400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Ондық бөлшектерді салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 5 сынып матем 3 тоқсан. Оқу мақсаттары: 5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Математика

Тақырыбы: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру

Бөлім:

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

29.01.2024ж

Сынып: 5 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді салыстыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру;


Сабақтың мақсаты

  • ондық бөлшектерді салыстыру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Жағымды психологиялық ахуал орнату.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, олардың міндеттерін түсіндіру:
І - топ: «Жай бөлшектер» тобы - бірінші қатар оқушылары;
ІІ - топ: «Ондық бөлшектер» тобы - екінші қатар оқушылары;
ІІІ - топ: «Аралас сандар» тобы - үшінші қатар оқушылары.
ІІ. Негізгі кезең:
1. Сабақ бөлімдері:
1 - бөлім: «Есте сақта, пайдалан!» (қайталау сұрақтары)

А) «Сәйкестікті тап!» (сәйкестендіру )
Б) «Орныңды біл» ойыны

В) Ондық бөлшектердің пайда болуы мен тарихы

2 - бөлім: «Оқу - ой азығы» (Жаңа сабақ)

3 - бөлім: «Кім жылдам?» (деңгейлік тапсырмалар)

4 - бөлім: «Есептеп көр, ерінбей!» (есептер шығару)
ІІІ. Негізгі кезең:
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырмасын тексеру:


Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады















Әр дұрыс есепке 1 балл






Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ түсіндіру.

BilimLand сайтын пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру, тапсырмаларын орындау


1-тәсіл

Ондық бөлшектерді координаттық сәуледе салыстыру

1-мысал. Ондық бөлшектерді салыстыр: 0,4 және 0,9

Шешуі.

Shape3 Shape2 Shape1

1

Берілген ондық бөлшектерді координаттық сәуледе кескінде.

Координаттық сәуледе оң жақтағы сан сол жақтағы саннан үлкен болатыны белгілі.

Демек,

0,4 < 0,9

Жауабы: 0,4 < 0,9.

Есте сақта! Өзара тең ондық бөлшектер координаттық сәуледе бір нүктеде белгіленеді.

Есте сақта! Ондық бөлшектің соңына бірнеше нөлді тіркеп жазғаннан ондық бөлшектің мәні өзгермейді және координаттық сәуледе бұл ондық бөлшектер бір нүктеде орналасады. Мысалы, 0,6 және 0,60 ондық бөлшектері өзара тең.

2-тәсіл

Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылғандықтан, ондық бөлшектер разрядтары бойынша салыстырылады

Екі ондық бөлшекті салыстыру үшін алдымен:

  • олардың бүтін бөліктерін салыстыру қажет, егер ондық бөлшектердің бүтін бөліктері тең болса, онда бірінші сәйкес емес (яғни тең емес) разрядты анықтаймыз;

  • сәйкес разряды үлкен ондық бөлшек үлкен болады.

2-мысал. Салыстыр:

7,56 және 2,970

Шешуі. Салыстыру ережесін қолдан.

7 > 2

болғандықтан,

7,56 > 2,97

болады.

Жауабы: 7,56 > 2,97.

3-тәсіл

Ондық бөлшектерді натурал сандарға түрлендіру арқылы салыстыру

  • Алдымен ондық бөлшектер құрамындағы үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру керек.

  • Теңестіру үшін ондық бөлшектің соңына бірнеше нөлді тіркеп жазуға немесе алып тастауға болады.

  • Содан соң үтірлерді алып тастап, пайда болған натурал сандарды салыстыру қажет.

4-мысал. Салыстыр: 3,284 және 3,2846

Шешуі. Ондық бөлшектер құрамындағы үтірден кейінгі цифрлар санын теңестір. 3,284 ондық бөлшегінің соңына 0 санын тіркеп жаз:

3,284 = 3,2840

Үтірлерді алып таста, сонда

32840 және 32846

натурал сандары пайда болады. Салыстыр:

32840 < 32846

Демек,

3,284 < 3,2846

Жауабы: 3,284 < 3,2846.

Жаңа сабақты пысықтауға арналған деңгейлік тапсырмалар. Жұлдызшаның орнына теңсіздік тура болатындай цифрларды қойыңдар

А деңгей

  1. Мына сандарды өсу ретімен жаз: 7,34; 7,4; 7,3.

  2. Бүтін бөліктерін салыстырыңдар:

а) 2,75 * 3,14; б) 8,26 * 5,789;

  1. Ондық үлестерін салыстырңдар:

а) 6,324 * 6,185; б) 4,253 * 4,653;

  1. Жүздік үлестерін салыстырыңдар:

а) 7,538 * 7,548; б) 2,6912 * 2,6301;


В деңгейі

  1. 3,735

  2. 0,889

  3. 2,887


С деңгейі

  1. 3,07

  2. 7,41

  3. 9,243

  4. 12,125

Дескриптор:

-Жұлдызшалардың орнына сәйкес цифрларды қояды;

- бүтін бөліктері бірдей сандарды салыстырады;

- бүтін бөліктері әртүрлі сандарды салыстырады

Жаңа сабақта алған білімдерін еске түсіреді.







































































Тапсырманы өз бетінше орындайды










Мақтау, мадақтау сөздерін қолдану









































































Әр дұрыс есепке 1 балл








bilimland.kz порталы


Презентация







Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы:

№ есеп

Рефлексия.

- Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың?

- Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды?

- Қаншалықты сабақ мақсатына жетті?

- Өз көңіл күйінді белгімен көрсет.

Үй жұмысымен танысады


Сабақта алған білімдерімен бөліседі.

Әр дұрыс есепке 1 балл





Таныстым:


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Математика

Тақырыбы: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру

Бөлім:

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

29.01.2024ж

Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
360
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі