400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы сабақтан бірнеше тиімді әдіс-тәсілдерді алуға болады. жалпы ҚМЖ жүйелі түрде құрастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту

Мектеп: №28 IT мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Хэзэнбай Ж.

Күні: 06.02.20ж.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

5.1.2.28 Ондық бөлшекті натурал санға көбейту және ондық бөлшекке көбейту


Сабақ мақсаты (нәтижесі)

Барлық оқушылар:
Ондық бөлшекті натурал санға көбейтеді және ондық бөлшекке көбейтеді.

Бағалау критерийі

Ондық бөлшекті натурал санға көбейтеді.

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтеді.

Тілдік құзіреттілік

Тілдік дағдылар: топта бірлесе талқылайды, есептерді шығарады.

Пәндік лексика және терминология: «бөлшек», «бөлшектің алымы», «бөлшектің бөлімі», «ондық бөлшек», «разряд», «үлес», «бірлік», «ондық», «мыңдық».

Диалогқа қажетті сөз тіркесі:

- Жай бөлшекті немесе аралас...ондық бөлшек....

- бүтін......жазу, ....бөлшек бөлігіне айыру.....

- Ондық бөлшекті көбейту....

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Ондық бөлшекті қалай натурал санға көбейтеміз?

- Ондық бөлшекті қалай ондық бөлшекке бөлеміз?

Ойлау деңгейлер

Қолдану

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар бірлесе жұмыс жасайды, бір-біріне көмектеседі (құрмет).


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, Power Paint

Пәнаралық байланыс

Геометрия

Алдыңғы оқу

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Саралау

Тапсырма беріледі, оны орындауда оқушыларға әртүрлі қолдау жасалады.

Үй тапсырмасын таңдауға беріледі.

Бағалау

Оқушыларды бағалау, сұрақтар қою, кері байланыс беру, өзін-өзі бағалау.

Ресурстар

Карточкалар, оқулықтың 31 беттегі тапсырмалалар.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылар мен мұғалімнің әрекеттері

Сабақтың басы




2 мин









5мин

2 мин

Раппорт орнату. Психологиялық ахуал туғызу. «Ақ тілек, әсем күлкі» әдісі бойынша оқушыларға төмендегідей сұрақ қойылады:

1. – Көңіл күйлеріңіз қандай?

- Керемет! (қолдарын көтереді)

2.- Сабаққа дайындықтарын қалай?

- Тамаша! (қолдарын шапалақтайды)

3. – Ынталарыңыз қалай?

- Ғажап! (қолдарын көтереді)

4. -Ендеше сабағымыз бастайық!

- оооо (басбармақтарын көтереді).

Үй тапсырмасын тексеру (Ж). Оқулықтан үйге берілген есептерді бірнеше оқушы шығып тақтаға шығарады. Қалған оқушылар бір-бірін тексереді.

Орындау барысы: Тақтамен жұмыс

Қалыптастырушы бағалау. Дәптерлерін алмасып, бір-бірін бағалайды.

«Эвристикалық әңгіме» әдісі арқылы өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады.

Рефлексия:

- Ондық бөлшектерді қосу мен азайтуды қалай орындаймыз?

Сабақтың ортасы

2 мин


1 мин



4 мин





6мин

3 мин




«Миға шабуыл» әдісі жаңа тақырыпты меңгерту барысында түркі болатын сурет: оқушылар интрактивті тақтада көрсетілген суреттерге (өмірмен байланысты суреттер) қарап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтуға тырысады.

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Сабағымыздың мақсаты қандай ?

Сабақтың тақырыбын жариялау.

Мұғалім сабақ түсіндіреді.

Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазамыз.

Тапсырма 1 (Ж). «Бағдаршам » әдісі. Әр оқушыға түрлі түсті қағазда есептер жазылған деңгейлік тапсырмалар таратылады. Берілген үш тапсырманың біреуін таңдап алып, орындайды.

Орындалу барысы: Жеке жұмыс

А деңгей

Көбейтуді орындаңдар:

6,3 × 7 =                     4,5 × 1,2 =

8,35 × 3 =                   8,31 × 1,4 =

9,6 × 8 =                       9,5 × 1,1 =

В деңгей

Амалдарды орындандар:

0,63 × (12 + 0,9) × 30 - 25,56 =

83 – (17,27 × 10 – 8,93 × 11) =

С деңгей

Бір диванды қаптауға 3,25 м, ал бір орындықты қаптауға 0,75 м мата керек. 2 диванды және 12 орындықты қаптауға неше метр мата қажет?

Дескриптор:

  • Ондық бөлшекті натурал санға көбейтеді.

  • Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтеді.

  • Амалдарды орындайды.

  • Мәтінді есепті шығарады.

КБ: Топтар бір-бірін бағалайды.

Сабақтың соңы



6 мин





4 мин






5 мин




Тапсырма 2 (Т). «Балық аула» әдісі. Оқушыларға балық пішінінде есептер жазылған тапсырмалалар таратылады, оларды шешімін табады. Балықтарды шелекке жинастырады.

Орындалу барысы: Топтық жұмыс

  1) (6,31+2,7)⋅0,3=       2) (6,1-3,5)⋅0,01=

Тіктөртбұрыштың қабырғалары:

 а) а= 3,2 cм;    в=1,7 см                           ә) а= 4,28 cм;    в=3,5 см

     табу керек: S = ?                                       табу керек: S = ?


∙ 0,2 =

Оқулықтағы 31 беттегі № 651жаттығудың : 1, 8, 12 есептері.

1. 20 ∙6,8 =

8. 0.925 ∙ 48 =

12. 160 ∙ 8.95 =

Дескриптор:

  • Амалдарды орындайды.

  • Логикалық есепті суретке қарап орындайды.

  • Тіктөртбұрыштың ауданың табады.

  • Өрнектің мәнін табады.

  • Көбейтуді орындайды.

КБ: Топтар жұмысын сағат тілі арқылы алмасып, бір-бірін бағалады.

Сабақ бойынша рефлекия: Мұғалім қорытындылайды:

  • Не өттік?

  • Сабақ басындағы мақсатымыз қандай еді?

  • Жеттік пе сол мақсатқа?

Сабақты қорытындылау. «Алты бөлікке бөл!» әдісі. Оқушыларға ақ бет таратылады. Бірнеше бөлшекке бөледі. Бөлген бөліктерге сабаққа рефлексия жазады.

Үй тапсырмасы:

Оқулықтағы 31б, № 652, 623 есептерді шығару

Рефлексия

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен өз жосапарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?






Қорытындылау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқу да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқу да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1:

2:

























Деңгейлік тапсырма

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі