Сабақтың
тақырыбы: Ашық сабақ «Өлшем алу.
Алжапқышты алғашқы өңдеу»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға киімнің, оның ішінде
алжапқыштың түрлері,өлшем алу ережелерімен
таныстыру.
Тәрбиелілік:
Өнерді сүйе білуге, әсемділікке,
шеберлікке, тазалыққа баулу
Дамытушылық:
Оқушылардың өлшем алу кезіндегі
заңдылықтарын ескерту.
Сабақтың
түрі:
аралас сабақ
Сабақтың
әдісі:
түсіндіру, сұрақ - жауап, пікір алмасу
Көрнекілігі:
үлгі суреттері
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен
амандасу, назарларын сабаққа аудару
Шаттық
шеңбері
Бір-біріне
жылы лебіз: сабақ сәтті өтсін т.б.
Топқа бөлу стикер арқылы
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ
–жауап
1.
Балалар қандай киім түрлерін білесіңдер?
2.
Стиль түрлерін атаңдар?
«Миға
шабуыл» әдісі бойынша жаңа білімді
меңгертуге даярлау.
Жұмбақ
Киім
деуге жатпайды,
Киімді
кірден сақтайды
(алжапқыш)
1
топ.
Алжапқыш қандай киім түрлеріне
жатады?
(Тұрмыстық
киім түріне жатады)
2
топ.
Алжапқышты не үшін қолданамыз?
(оқушылар
өз ойларын айтады)
ІІІ.
Жаңа сабақ.
Адам
тұтынған киімдердің барлығы жүздеген
ғасырлар бұрын пайда болған. Әдепкіде
киім адамды тек суықтан қорғау қызметін
атқарған. Соның ішінде алжапқышты
ертеректе адамдар жұмыс киімдерінен
басқа киім түрлері болмағанда үстерінен
ластанудан қорғану үшін киген.Барлық
халықтардың киімдерінің ішінде алжапқыш
маңызды орын алады. Күнделікті тұрмыста
пайдаланылатын алжапқышты шыт матадан
ал, құрылыс алаңдарына, зауыттарға
арналған алжапқыштарды кендір матадан
дайындайды.Алжапқышты жеңіл әрі дағы
тез кететін маталардан тігеді яғни
құрамында зығыр мен мақта бар мата.
Өлшем
алу үшін сантиметрлік таспаны пайдаланамыз.
Оны 1810 жылы француз тігіншісі ойлап
тапқан. Таспаның ұзындығы 150 см болады.
Өлшем дұрыс болу үшін үнемі бір таспаны
пайдаланған жөн.
Сантиметрлік
таспа дециметрлік, миллиметрлік
бөліктерден тұрады.
Кез
келген бұйымды дайындау үшін оның
сызбасын жасау керек. Ал сызбаны дайындау
үшін адам денесінің өлшемін алу қажет.
Алжапқышты тікпес бұрын оның сызбасын
құрастырып, үлгі дайындайды. Ол үшін
адам денесінің өлшем бірлігін сантиметрлік
таспамен
өлшейді.
Қазіргі
заманда адам дене бітіміне жас ерекшелігіне
ортақ өлшемдер бар. Ортақ өлшемдер
30,32,34,40,42.Сызбаны даярлау үшін адам
денесін өлшемін алу қажет. Өлшемді
дұарыс алу үшін адам денесіндегі
негізгі өлшем сызықтардың орналасуын
жақсы білу қажет және мына ережелерді
сақтау керек.
1.Өлшемді
тігінен алғанда толық, ал енінен
алғанда жартылай аламыз
2.Өлшемді
дене бітімнің оң жағынан алған дұрыс.
3.Белді
белді см таспамен алдын ала өлшеп
алады.
4.Өлшем
алу кезінде дене бітімді түзу және тік
ұстау керек.
5.Өлшемді
сантиметрлік таспамен өлшеп алады
.Өлшеу барысында сантиметрлік таспаны
созуға немесе бос ұстауға болмайды.
6.Ұзындық
өлшемі түгел,ал ен өлшемі мен дене
айналымның жарты өлшемі жазылады.
Себебі,сызба құрастырғанда дененің
жарты өлшемі алынады
7.Алжапқыш
үлгілерін таңдап оған сипаттама беру
8.сызбасын
тұрғызу
9.Пішу
бөліктерін дайындау
10.Матаны
пішуге әзірлеу
Алжапқыш
құрлымы сызбасының өлшемі
Өлшем
атауы
|
Әріптік
белгілеу
|
Өлшем
алу ережесі
|
Қолданылуы
|
Көкірекше
ұзындығы
|
КҰ
|
Бел
сызығынан жоғары қарай қажетті
ұзындыққа дейін
|
Алжапқыш
көкірекшесінің ұзындығын анықтау
|
Төменгі
бөлшек ұзындығы
|
ТБҰ
|
Бел
сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа
дейін
|
Алжапқыштың
төменгі бөлшегінің ұзындығын анықтау
|
Белдің
жарты айналымы
|
Бжа
|
Тұлғаның
ең жіңішке бөлігі
|
Белбеудің
ұзындығын анықтау
|
Мықынның
жарты айналым
|
Мжа
|
Көлденеңнен
алғанда мықын айналымы
|
Алжапқыштың
төменгі бөлшегінің енін анықтау
|
Төменгі
бөлік Қалта
IV.Жаңа
сабақты түсінгенін тексеру
«Түймедақ»
ойыны.
постер
арқылы
V.Сабақты
бекіту:
«Алжапқышты
модельдеу»
Әр
топ оқушылары алжапқыш үлгісін түрлі-түсті
қағаздан жасап,әшекейлейді.
VІ.
Қорытынды: Оқушылар
бүгінгі сабақта «не үйрендім, не
білдім» өз ойларын стикерге жазып
тақтадағы суретке жапсырады
VІІ.
Оқушыларды бағалау:
VІІІ.
Үй тапсырмасы:
Өз өлшемдерін алу