400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ Олжас Сүлейменов "Тұңғыш ғарышкер" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәннің аты: әдебиеттік оқу

Күні: 20.02.2017 ж

Сыныбы: 3 «В»

Мұғалімі: Турлыбаева Асылай

Сабақтың атауы

О. Сүлейменов. Тұңғыш ғарышкер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің мазмұнын түсіндіру, тұңғыш ғарышкер туралы мағлұмат беру.

Түсініп оқу, мәнерлеп оқу, өлеңді талдау дағдыларын қалыптастыру; талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;  ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы             

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров суреттері, қысқаша бейнероликтер.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, талдау, түсіндіру, сұрақ-жауап 

Сабақтың формасы: жұптық , талдау, сипаттау

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

- Осы біздер қандаймыз?
- Талабы биік таудаймыз!
- Біз нені ұнатамыз?
- Жақсылықты ұнатамыз,
-Жамандықтан тез қашамыз.

-Қалай оқимыз?

-Көп оқимыз. Терең оқимыз

-Жанып тұрған шырақпыз,

Толқынды су бұлақпыз.

-Біз кімбіз?

-Елімізді өркендететін.

Қазақ тілін көркемдететін,

Бабаларға тағзым ететін,

Аналарға бас иетін

Елтаңбасымен еңселі,

Туымен тұғырлы,

Әнұранымен айбатты-

Қазақ елінің болашағымыз!

Мұғалім бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын сұрау

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үйге мәтінді әңгімелеу

1топ-Автор туралы мәлімет беру.

Кәмен Оразалин (1920-2008) жазушы. 1920жылы 16 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында дүниеге келген. 1939 жылы орта мектепті бітірген соң мұғалім болып, сауатсыздықты жою науқанына қатысты. Ұлағатты ұстаз, Абайтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.Бала кезінен Абайдың әндері мен шығармаларына тәнті болып өсті.

2топ-Киіз үй бөлімі бойынша әңгімелеу

3топ-Күнжанның қонақтары

4топ-Абай шаңырағы

Үй тапсырмасын қорыту:

Әр топ сандықшадан сұрақтар алып жауап береді.

-Абайдың үйін осындай әдемі етіп ұстаған кім?

-Сүйек төсек дегеніміз не?

-Киіз үйді көрген Әуез қарт қандай күйде болды?

-Шымши дегеніміз не?

-Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?

-Абайдың үйінде болған заттарды сипаттап айтып бер?

-Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

-Алаша дегеніміз не?

Бағалау: күн-өте жақсы, ай-жақсы,

жұлдыз-қанағаттанарлық.


Қызығушылықты ояту

Қызығушылықтарын ояту:
Тобымызға алдымен ат қойып алайық. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, қай топ жұмбақтың жауабын дұрыс тапса сол топ атты иеленеді.
1. Таңмен көзін ашады.
Әлемге нұрын шашады.
(күн)
2.Ұшады қанатсыз

Зырлайды аяқсыз (зымыран)

3. Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге.
(ай)

4. Қараңғыда жымыңдай, жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады.
(жұлдыз)
Әр топ өз топтары жайлы айтып өтеді.

Күн-қызған газды шар. Күн жүйесінің орталық денесі. Жерге ең жақын жұлдыз.(толықтырамын)

Зымыран-өз массасын біртіндеп бөліп шығару нәтижесінде пайда болатын реактивті қүш әсерінен қозғалатын ұшу аппараты. (толықтырамын)

Ай –Жердің табиғи серігі. Өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі.Ай жер тәрізді, диаметрі 3476 км , жердің диаметрінен 4 еседей аз. (толықтырамын)
Жұлдыз-
өте күшті қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан күнге ұқсас аспан денелері. Жұлдыздар жерден өте алыс орналасқандықтан телескоппен қарағанның өзінде нүктедей ғана болып көрінеді. (толықтырамын)

-Балалар телескоп туралы не білеміз? Оны білу үшін мына бейнебаянға назар аударайық.

Телескоп туралы бейнебаян көрсету.
Жаңа сабақ:
- Балалар, біз телескоппен қайда қараймыз, нені зерттейді екенбіз?

-Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер»өлеңі, яғни осы ғарышқа тұңғыш ұшқан ғарышкер туралы танысамыз.
Автор жайлы мәлімет
Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі, саяси және қоғам қайраткері
1936 жылы Алматыда дүниеге келген.
1989 жылдан «Семей Невада қозғалысының төрағасы
Жазушы, ақын
«Арғымақтар» 1961 жылы шықты
2002 жылдан ЮНЕСКО – дағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
-Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

- Өлең кім туралы?
- Юрий Алексеевич Гагарин туралы.
Юрий Гагарин туралы мағлұмат беру
(бейнебаян көрсету)

-Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол жерді айналып ұшып, 1 сағат, 48 минуттан кейін аман-есен Жерге қайта оралды. Жерге орала салысымен оны сән-салтанатпен күтіп алып, мақтау мен мадақтаудың астында қалдырды.Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді үйретіп жаттықтыру ісіне тікелей араласып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды.Көптеген ордендермен, медальдармен, шел ел ордендерімен марапатталды. Болгарияның батыры, Венгрияның еңбек ері атақтары берілді.

-Тағы толық мағлұмат алу үшін ғарышқа ұшу туралы мына бейнебаянға назар аударайық.

Оқулықпен жұмыс:
«Бір сәт қиялдап көр»
. Сен аспанға ұшқан ғарышкерсің. Міне, Жер Анаға оралатын кезің де жақын. Дәл осы сезіммен өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығайық.

Оқушыларға тізбектей оқу әдісі бойынша оқыту.

Өлеңді сұрақ – жауап арқылы талдау, әңгімелеу.
1топ- Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді?
2топ- Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді?
3топ- Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтіндігін қалай білген?

4топ-Гагариннің жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген?

Бағалау: күн-өте жақсы, ай-жақсы,

жұлдыз-қанағаттанарлық.


Сергіту сәті:

Ғарышқа ұшқан жануарлар

Жануарлар ғарышқа ұшқан алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар адам баласы ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексерту үшін олар алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды.

Ең алғаш ғарышқа ұшырылған жәндіктерге дрозофила шыбыны жатады. Оларды 1947 жылы америкалық V-2 зымыраны бортында ұшырды. Зымыран шіркейлерді жүгерісі бар қораппен бірге алып ұшты. Бұл тәжирибенің мақсаты биіктіктегі радия цияның шіркейлерге әсерін тексеру болды.

Кішкене дрозофилдер зерттеу әлемінің сүйіктілері болып табылады. Адамда кездесетін аурудың төрттен үш бөлігі осы жәндіктердің генінде де кездеседі.

Альберт 1 мен 2 –ғарышқа ұшқан екі макака маймыл. Альберт1 1948 жылдың 11 маусымында ұшырылды. Ол Нью-Мехикодағы V -2 Блоссом зымыраны бортында ұшырылды. Ол ұшу кезінде тірі қалып, Жерге түскенде соққы әсерінен өлді. Альберт4 1949 жылдың 12 желтоқсанында ұшырылды. Бұл ең алғашқы сәтті ұшу болып, маймылға ешқандай зиян келген жоқ. Бірақ Альберт4 соққы әсерінен өлді.

1951 жылы Альберт VI ғарыш әлеміне аман есен барып келді. Алайда Алберт 6 да екі-ақ жыл өмір сүрді. Қысқасы ғарыш әлеміне шын берілген маймылдар ұзақ өмір сүре алмаған.

Орыстар американдықтар сияқты маймылдарды емес, зерттеуге көбінесе иттерді араластырған.

Ғарыштағы алғашқы иттер

Ғарышқа иттерді алғаш рет Кеңес Одағы ұшырды.

Лайка-орбитаға жеткен ең бірінші жануар. Оны 1957 жылдың 3 қарашасында Кеңес Одағының–Спутник-2 кемесімен ұшырылды. Лайка кабинасына телевизиялық камералар мен айналадағы температура мен қысымды өлшейтін сенсорлар орнатылды. Сенсорлар сонымен қатар Лайканың қан қысымын, тыныс алу жиілігін және жүрек соғысын өлшеп, зерттеуге арналды. Лайканың жасы 2-де салмағы 6 келі болған. Лайка ұшу жолында 5-6 сағаттан соң қатты ыстықтан өліп кеткен.

1960 жылы 19 тамызда Байқоңыр ғарыш айлағынан Белка және Стрелка атты иттер Спутник 5 кемесімен ұшырылды. Белка мен Стрелканың саяхаты Жер айналасында орбиталық ұшуы мүмкін екендігі туралы тұжырымға келуге мүмкіндік берді.Бірнеше айдан кейін Стрелка жарық дүниеге 6 күшік әкуелді. Белка мен Стрелка қартайғанша өмір сүрген.Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып, адамзат баласы ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.

1968 жылы орыстар жануарларды алыс ғарышқа жіберді. Солардың бірі тасбақа болатын. Ол бүкіл ай бетін толық айналып өткен. Сонымен бірге ғарышққа барып қайтқандар: шимпанзе, теңіз шошқасы, құрбақа, атжалман, мысық, жәндіктер, және сирек кездесетін фундолиюс атты балық түрі. Олардың бәрі де аман есен оралған.

«Ой қозғау»

Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?
1топ-Т. Әубәкіров туралы мәлімет беру.

1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды обл, Қарқаралы ауд. туған.Байқоңыр ғарыш айлағынан 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні қазақтың қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстанда тұңғыш болып ғарышқа ұшты. Қазанның 10 күні ғарыш кемесімен жерге қайтып оралды. Ғарыштағы уақыты 7 күн 22 сағат 12 минут.Ол сапарынан аман – есен жерге қонды.
2-топ -Талғат Мұсабаев – 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол ең алғаш ғарышқа 1994 жылы ұшты. Ол үш мәрте ғарышқа ұшқан.Жалпы алғанда ғарышта болған уақыты 341 күн 9 сағат 48 минут.

3топ-Айдын Айымбетов -1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылында дүниеге келген. 2015 жылы 2 қыркүйекте ғарышқа ұшқан үшінші қазақ ғарышкері.Ғарышта 10 күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын.

4топ- Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол жерді айналып ұшып, 1 сағат, 48 минуттан кейін аман-есен Жерге қайта оралды.

Дәптермен жұмыс:

Юрий Гагарин-ғарышқа 1961 жылы 12 сәуірде ұшты.

Тоқтар Әубәкіров-1991 жылы 2 қазанда ұшты.

Талғат Мұсабаев-1994 жылы 1 маусымда ұшты.
Жаңа сабақты бекіту:
«Бал жинау» ойынын ойнау.
Сұрақтары:
1. Өлеңнің авторы кім?
2. Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
4. Талғат Мұсабаев туралы не білесің?
5. Ғарышкерлер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың?
Жаңа сабақты қорытындылау:

Адам ерте кезден-ақ Ғарыш денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан.

-Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде және ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?

Негізгі ғарышқа жол1957 жылы 4-қазанда ашылған.

Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық стансалар да бар.

Автомат стансалар күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды.

Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына ауа райын алдын ала болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.

Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі.

Ғарыш құрал-жабдықтары Жердің табиғи серігі Айды да зерттей бастады.

- Зымыран ұшқанда ауа райы қандай болады?
- Ендеше зымыран ұшырудың бізге қандай пайдасы мен зияны бар екенін мына бейнебаяннан тамашалайық.
(Мультимедиядан зымыранның ұшырылуы көрсетіледі)

«Ой қозғау»
Ғарышкер дегеніміз кім?
Ғарышкер – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.
- Қандай ғарышкерлерді білеміз?
- Ғарыш айлағы дегеніміз не?

-Ғарыш айлағы дегеніміз –ғарыштық ұшу аппаратын құрастыру, дайындау, олардың ұщуын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін , инженерлік қондырғылармен және радиотехникалық заттармен жабдықталған аймақ.
- Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?
- Қалай аталады?
- Байқоңыр.

Картадан Байқоңырды көрсетеді.


Сергіту сәті


Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау. Ғарышкер болғым келеді тақырыбына әңгіме жазу. Ғарышкерлер туралы мәлімет жинау.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі