Материалдар / ашық сабақ "Өмір сен маған қымбатсың"9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ "Өмір сен маған қымбатсың"9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға өмір жайлы түсіндіру.Қандай кедергілер шықсада тек алға ұмтылу керек екендігін айту.Жас мамандарға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Өмір сен маған қымбатсың»

Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, өмірге деген қызығушылығын оятып, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып көмек көрсетуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.  «Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау;
Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу;
Өмірге құштарлықтарын арттыру;

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
(Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.)

2."Дүкен " жаттығуы.

3.« Биік шыңға ұмтылу»

4.Ән. Өмір туралы
5.Психолог:

6. Сұрақ-жауап

7.  «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан"(көрініс)

8. Бейнеклип.

9. «Саяхат» (экскурция) ойын.

10. " Өміршеңдік "ережесі.

11. Тамаша өмір сүрудің 7 кілті

12.Топпен ән."Дүние керуен"

13.Қорытынды


Сәлеметсіздер ме !Құрметті ұстаздар мен оқушылар.

Бүгінгі 8-9 сыныптар арасындағы "Өмір сен қымбатсың" атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер.

Шыда жаным, шыдай түс, шыда таағы.

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,

Мына өмір бірақ та қымбат әлі,






- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.

Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.

Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.



1. Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы:- МЕН «Өмірдің ағымынан қалмау»
-«ешқашанда білмеймін демеу»
-«қасындағыларға көмектесу»

2.Дүкен жаттығуы.

Дүкен жаттығуында әр оқушы өз атының бас әрпінен кеклетін дүкеннен зат сатып алады. (мысалы: менің есімім Қаламқас, мен дүкеннен барлықтарыңызды қадағалау үшін, қалам сатып алдым.)

Бұл жаттығу есте сақтау қабілетін жақсартады


3.« Биік шыңға ұмтылу»

Оқушыларға аяқталмаған сөйлем беріледі
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады (парақ таратылады) тақтада сөйлемнің басы жазылған:
Ашық айтқанда, маған әлі қиын...
Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...
Ашық айтқанда, маған ұнамайды...
Ашық айтқанда, мен қуанамын....

Оқушылар ән айтады.
4.Психолог:

- Біз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?
- қолдарыңды көтеріңдер, кімде сенімді дос бар?
Аутогенді жаттығу.
Тренингке барлық оқушы қатысады.
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру




Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір - бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)

Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылғаны ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір - бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөңгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды.

Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.


5. Сұрақ-жауап


Өмір дегеніміз не, қалай түсінесің?

Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

Өмір адамға несімен қымбат?

Сіздер өмірде өздеріңді бақыттымын деп санайсыңдар ма?

Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің?

Келешекте сіздер өз өмірлеріңізді қалай құрар едіңіздер?

-Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?

-Адам өз бақытын табу үшін не істеуі керек?

Өмір деген – алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы, жарқын өмір сүруі тиіс.

Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп, не істесең де ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйрен.

Өмірде бәрі де өткінші екенін ұмытпа.


6.  «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан»

(Оқушылардың дайындаған өмір туралы көрінісі)

7. БЕЙНЕКЛИП. Ал балалар өзіміздің оңтүстік өңірінен шыққан жасөспірімдеріміздің тобынан құрылған «Сәт триосы» М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Көнеміз ғой» әнін назарларыңызға ұсынғым келіп отыр. Өмірге құштарлықтарын әлемге паш етіп жүрген жасөспірімдерімізге өмірде тек ғана сәттілік тілейміз. «Сәт Триосы»


8. «Саяхат» (экскурция) ойын.

Әр топтан бір оқушыдан аламыз, 1-топтан журналист, 1-топтан саяхат кеңесші, 2-топтан жургізуші, 2-топтан фотогроф аламыз, қалғандары қыдыруға келген қонақтар болады. Журналист, саяхат кеңесші , жүргізуші, фотогроф әр қайсысы өз жұмыстарын істеп, қонақтарды көрмеге (суреттер ілінген тақтаның алдына) алып келеді. 
Салынған суреттерге қарап мұғалім анықтама береді. 
Оқушылар қайтадан дөңгеленіп орындарына тұрады. (өз рольдерінізді жақсы ойнап шықтыңыздар деп бір-біріне көрсетіп, қол соғамыз) 


9. " Өміршендік "ережесі. Әр адамның ережесі – өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, Өміршеңдік ережелерін айтайық.

1. Жігер деген – Мен

2. Күш деген – Мен

3. Махаббат деген – Мен

4. Кешірім деген – Мен

5. Құдірет деген – Мен

6. Жасөспірім деген – Мен

7. Жастық шақ деген – Мен

8. Денсаулық деген – Мен

9. Адалдық деген – Мен

10. Жақсылық деген – Мен

11. Бар ғажайып деген – Мен


Хормен: Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда




10. ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 7 КІЛТІ

1. Өзіңді таны

Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.

2. Өмірде шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.

3. Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.

4. Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету.

5. Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.

6. Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.

7. Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады. Шүкір етуді ұмытпау керек!












11.Қорытынды:

Өмір – өзен ағып жатыр, тынбайды,

Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,

Сондықтан да, өз-өзіңе абай бол,

Өмір сені сонда ғана шыңдайды

Өмір – сенің мүмкіндігің, пайдалана біл;

Өмір – сұлулық, сүйсіне біл;

Өмір – арман, жүзеге асыр;

Өмір – парыз, орындай біл;

Өмір – ойын, ойнай біл;

Өмір – байлық, бағалай біл;

Өмір – махаббат, ләззат ала біл;

Өмір – құпия, сырын аш;

Өмір – қайғы, көтере біл;

Өмір – күрес, жеңе біл;

Өмір – бақыт, баянды ете біл.


деп ақындар жырлағандай, Өмір – арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуің мүмкін. Ал енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көреалмаушылық танытпа, өз мақсатың үшін күресе біл. Өзіңнің күшті жақтарыңды көрсет, әлсіздік, шарасыздық танытпа. Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің.























































































































Тақырыбы: Өмір сен маған қымбатсың! 

Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, өмірге деген қызығушылығын оятып, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып көмек көрсетуге шақыру мақсатпен жүргізіледі. 


Құрал-жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар. 

Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушымен амандасу. 
Көңіл-күйін сұрау. 
Төрт топқа стол дайындау 
Барысы: 
-Барлық балаларды дөңгелетіп тұрғызамыз, бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы: «Өмір сен мған қымбатсың» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылды, Бүгінгі күнгі тренингтен не күтесіңдер? Оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады. 
-тренинг ережесмен таныстырамыз 
-таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз. 
Тренинг ережесі: 
-Бір-бірін тыңдау 
-уақыт үнемдеу 
-белсенділік таныту 
-Достық қарым-қатынас 
-жағымды эмоция тудыру 
І-жаттығу. Әр оқушы өз атын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады. 
Мысалы:- «Өмірдің ағымынан қалмау» 
- «Ешқашанда білмеймін демеу» 
- «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау» 
- «Биік шыңға ұмтылу» 
ІІ-жаттығу. Әр оқушы өз атында көз алдыңызға не елестейді? (Әрбір оқушы өз ойларын айтып шығады) 
Оқушыларды төрт топқа бөлеміз.1.жаз, 2күз, 3.қыс, 4. көктем 
Оқушыларға қағаз таратылады, қағазда «Күн шуағын төгіп...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтайды, сол қағазға күннің суретін салды. 
Салған суретін артына аты жөндерін жазып, тақтаға іледі. 







ІІІ-жаттығу. «Саяхат» (экскурция) ойын. Әр топтан бір оқушыдан аламыз, 1-топтан журналист, 2-топтан экскурсовет, 3-топтан жургізуші, 4-топтан фотогроф аламыз, қалғандары қыдыруға келген қонақтар болады. Журналист, экскурсовет, жүргізуші, фотогроф әр қайсысы өз жұмыстарын істеп, қонақтарды көрмеге (суреттер ілінген тақтаның алдына) алып келеді. 
Салынған суреттерге қарап мұғалім анықтама береді. 
Оқушылар қайтадан дөңгеленіп орындарына тұрады. (өз рольдерінізді жақсы ойнап шықтыңыздар деп бір-біріне көрсетіп, қол соғамыз) 
Аутоагентті жаттығу (ауто тренинг) «Кірпіш» 
Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауға қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды. 

Қорытынды: Өмір қымбатсың сен маған

































Мақсаты:

өмір адам баласына берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету.

адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту.

балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайд, бейнеклип.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. М.Бесбаев орындауындағы «Ғажайып өмір» күйі.

ІІ. Кіріспе сөз

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,

Мына өмір бірақ та қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.

Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Сұрақ-жауап

Өмір дегеніміз не, қалай түсінесің?

Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

Өмір адамға несімен қымбат?

Сіздер өмірде өздеріңді бақыттымын деп санайсыңдар ма?

Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің?

Келешекте сіздер өз өмірлеріңізді қалай құрар едіңіздер?

ІІІ. Топтық пікірталас жүргізу.

Ең бастысы – жүрегің таза болсын;

Өмір – сенің мүмкіндігің, пайдалана біл;

Өмір – сұлулық, сүйсіне біл;

Өмір – арман, жүзеге асыр;

Өмір – парыз, орындай біл;

Өмір – ойын, ойнай біл;

Өмір – байлық, бағалай біл;

Өмір – махаббат, ләззат ала біл;

Өмір – құпия, сырын аш;

Өмір – қайғы, көтере біл;

Өмір – күрес, жеңе біл;

Өмір – бақыт, баянды ете біл.

ІV. «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» Ш. Сариев өлеңін талдау.

Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?

Адам өз бақытын табу үшін не істеуі керек?

Өмір деген – алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы, жарқын өмір сүруі тиіс.

Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп, не істесең де ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйрен.

Өмірде бәрі де өткінші екенін ұмытпа.

V.      БЕЙНЕКЛИП Ал балалар өзіміздің оңтүстік өңірінен шыққан жасөспірімдеріміздің тобынан құрылған «Сәт триосы» М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Көнеміз ғой» әнін назарларыңызға ұсынғым келіп отыр. Өмірге құштарлықтарын әлемге паш етіп жүрген жасөспірімдерімізге өмірде тек ғана сәттілік тілейміз. «Сәт Триосы»




VІ. Жағдаяттар.

Төменде берілген жағдаяттарды сен қалай шешер едің. Осы баланың қабылдаған шешімі дұрыс деп ойлайсың ба? Дәлелде.

Жағдаяттар:

1. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі.

2. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады.

Жауабы: 1. Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді.

2. Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай болса да қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.

VІІ. ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 7 КІЛТІ

1. Өзіңді таны

Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.

2. Өмірде шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.

3. Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.

4. Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету.

5. Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.

6. Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.

7. Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады. Шүкір етуді ұмытпау керек!











VІІ. Әрине өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес.

Олай болса балалар поэзиялық үзіліске кезек берейік.

VІІI. Поэзиялық үзіліс М.Шаханов жігерлендіру.

Х. Өміршендік ережесі.

Әр адамның ережесі – өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, Өміршеңдік ережелерін айтайық.

1. Жігер деген – Мен

2. Күш деген – Мен

3. Махаббат деген – Мен

4. Кешірім деген – Мен

5. Құдірет деген – Мен

6. Жасөспірім деген – Мен

7. Жастық шақ деген – Мен

8. Денсаулық деген – Мен

9. Адалдық деген – Мен

10. Жарқындылық деген – Мен

11. Бар ғажайып деген – Мен

Хормен: Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.

ХІ. Өмір – өзен ағып жатыр, тынбайды,

Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,

Сондықтан да, өз-өзіңе абай бол,

Өмір сені сонда ғана шыңдайды- деп ақындар жырлағандай, Өмір – арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуің мүмкін. Ал енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көреалмаушылық танытпа, өз мақсатың үшін күресе біл. Өзіңнің күшті жақтарыңды көрсет, әлсіздік, шарасыздық танытпа. Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!