сипаттадық. Жарайсындар балалар. Барлық ойыншықтарды сындырмай ұқыпты ұстау керек. Оларға мұқият тиянақты қарасақ олармен ойнай аламыз.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Ойыншықтарға мұқият қарап сиппаттауды (синквейн әдісін)

Нені игереді: Балалар тақырыпты толық игереді және ойлау қабілеттері дамиды.

Нені меңгереді:Мнемокесте арқылы әнгіме құрауды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
1386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі