400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Он саусақтан тамған өнер" 7-9 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайталау сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Он саусақтың құдіреті»

Мақсаты: Оқушыларды қол өнермен таныстыру, ата-кәсібімізді қастерлеуге тәрбиелеу. Халқымыздың қол өнерін баулу, қыр-сырын үйрету.

Кіріспе

  • Қымбатты ұстаздар, оқушылар!

Бүгін, біз сіздермен мектеп оқушылары әзірлеген «Он саусақтың құдіреті» атты көрмеміздің ашылуына жиналып отырмыз. Бұл көрме оқушылардың туындысы мен шығармашылық жұмыстарынан жасақталған.

1-жүргізуші

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүрмен салтымыз, — дей келе осы көрмеміздің тұсауын кесеміз.

2-жүргізуші: «Өнер – жеміс, өмірге азық» демекші қолөнер арқылы жан-жақты берілген тәлім – тәрбие, олардың азығы болатынына дау жоқ. Қазақ халқының қол өнері өте бай және түрлі тармақтар мен салаларға бөлінеді.

Фариза: Әркімге керек қол өнер

Он саусаққа он өнер

Түгел болар, дүниең

Біліп алсаң оны егер.

Анар: Кесте тіге алмайтын

Болмаушы еді қыз бұрын

Жасауын өзі қомдайтын,

Кестелеп алуан түз гүлін

Төсек жапқыш, жүк жапқыш,

Кестелі қандай сәнді еді.

Отырып үйде тігіп іс,

Әлі есте айтқан әндері

«Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды»- демекші Асылай Сапарова өз жұмысын таныстырды. Асылай өзінің ақ қапқа сурет салып, қаптың көздерін тоқыма кішкентай балдардың киімінен жіп тарқатып көбелекті толық жіппен толтырып кестеледі. Инені жіпке сабақтап қаптың теріс жағынан алып өткізіп кішкентай қалдырып толық кестеледім де, ұсақ моншақтармен безендердім. Бұл тек қапқа емес қалың матадан тігілген киімдерге тігуге болады.

«Алтын балдақ – қол сәні, әшекей кетсе – тон сәні» — демекші Ақбаян өзінің жұмысын таныстырды. /Құрақ көрпе/

Құрақ көрпе қыз жасауында бірге береді. Өйткені келін болып барғасын астына салатын көрпе яғни шай құйғанда . Құрақ дегеніміз – ұсақ маталардан тігіледі. Отбасы ұсақ нәрселерден құрала берсей деген қазақта ырым бар. Бидай шүберегі ішінде, мақта тегіс төселіп, сырты құрақтан құралып қапталады. «Үлгісі көптің – өрнегі көп, өнері көптің – ермегі көп» демекші Артур өзінің жұмысымен таныстырды. Көлдің сәні аққу демекші аққу бейнесін  алдымен сызып алып, бірдей мөлшерде төрт бұрыштап қиып алып бүктеп алдымен табанын отырғыздым. Осындай қағаздан Ақтілекте гүл дайындады. Қол сүртетін салфетка түрлі түсті қағаздан төрт бұрыштап айналасын қиып ортасын тігіп біріктіріп дайындадым.

Анар: Еңбек сабағында тек қол өнеремен айналыспаймыз сонымен қатар тағам да дайындап үйренеміз. Қазір сіздердің алдарыңызға сазанның ортасына картоп, қызанақ, бұрыш, сәбіз салынған тағамды ұсынамыз. «Нан болса, ән болады» демекші ұннан дайындалған түрлі тағамдар қойылды. Қазағымыздың қолдан дайындалған нанының бірі таба нан.

Әдет – ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың

Жарасымды үйлесімді ғажап шын

Ұмыт болған дәстүрімізді сақтайық,

Насихаттап жаңартудан қашпайық



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі