400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Өнеге отбасынан" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ата – ананың қадірі туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі

Күні: _______________

Мұғалімі: Бекжигитова А.Ж

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық


Мақсаты: Оқушыларға ата – ананың қадірі туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. 

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы мейірмділік,жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

үнтаспа, дәптер, стикер, оқулық және т.б.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық

Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

«Менің отбасым » тақырыбында эссе жазып келу

Сұрақтар:

  1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Отбасын кімдер құрайды?

  3. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды?

  4. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру

  5. Неке дегенді қалай түсінесіңдер?

  6. . Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?

  7. Өзіңіз алдыңызға қойған мақсатқа жету үшін қандай әрекет жасайсыз?


3. Сабақтың дәйексөзі.

«Отбасының өнегесі -Отан өнегесі»

Бауыржан Момышұлы

- Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

1.1 «Анашым сен жыламашы»

Бейнебаян көрсету

1.Бейнебаяннан не байқадыңыздар?

2.Баланың анасына деген көз қарасы қандай болды?

3 .Отбасы мүшелерін қандай мақсат біріктіреді?
4.Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезімдеріңді  қалай білдіресіңдер?

1.2 «Отбасы ойыны»


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1 топ: Әкенің отбасындағы рөлі.

2 топ : Ананың отбасындағы рөлі.

3 топ : Баланың отбасындағы рөлі.

Постер қорғайды


Топпен ән айту.

Ана-әке

Әбдіжаппар Әлқожа


Жанашырым - ана, дара шыңым - ана

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке

Қорғанымсың - әке, шырағымсың.

 

Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

 

Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген маған айкүнімсің.

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың.

 

Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

 

Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке



7. Үй тапсырмасы.

1 Мейірімді істер мен мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар.



8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

«Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті стикерлерге отбасыларыңызға арнап тілектеріңізді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі