400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Өнеге отбасынан" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы» туралы ұғымын және «отбасы құндылығы» туралы түсініктерін кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Минск орта мектебі





Ашық сабақ

Тақырыбы: «Өнеге отбасынан»



Picture 2

















Өткізген: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сағит Оразкүл















2017 – 2018 оқу жылы


Мерзімі: 12.02.2018ж.

Мұғалім: Сағит Оразкүл Дүйсенбайқызы.

Сынып: 10

Оқушылар саны: 5

Көрнекіліктер: «Отбасы» фотокөрмесі, нақыл сөздер, стикерлер, бейнесөз және бейнематериалдар, т.б.

Сабақтың тақырыбы: «Өнеге отбасынан».

Сабақтың мақсаты: «Отбасы» туралы ұғымын және «отбасы құндылығы» туралы түсініктерін кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Құндылық: сүйіспеншілік.

Қасиеттер: мейірімді, қамқорлық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. /2 мин/.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл – күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

«5Т» ережесімен таныстыру.

1.Тәртіп

2.Тазалық

3.Тыныштық

4.Талап

5.Татулық

2. Үй тапсырмасын тексеру: Сара Алпысқызының өмірбаянын зерттеу /2 мин/.

(Интербелсенді тақтадан С.А.Назарбаева туралы слайд көрсетіледі)

3. Шаттық шеңбері: М. Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» /1 мин/

Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді балалар тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар,жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келсеңдер адам болып

Еш арманым болмас еді өлгенімше...


Жаңа сабақ. /Мұғалімнің сөзі/. /3 мин/ (Құрманбай Толыбаев)

– Қазақ қоғамында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа тоы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.

Отты да ұлы құдірет, киесі мол қасиетті нысаннның бірі деп білетін қазақ одан ылғи жақсылық серпінін күтеді, игіліктің тірегіне теңейді.

Адам баласының ой – санасы өсіп, ақыл – ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жаман – жақсы қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында Отбасы тәлімі ерекше дәстүр.

Жақсылыққа әуестерді – көргенді, ал тілге көнбей, бетімен кеткендерді – көргенсіз дейтіні де содан. Баланың көргенсіз атануы ата –анасына кір келтіреді. Одан асқан қорлық жоқ. Жақсы бала – ата – анасын мақтатар, жаман бала – ата – анасын қақсатар деген мақалда бар.Олай болса сендерде де бір сынып, бір отбасы іспеттісіңдер. Олай болса, бүгінгі сабағымызға «отбасы» болып қатысайық.

Әңгімелесу. /2мин/

  • Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?

  • Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе?

Бейнематериал. «Бақытты отбасы үлгісі» /3 мин/.

Талдау: /2 мин/


Дәйексөз. /4 мин/ (Бейнесөзді шешу арқылы дәйексөзді құрастырады, мағынасын түсіндіреді).

«Отбасы – тәрбиенің бесігі. Ұрпақтың жақсылығы мен жамандығы отбасында қалыптасады».

Мұғалімдерге:

Дәптермен жұмыс. Шығармашылық жұмыс. /3мин/

  • «Мен үшін қымбат анамның...» (анасының бойындағы жақсы қасиеттерді жазу)

  • «Мен үшін қымбат әкемнің ...» (әкесініңбойындағы жақсы қасиеттерді жазу)

  • «Мен үшін қымбат өзімнің ...» (өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді жазу)

Сахналау. Мұхаметқали Сүлейменұлы Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді /5 мин/

Автор: Маулетхан Ақжол

Әкесі: Сейіл Елнұр

Анасы: Аманбаева Гүлден

Емші: Тлейхан Жансұлтан

Жылқышы: Аманжол Бақытжан

Аққу: Бердхан Дана

Талдау: /1 мин/


Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» /музыка қойылады/. /2 мин/

Кері байланыс: «Өнер жұлдыздары» /3 мин/ (ұстаздарға стикер тарату).

Үйге тапсырма: «Өнеге отбасынан» тақырыбында презентация жасап келу

Бағалау. /Мұғалімнің сыйлығы/. /1 мин/

Қорытынды. /2мин/

Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын.

Жүректен жүрекке: «Әкелер» әні. /3мин/


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
876
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі