400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Өнеге отбасынан" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өнегелі отбасын насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Бурыл орта мектебі

Мерзімі: 12.02.2019ж

Тақырыбы: «Өнеге отбасынан»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Татулық, бірлік, ынтымақ

Қатысқан оқушы саны:22

Мұғалімі: Г.А.Уристембекова

Мақсаты: Оқушыларға отбасы маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік әрекетінің мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып,қайырымдылық,қамқорлық,жауапкершілік қасиеттері туралы түсіндіру.

-Оқушыларды өзіне және өзгеге жақсылық жасауға баули отырып,жауапкершілікке үйрету.

-Оқушыларға ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.


Ресурстар:

Интер белсенді тақта, ақ қағаз, түрлі-түсті қалам.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды көңіл-күй келу. «Нұрға бөлену»

Ынғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.


Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай, бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орталасқан. Гүлдің түйнегі баяу ашылып келеді. Балған және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, тілек қалауыңызды, шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.


Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз ол біртіндеп күшейе түсуде. Осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолдарымыз тек жақсы ізгі істерді істейді. Нұр аяқтарыңызға тарады, ол жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр аузыңызға тарайды, тек шындықты айтуға, құлақтарыңызға бағыттаңыз жақсы сөзді естуге. Нұр бірте- бірте шұғылана бастайды. Сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды жақындарыңыз бен жаныңыздағы достарыңызға бағыттаңыз.


Дәйеусөз: «Үйінде бақытты адам – әлемде бақытты адам».

Л.Н.Толстой


Әңгімелесу: видеоролик көрсету. «Біз мән бермейтін жан»


Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

  1. Атаға қарап –

  2. Анаға қарап –

  3. Атаның баласы болма,

  4. Ұяда не көрсең ,

  5. Ата көрген оқ жонар,

  6. Ананың сүті – бал,

  7. Анаңа ауыр сөз айтпа,

  8. Әке – асқар тау,

  9. Балапан ұяда не көрсе,

  10. Ата-ананың қадірін,



Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс:

1 Топ: Ынтымақ. Әңгіме құрастыру. «Менің отбасым»

2 Топ: Бірлік. Сурет салу

3 Топ: Сүйіспеншілік. Сахналық көрініс


Топпен ән айту:Әке-Ана туралы жыр.

(Әні: Қ. Маханов, сөзі: М. Есжан)


Жанашырым - ана, дара шыңым - ана

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке

Қорғанымсың - әке, шырағымсың.


Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке


Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген маған айкүнімсің.

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың.


Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке


Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке



Үйге тапсырма: «Менің сүйікті отбасым» Эссе жазу.


Сабақтың қорытынды сәті: Ал, міне балалар бүгінгі сабағымызда «Өнеге отбасынан» тақырыбында адам өз ісі мен ойы жауапкершілікке алғанда онын өмірі қандай болатынын білдік.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі