400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ондық бөлшектерді көбейту" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жаңартылған бағдарламаға сай жазылған ,Өз сабағымда қолданып тақырыпты толық ашуға қолдандым.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5. 3В

Мектеп: «Зияткер» мамандандырылған мектеп интернат КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тикей М

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.28 Ондық бөлшекті натура санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау.

Сабақтың мақсаты

1. Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді біледі;

2. Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуге берілген есептерді шығарады.

Бағалау критерийі

1 Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтеді;

2Shape1 Ондық бөлшекті натурал санға көбейтеді;

3 Мәтін есептерді шығаруда ондық

бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді қолданады.

Тілдік мақсаттар


Ондық бөлшекті натурал санға көбейту және ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту анықтамаларын айтады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ондық бөлшек – десятичные дроби – decimals

Ондық таңба – десятичный символ –decimalsymbol

Көбейту – умножение – multiplication

Өрнек – выражение - expression

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер:

  • Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін ... керек;

  • Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту үшін ... керек;

  • Егер көбейтіндідегі цифрлар саны үтірмен ажыратуға тиісті цифрлар санынан аз болса ...

Құндылықтарға баулу




Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарай отырып, ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау. Жауапкершілік пен ынтымақтастықты қалыптастыру.Көшбасшылық

Пәнаралық байланыс

Информатика,физика ,

АКТ-ны қолдану дағдысы

Интерактивті тақта, презентация

Алдыңғы білім

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин









2 мин



Білу

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық ахуал тудыру: Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін) 2 мин

Қуанасын сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)

Қуанайық, достарым, (бір біріміздің қолымыздан ұстаймыз)

Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

І. Үй жұмысын тексеру. (Бағдаршам әдісі бойынша тексеріледі)

ІІ «Математикалық диктант»

8,1 ; 0,15; 45,256 ; 3,5 ; 12,96; 0,576; 0,5;

96,51 ; 151,243:

(Сағат тілінің бағытымен көршілеріңнің дәптерін тексеріңдер)

ІІІ. Теңдік тура болатындай етіп , тиісті жерлеріне үтір қоямыз.3 минут

Топпен жұмыс (Тақтаға жауабы көрсетіледі ) (аяқталғаннан соң қолдарын жоғары біріктіріп көтреді.)уақыт аяқталған соң топтар келесі топпен ауыстырып тексереді,

Тапсырма


Жауаптары

1 топ


1 топ

Теңдік тура болатындай етіп , тиісті жерлеріне үтір қоямыз.

27+03=3


Теңдік тура болатындай етіп , тиісті жерлеріне үтір қоямыз.

2,7+0,3=3

23*0,01=023


23*0,01=0,23

2 топ


2 топ

Теңдік тура болатындай етіп , тиісті жерлеріне үтір қоямыз.

78+002=782

356*0,1=356


Теңдік тура болатындай етіп , тиісті жерлеріне үтір қоямыз.



7,8+0,02=7,82

35,6*0,1=3,56

3 топ


3 топ

Теңдік тура болатындай етіп , тиісті жерлеріне үтір қоямыз.

995-195=8

35*0,1=35


Теңдік тура болатындай етіп , тиісті жерлеріне үтір қоямыз.



9,95-1,95=8

35*0,1=3,5

4 топ


4 топ

Теңдік тура болатындай етіп , тиісті жерлеріне үтір қоямыз.

795-195=6

85*0,1=85


Теңдік тура болатындай етіп , тиісті жерлеріне үтір қоямыз.



7,95-1,95=6

85*0,1=8,5


















Сабақтың ортасы

13 мин





















Қолдану



10 мин























13 мин



ІV. «Кім жылдам» есептеулер жүргізіледі.

1-тапсырма

Көбейтуді орыңдаңыз:

a) 9,03 ·17; d) 8,31 ·14

b) 3,52 · 0,2 e) 36,11 · 0,5

c) 2,15 ·12 f) 0,14 · 0,25

Дескриптор: Білім алушы

- ондық бөлшекті натурал санға көбейтеді;

- ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтеді.

2-тапсырма Кестені толтырыңыз.


Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

8,2 км/сағ


0,75 сағ



4,19 км/сағ


2,5 сағ


6,6 км/сағ

3 сағ


Дескриптор: Білім алушы - көбейтуді орындайды.

ІV .Оқулықпен жұмысс. «Ой қозғау» тәсілі бойынша тақтада . ( 4 топтан 4 оқушы шығып ,қалғандары орындарында есептейді) 5 мин

1 топ №654, 2 топ №655

3 топ №656 4 топ №657

Бағалау: «+», «-» бағалайды.

V. Топтық тапсырма (практикалық жұмыс,өмірмен байланыстыру)5 мин

1 топ. алма мен бананды таразымен өлшеу арқылы 2 есе артттырып, салыстырыңыз

2 топ. Ыдыстағы сулардың көлемін неше есеге артық екендігін анықтайыз.

3 топ. Ракетка мен домбыраның ұзындығын өлшеу арқылы 3 есе арттырып, салыстырыңыз.

4 топ. Асықты 10 рет иіру арқылы алшы жағымен түскен жағымен тәйкі түскен жағының санын 4 есе арттырып ,салыстырыңдар.

VІ.Сергіту сәті. «20 дөңгелекше» пайдалана отырып,әртүрлі суреттер салу керек,(Бұл тапсырма оқушыларды ойлануға ,шығармашылығын арттырады)

VІІ. Бәйге . Капитандарына сұрақтар қою арқылы жарыс.

  1. Бөлшек дегеніміз не?

  2. Бөлімдері бірдей бөлшектің қайсысы үлкен? ( алымы үлкені

  3. 10 дм де қанша мм бар? (1000)

  4. Тіктөртбұрыштың периметрі деген не? Р =2 (а+в)

  5. 9 ға қандай сандар бөлінеді? (Цифрларының қосындысы бөлінсе)

  6. Құрама сандар дегеніміз не?

  7. Бөлшектің алымы да бөлімі олардың бірден өзге санға бөлу қалай аталады?

  8. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең?

  9. Екіге қандай сандар бөлінеді? Жұп сандар

  10. Жай сандар дегеніміз не?

  11. Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса ,ол бөлшек қалай аталады? (дұрыс)

  12. Ондық бөлшектің бүтіндері тең болса,қалай салыстырамыз?



.

1360 (А деңгейі) Көбейтуді орындаңдар.

1) 17,4 * 5,2 3) 1,42 * 0,3

2) 5,81 * 1,5 4) 2,6 * 0,24

Дескриптор: Ондық бөлшектерді көбейту алгоритмін қолданып, есептің мәнін табады.

1344 (В деңгейі) Амалдарды орындаңдар.

1) 2,3 *11 + 1,8 * 15

2) 6,25 * 16 + 18,9 * 21

3) 12,08 * 100 + 75,6 *11

Дескриптор: -Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейтеді;

  • Ондық бөлшектегі ондық таңба санын анықтайды;

  • Көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажыратады;

  • Шыққан екі көбейтіндіні ондық бөлшектерді қосу алгоритмі бойынша қосып, мәнін жазады.

1349 (С деңгейі) Меншікті жылдамдығы 19,5 км/сағ моторлы қайық ағыс жылдамдығы 2,8 км/сағ өзенде ағыспен 2 сағ, ағысқа қарсы 3 сағ жүзді. Моторлы қайық барлығы қаншалықты жүзіп өтті.

Дескриптор: - Моторлы қайықтың ағыспен жүзген жылдамдығын есептейді;

  • Қайықтың өзенде 2 сағ ағыспен жүзген қашықтығын табады;

  • Ағысқа қарсы жүзген жылдамдығын анықтайды;

  • 3 сағ ағысқа қарсы жүзген арақашықтығын есептейді;

  • Қайықтың барлық жүзіп өткен арақашықтығын тауып, жауабын жазады.

Бағалау:

+

-

қызықты

Дұрыс шығарылған есептері

Қателескен тұстары немесе шықпаған есептері

Шығару жолында қолданған тиімді тәсілдері

Слайдтан есептердің дұрыс жауабын қарай отырып, кестеге толтырады. Сонымен қатар

мұғалімнің мадақтауы да қоса айтылады. Өйткені жетістігі үшін мадақтап, қолдау көрсету оқушы бойына сенім ұялатады.























Карточкалар, түрлі-түсті фломастерлер, стикерлер





















А4 қағазға жазып оқиды





Интербелсенді тақта, смайликтер





















Үлестірмелі карточкалар

























Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия (кері байланыс)

«Бас бармақ» тәсілі арқылы сабақтың соңында оқушылар осы сабақ бойынша алған білімдерін бағалайды, яғни барлығын түсінсе бас бармақтарын жоғары, енді түсініп келе жатса бас бармағын жанына қаратады, мүлде түсбедім дегендер бас бармақтарын төмен бұлғайды.

Ү

Сабақты қорытындылап, үй жұмысын беру: «Ондық бөлшектерді көбейту» сөйлеміне ребус құрастыру, №1350



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Сергіту жаттығулары, «топтас,жұптас,ойлан,ой бөліс», «жуан-жіңішке және жіңішке сұрақтар» «Түртіп алу стратегиясы», «Жарнама», «Кім жылдам?»«Сұрақты қағып ал» тәсілі бойынша кубик лақтыру арқылы сұрақтар бере отырып оқушыларды сыни ойлауға, өздігінен шешім қабылдай алу дағдысы қалыптасады;

Джигсо әдісі. Постер қорғаған кезде сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болып, жаңашыл идеяларға сеніммен қарайды және бірін-бірі үйретеді;

«Пікір алмасу» тәсілінің өзі оқушыларды жан-жақты ойлауға жетелейді;

«Қане, өзімізді тексерейік!» тапсырмасын «Температураны өлшеу»әдісі арқылы жүргіздім.Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылады және ұстаз «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай мұғалім олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Кейбір жағдайда ұстаз жұптардың немесе топтардың бір мүшесінен тапсырманы қалай орындап жатқандығы жайлы айтып беруін ұсынады. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады.

«Ой қозғау» тәсілі бойынша деңгейлік тапсырмалар бере отырып оқушылардың қабілеті, дайындық деңгейі, есеп шығару дағдысы қалыптасады,тапсырманың қиындығына сай өзі таңдауға мүмкіндік береді;



Критериалды бағалау оқу мақсаттарына негізделіп жасалған. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаты құрылып, осы мақсатқа жету үшін бағалау критерийлері құрастырылады. Критериалды бағалау бойынша тапсырмалар беріліп, оларға дескрипторлар құрастырылды. Қалыптастырушы бағалауда оқушы өзін – өзі бағалауы, бірін – бірі бағалауы, ұсыныс, пікірлерін білдіруі, мұғалім оқушымен кері байланыс орнатуы маңызды.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда, сындарлы оқуын және түсінуін дамытып бағалауда қалыптастырушы бағалаудың рөлі зор.Себебі осы бағалау негізінде балалар ертеңгі күнге ынталанып, ұмтылыспен кетеді. Осы ретте мен сабақтың басында үш шапалақ арқылы бірін-бірі бағалау; сабақ ортасында топпен постер қорғаудастикерге жазу арқылы топты бағалау; тапсырмалар орындау барысында смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау;«+, -, қызықты» стратегиясы бойынша; мадақтау сөздері арқылы мұғалімнің бағалауын қолдандым;

Сабақ соңында «бас бармақ» тәсілі бойынша сабақты бағалайды.

Сыныптың гигиеналық талап нормаларына сай болуы, интер белсенді тақтаның қауіпсіздік техникаларының сақталуы.

Сергіту сәтінде дене қимылы жаттығуларының дұрыс жасалуы.

Сабақ бойынша рефлексия





Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.05.2019
1020
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі