Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Омоним дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
 Жағымды ахуал қалыптастыру. «Керемет » тренингі . (Оқушылар шеңбер құрып тұрады.) Мақсаты: Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа қызығушылығын арттыру, сабақ тақырыбын анықтауға мүмкіндік туғызу. -Балалар, бүгін сендердің көңіл-күйлерің қандай? -Керемет! (оқушылар басбармақтарын жоғары көтереді) -Сабаққа деген ынталарың қандай? -Керемет! Олай болса, сабағымызды бастайық! Шеңбер бойында тұрған оқушыларға геометриялық фигураларды таратып беріп, сол фигуралар бойынша топтасуды сұраймын. /оқушылар тіктөртбұрыштар,көпбұрыштар,үшбұрыштар және шаршылар болып топтарға бөлінеді/. Әр топ өз тобының атауы туралы білетін мағлұматтарды айтады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дені саудың-жаны сау

Мектеп: Тобыл орта мектебі

Күні:16.01.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні:Хайрат Айнагул

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сөз және оның мағынасы. Омоним дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.2.1* - синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

2.4.2.2 – көптік жалғауларын дұрыс қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында

тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, білу, түсіну,талқылау, анықтау, құрау, жазу.

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:

Омоним сөздер, жүз саны, адамның жүзі, соңымнан ер, аттың ері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Омоним сөздер деген не?

  • Түріп жең,

Күресте жең.

  • Талып қар,

Күре қар.


Құндылықтар-ды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

Бастапқы білім

Дыбысталуы бірдей мағынасы әр басқа сөздердің мағынасын біледі. сөздер туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Жағымды көңіл күй туғызу.

2.Тақырыпқа кіріспе.

3. Мақсатты тұжырымдау.



4. Үй тапсырмасын тексеру.










5. Негізгі бөлім бойынша жұмыс.











Сабақтың ортасы

























Сабақтың соңы






















Үй жұмысы

(МК) Жүректен жүрекке

Оқушыларды сыпайылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір –біріне допты лақтыру арқылы жылы лебіздерін білдіреді.

-Әрқашан көңілді бол!

-Ешқашан ауырма!

-Денің сау болсын, т.б.

Оқушының сыни ойлау дағдыларын дамыту, сабақтың тақырыбын анықтау.

-Мына сөз тіркестерінің мағынасын айтыңдаршы!

Жүз саны, пышақтың жүзі, адамның жүзі, аяғыңмен бас, басыңды көтер, жуас қой, затыңды жерге қой.

17-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қою.

Әділеттің әкесі Әділ күн сайын ерте тұрып, денесін

шынықтырады.

Әділет, кел, бірге шынығайық, – деді Әділ баласын

шақырып.

Мақұл, әке! – деп, Әділет әкесіне ілесе жүгіріп, жаттығу

жасады.

«Шынықсаң, шымыр боласың!» – деді әкесі.

Әке! Сіз қандай күштісіз?! – деп, Әділеттің қарақаттай

көзі жайнап кетті. Жүзі нұрланып қуанып тұр.

Дескриптор:

  • Мәтіннің спортқа байланысты екенін түсінеді.

  • Мәтінге ат қояды.

  • Бір-біріне сұрақ қояды.

  • «Жүз» сөзінің әр мағынасына сөйлем құрастырады.

Ереже: Дыбысталуы бірдей, білдіретін мағыналары әр басқа сөздер омоним сөздер деп аталады. Мысалы. Алма-жеміс, алма- қимыл атауы: сен оны алма.

Т. 19-жаттығу. «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.

Сөйлемдер құрастырады.

  1. Көкем аттан түсті.

  2. Мен мектептен түсте келдім.

Дескриптор:

  • Берілген сөздердің екі түрлі мағынасына сөйлемдер құрайды.

Ө. 20-жаттығу. Көшіріп жазып, мағынасын түсіндіру.

Досың болса ер,

Соңынан қалма, ер.

21-жаттығу. Жұмбақты өлеңді оқып, шешуін табу.

Мұзайдында жеті бала

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың,

Санын айтсаң, жарадың.

Дескриптор:

  • Өлеңді мәнерлеп оқып, шешуін табады.

  • Таза ауада демалу денсаулықтың негізі деп біледі.

Қ. «Шапалақ» әдісі

(МК) Кері байланыс.

Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Өз-өзін бағалау

Оқушылар өз жетістіктерін «Жетістік баспалдағына» стикерді таңдап, жапсыру арқылы бағалайды.























































12 бет,18-жаттығу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Оқушыларға омоним сөздермен денсаулыққа спортпен шұғылдану пайдалы екендігін түсіндіремін.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Бүгінгі сабақтан алған әсерін, жетістігін айтып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беру.

Денсаулық және қауіпсіздік техника-сының сақталуы


Қауіпсіздік шаралары ескертіліп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Сабақ мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды.

Сабақ өз дәрежесінде өтті. Жоспарланған саралау сабақ барысында өз нәтижесін берді. Омоним сөздердің мағынасын түсінді. Жаттығулардан дұрыс таба білді. Спорт денсаулыққа пайдалы екендігін түсінді.

Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарға өзгерту енгізбедім.





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер омоним сөздер деп аталатынын білді.

2: Спорт денсаулық негізі екендігі жөнінде қосымша мағлұматтар алды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Мысалдар келтіру, сөйлемдерден омоним сөздерді табу.

2: Топтық жұмыстарда жаңа сабақты талдау жақсы нәтиже береді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

*Антоним, синоним, омоним сөздерді шатастырмау үшін тапсырмаларды түрлендіріп отыру керек.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
1325
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі