Өмірің өз қолыңда
Мақсаты: Оқушыларға өмір, оның ммәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру. Міндеттері: - Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру; - Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету; - Еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: аудиокассета. Шаттық шеңбері Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Балалар бір-бірімен сәлемдеседі. Барлығы қосылып, С.Бәйтерековтің «Өмір - өмір» әнін шырқайды. Әнді аудиокассетадан тыңдауларына болады. Өмір - өмір Өмір, өмір өмірдің мәні қандай, Қайратыңды қайратқа жанығандай. Қайғырма ешқашан да, қайғырма ешқашан да, Өмірің өз қолыңда.
Жүлде алғанда, жарыстан озғаныңда, Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда. Қайғырма ешқашан да, қай,ырма ешқашан да,Өмірің өз қолыңда.
Өмір, өмір, өмірдің жөні басқа, Сүрінбестен болады жаңылмасқа, Болады шегінбеске, Болады жеңілмеске, Өмірің өз қолыңда.
Жүлде алғанда, жарыстан озғаныңда, Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда. Қайғырма ешқашан да, қайғырма ешқашан да, Өмірің өз қолыңда. Өмір, өмір бар оның өз жұмбағы, Бақыт үшін қанша жан көз жұмбады. Арманда кетті қанша, Арманда өтті қанша, Өмірің өз қолыңда.
Өтті қанша бозінген, боздағың да, Осы өмір қашанда өз қолыңда.Қайғырма ешқашан да, қайғырма ешқашан да, Өмірің өз қолыңда. Әңгімелесу «Әңгімелесу» әдісі мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас ждасауға мүмкіндік береді. әңгімелесу сұрақтары баланың тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіріп, пікірін айта алуына жағдай жасайды. Адам баласы не үшін өмір сүреді? Өмір адамға несімен қымбат? Сенің өмірдегі мақсатың қандай?Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет? Мұғалім оқушыларды жетекші сұрақтармен бағыттай отырып, сұрақтарға жауап іздестірмеуге мүмкіндік жасайды. Мұғалім әңгімелесуді қорытындылай келе, «Өмір» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін, яғни өмір-қозғалу, даму, өсу, тіршілік дегенді білдіретінін; адамның өмірден өз орнын таба білуі, өмірлік ұстанымы, мақсаты болуы, білім, білік, іскерлік қабілетін жүзеге асыра білуі жеке тұлға ретінде қалыптасуы игі әсер ететінін нықтап айтады. Мәтінмен жұмыс Абайдың «Он жетінші» қарасөзін оқып түсіну арқылы оқушылар қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің айтысын талдап, олардың адам үшін артықшылығы неде, адамның мәнді де мағыналы өмір сүруі үшін ненің жақсы, ненің жаман екенін қалай ажыратқаны жөн, не нәрсеге мән беріп, нені басшылыққа алғаны дұрыс екенін байыптайды. Мұғалім мәтін бойынша сұрақтарға жауап ала отырып, ондағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің таласын ғылымның қалайша сараптағанына оқушылардың назарын аударады. Ғылымның «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет» деп ұқтыруының себебі неде екеніне байыппен мән беруге жетелейді. Он жетінші сөз Абай Оқу ақпараты Оқу ақпараты оқушылардың өмірге қарым-қатынасындағы ашық жүректілік пен ақыл-ой парасаттылығының қаншалықты маңызды екендігін нықтай келе, адами құндылықтардың адам өміріндегі мәнділігін айқындай түседі. Адам деген атқа лайықты өмір сүру өз қолында. Адам баласы өзін-өзі танып, жинақтаған тәжірибесін ақылға салып, жүрек жылуымен іс жүзінде пайдалана білгені абзал. Басқа адамдармен өзара сыйластық, сүйіспеншілік, түсінушілікпен қарым-қатынас жасай білу ізгілікке жеткізеді. өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту арқылы адамның қоршаған ортаға деген көзқарасы орнығады, еліне қызмет етуге бейімделеді. Жақсылыққа үйір болу, жамандықтан аулақ жүру - өміріңді қуанышты, табысты өткізуге игі әсерін тигізеді. Дәйексөз Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» деген нақыл сөзімен мұғалім оқушыларды таныстырып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғыну оқушылардың өз бойларында адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Тапсырма Тапсырманы орындау үшін оқушылар мәтіннің мазмұнына тереңірек мән беріп, Жаратушының адамзат баласына берген сыйын қуанышпен, қанағатпен, ризашылықпен қалай қабылдап, өз разылығын махабатпен қалай жеткізуді ой таразысынан өткізіп, ойланады. Мәтінді оқыңдар. Адамға жүктелген міндеттерге лайықты болу үшін құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сипаттап жазып, дәлелдеңдер. Тапсырма дәптермен жұмыс түрінде орындалады. ***Дана қарттар мынаны айтады: дүниені жаратудың ең басында Жердің, Аспанның және жердегі барлық тіршіліктің Жаратушысы тірі жандарға олардың өмір сүру мерзімдерін белгілеп беруді мақұл көрді. Ол алдымен өзіне адамды шақырып алды да, оған:- Сен адам, жерде жасалғандардың тұңғышы боласың, - деді. – Мен саған сөйлесін деп тіл бердім, және ой жүгіртсін деп парасат бердім. Дәптермен жұмыс 1-тапсырма Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. ∙ Жақсы адам болуға қандай қасиеттер көмектеседі?∙ Қандай нәрседен бойыңды аулақ ұстау керек?2-тапсырмаАбайдың өлеңін оқып, оны көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылаңдар. Жүректен жүрекке Оқушылар қол ұстасып, шеңбер құрып, барлығы бірге «Мен өмірді сүйемін. Өмір мені қолдайды. Өмірім өз қолымда», - деп айтады.