жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Өмір жолын таңдау
Тақырып: ӨМІР ЖОЛЫН ТАҢДАУ
Құндылық:дұрыс әрекет
Қасиеттер:
Мұғалiм:
Сынып: 9
Сабақ мақсаты:: Адаммныңың өзініңболашақ өмір жолын таңдауына, өзін өзі және қоршаған ортаны тануда мәңгі, өзгермейтін, жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі дұрыс әрекеттің мәнін ашып, түсіндіру. Міндеттері: — дұрыс әрекеттің адами құндылық ретіндегі мәні мен маңызын ұғындыру. — адамның дұрыс.әрекет жасауға талпынысындағы субьективтік тәжірбиесін кеңейту -өмірдің мәнін дұрыс.әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру. -өзінің ойын,сөзімен ісіне талдау жасау біліктіліігн дамыту. -жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі дұрыс әрекеттің мәнін ұғынуға талпынысын тәрбиелеу.
|
Ресустары Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер, аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері |
Сабақ барысы |
Сабақ барысын талқылау: |
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Тыныштық сәтi. «Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады. -Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру.
|
|
3.Дәйексөз. Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың. Д. Дидро |
|
4.Әңгiмелесу (сұхбат). «Әдебиет танытқышы» үзіндісіи Ахмет Байтұрсынов 1. Мәтіндегі «… тіпті мүддесі жоқ адам болмайды» деген тұжырымды қалай түсінесіздер? Жауаптарыңызды нақты мысал келтіріп, дәйектеңіздер. 2. Автордың «ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей, екеуі ілінісіп, ұстаса кетеді» деген ойы нені білдіреді деп ойлайсыздар? Өз пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. 3. «Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады» деген пікірмен келісесіздер ме? Неліктен кейбір адамды ұсақ адам деп атайды? 4. Адам қандай қасиеттері арқылы өзінің өмір жолын белгілеп, жақсылық, жамандықты айырып, өзінше сынап, өзінше бағалай алады деп санайсыздар? 5. Сіздің ойыңызша, мәтінде қандай жалпыадамзаттық құндылықтар туралы айтылады?6. Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді? Мысал келтіріңіз. 7. Өзіңіздің өмірлік мақсатыңыз қандай? Мақсатыңызға жетудің жолдары қандай деп санайсыз? |
|
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма. Қанатты өздердi оқып, негiзгi ойын анықтап, бүгiнгi өмiрмен байланыстырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. 2-тапсырма. Кестеде берілген ұғымдарға сәйкес мағыналарын табыңыздар. 3-тапсырма. Өмір жолын таңдаудың қаншалықты күрделі әрі жауапты екендігін түсіну үшін төменде берілген мәтінмен танысып шығыңыздар және «Өмір жолын таңдау» тақырыбы бойынша пікірталас ұйымдастырыңыздар. Пікірталас үшін сұрақтар дайындап, төмендегі нұсқауларды басшылыққа алыңыздар |
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді |
6.Топпен ән айту. Арман жолдар Сөзін жазған Арман Дүйсенбі Әнін жазған Ұлықпан Жолдасов Жол – жетелейді арман мен мұраттарға, Жол – жауап жоқ алады сұрақтарға. Сен адастырма, арманым, жол бастаған, Үйреттің өмір сырын алғаш маған. Сен – қиялы құсым сапарға алып ұшқан, Сен – арман ару, жаралған сағыныштан. Сен – жас дәуренім, жүзіндей ақ алмастың, Мөп-мөлдір кәусарыңа қана алмаспын. Сен – арман-қиял, жетелеп жас күнімді. Сен – ұрлап алып кетпеші жастығымды. Сен – қол жетпейтін тұратын сағымнансың, Жолдарда жүріп өткен әнім қалсын. |
|
7.Үй тапсырмасы.
|
|
8. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдермен таныстық? (балалар өздері қорытындылайды) балалардың жауаптарын тыңдаймын. -Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші… (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Е лестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген