Материалдар / Ашық сабақ өкізу 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ өкізу 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға алғыс айту жөнінде түсіндірме сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2023
196
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Алғыс айту - парызым»
Мақсаты:

балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
-"алғыс күні"ұғымының мағынасын ашу, балалардың түсіну, бұл ұғымдар маңызды болып табылады олардың әрқайсысы дамыту үшін мәдени құндылықтар мен адами қарым - қатынасын қалыптастыру;
Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: түрлі – түсті қарындаштар, ребустар, түрлі – түсті қағаздар.


1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: "Алғыс айту - парызым!" атты ризашылық күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Досыма алғыс жүрегі» оқушылар орнымыздан тұрып бір-бірімізге алғыс айтайық.

(Оқушылар шеңбер жасап бір-біріне алғыстарын білдіреді)

1 - жүргізуші: Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

2 - жүргізуші: Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.

1 - жүргізуші: Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.

2 - жүргізуші: Бастысы – алғыс айта білу...
1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..

Бірге: Рахмет айтамыз!

1 - жүргізуші:
-Ризашылық дегеніміз не?
-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Сыныптастарымыздың ойларын тыңдап көрейік.
(Балалардың жауаптары тыңдалады.)

2 - жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

1 - жүргізуші:
Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.

2 - жүргізуші: Иә, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап білімнің кәусар бұлағынан сусындататын асыл жандар - аяулы ұстаздар туралы қанша мақтау сөздер айтсақ та тауыса алмаспыз.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.
(Оқушылыр мұғалімдеріне алғыс айтады)





2 - жүргізуші:
Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

1 - жүргізуші:
Бүгінгі ризашылық күнін және алдағы келе жатқан 8 - наурыз халықаралық аналар мерекесін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз!
Бүгінгі күн — нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ескеретін күн бүгін -
Ризашылық қой әр елде - дей келе, енді сынып оқушыларының алғыс өлеңдеріне кезек берелік.

1. Анама алғыс!
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.

2. Әкеме алғыс!
Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.
Өмірімде бөрідей болуға баулып
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Бақытым болар жырымды жария етсем
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.

3. Ағаға алғыс!
Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.
Бір бәлеге тап болса құрдастарым
Қапсырмалап, қысатын жанымды демім.
Бауырларым болмаса тірегім болған
Осыншама айбатты, арынды ма едім?!

4. Әпкеге алғыс!
Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.
Анамыздан айнымай туылғаннан ақ
Иесіне айналған әдемі үміттің.
Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі
Белгісі болып жаралған әдеміліктің.


5. Ұстазға алғыс!
Бағым жанып, батылмен бел асқаныма.
Төзіндіріп өмірдің талаптарына
Ниеттеген арманның ең асқағына.
Арқасында ұстаздың даналар баққан
Ой - өрісім бұл күнде тең аспаныма.

6. Досыма алғыс!
Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.
Ең бақытты ер болып жүретін едім
Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
Көтеретін еңсемді егіліп, талсам
Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.

1 - жүргізуші:
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

Оқушылар ұяшық таңдап,ұяшықтан аты шыққан адамға жылы лебіздеріңізді жазсаңыздар.



2 - жүргізуші:
Осымен "Алғыс айту - парызым!" атты Ризашылық күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
1 - жүргізуші:
Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр,
Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр.
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Арта берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан,- деп сөз кезегін «10Б»сынып жетекшісі Смағамбет Нұргүл апайға береміз.

















Ашық тәрбие сағаты




Тақырыбы: «Алғыс айту - парызым»

Дайындаған:Жолдасова Акерке














2022-2023




Ашық тәрбие сағаты




Тақырыбы: «Алғыс айту - парызым»

Дайындаған:Мұхтарова Маржан














2022-2023


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!