жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ "Өнеркәсіптік альпинизм үшін арналған жабдықтар"
\ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«СаЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ
АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ жоғары КОЛЛЕДЖІ» кмқк
«Келісілді» «Бекітемін»
Әдістемелік Директордың ОӘЖ
кабинет меңгерушісі жөніндегі орынбасары
______А.Көпжасарова ___________Ж.Кереева «____» __________2020 ж. «____» _________2020 ж.
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ
Тақырыбы: Өнеркәсіптік альпинизм үшін арналған жабдықтар
Пәні: Төтенше жағдайларда альпинистік технологияларды пайдалану
Тобы: ЗЧСа-18 (9) қ
Мұнай-химиялық және жабдықтарға
қызмет көрсету, төтенше жағдайларда
қорғау пәндік-циклдік Дайындаған:
комиссиясы отырысында арнайы пән оқытушысы
қаралды және келісілді _______Нәсіпбай Н.Ғ.
Хаттама № ________
«____» ____________ 2020ж.
ПЦК төрайымы
__________Аубекерова Г.А.
АТЫРАУ- 2020
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Өнеркәсіптік альпинизм үшін арналған жабдықтар
Пәні: «Төтенше жағдайларда альпинистік технологияларды пайдалану»
Оқытушы: Нәсіпбай Нұржаннат Ғафурқызы
Өтетін уақыты мен орыны: 13 ақпан, 2 сабақ, сағат – 1500 .
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, топтық жұмыс және үлестірме материалдары арқылы студенттердің білімін жетілдіру. Фрайер әдісі,Quizlet программасы, техникалық диктант жазу әдістерін пайдалана отырып тақырыпты ашу.
Сабақтың мақсаты: Өнеркәсіптік альпинизм үшін арналған құралдар туралы түсінік пен жабдықтардың қызметі, құрылысымен таныстыру.
- білімділік: Студенттерге тақырыптың мәнін ашып, жабдықтар туралы кең ұғым беру, жаңа тақырып бойынша алған білімдерін нақтылау және тереңдету
- тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру,өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін саналы,өнегелі ұрпақ тәрбиелеу
- дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту,сұрақ-жауап, пікір-сайыс түрлі әдістер арқылы студенттердің ой-өрісін, білімдерін кеңейту, өз бетінше іздену,зерттей білуге жаңа білім мен әрекет тәсілдерін қабылдауға ұйымдастыру
Құрал-жабдықтар: слайд,бейнефильм,плакаттар, постер, жапсырма қағаздары
Сабақтың техникалық құралдары: Интерактивті тақта,маркерлі тақта.
Пәнаралық байланыс: Авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі такелаждық іліп – тасу жұмыстарын жүргізу
Әдебиеттер:
1. «Альпинизм – вид спорта» Журнал "Континет" №19 (131) 13-26 октября, 2004. С.
2. Немоляева М.Э., Ходорков Л.Ф. Международный туризм: вчера, сегодня, завтра. М, Международные отношения, 1985.
3. Биржаков М.Б. Введение в туризм. -СП б.: "Герда", 2002. С. 192
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин): Сәлемдесу, топтың сабаққа қатысын тексеру
Үй тапсырмасын сұрау (20 мин): студенттер инерактивті тақтада шыққан сұрақтарға жауап беру арқылы алдынғы тақырыпты қайталайды.
Жаңа тақырыпты түсіндіру (25 мин): «Өнеркәсіптік альпинизм үшін арналған жабдықтар» тақырыбында презентация және бейнебаян.
Сабақты бекіту(25 мин): Жаңа тақырып бойынша білімдерін интернет программаларын пайдалану арқылы, сұрақ қою арқылы, техникалық диктант жазу және постер қорғау арқылы тексеру
Сабақты қорытындылау(10 мин): Фрайер әдісі арқылы құрал-жабдықтар туралы қосымша мәлімет алу
Үйге тапсырма беру (2 мин): Альпинистік құрал – жабдықтардың ерекшеліктерін оқып келу
Бағалау (3 мин): Сабаққа белсене араласқан студенттерді бағалау
Үй тапсырмасын қайталау
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар
Альпинизм жұмысымен биіктіктегі жұмыстарды орындау үшін қанша жастан рұқсат етіледі?(18 жас)
Жұмыстарды орындау кезінде қандай кітапшаны алып жүреді?(Өнеркәсіптік альпинистік біртұтас кітапшасы)
Жұмыс жасау үшін жылына неше рет медициналық тексеруден өту керек?(Жылына бір рет)
Биіктікте жұмыс жасау нешінші разрядты альпинистерге рұқсат етіледі? (2 және 3 разрядта)
Биіктікте жұмыс жасауға қай жағдайда рұқсат етілмейді? (Алкогольді, есірткілік, токсикологиялық, мастық жағдайларда)
IRATA ережелерінде неше біліктілік разряды бар? (3)
Топ студенттері суреттерді таңдай отырып 3 топқа бөлінеді.
Жаңа тақырып: Өнеркәсіптік альпинизм үшін арналған жабдықтар
Өнеркәсіптік альпинистің жеке керек-жарақтарына бір адаммен пайдаланылатын және өнеркәсіптік альпинисті желілік немесе нүктелік тіректерге бекіту, желілік тіректермен еркін жылжу (түсуді және көтерілуді, маятниктік жылжуларды және көлденең және еңістік троллейлермен жылжуларды жүзеге асыру) және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет ететін арнайы керек-жарақтар жатады. Керек-жарақтардың осы тобына аспалы жүйелер (байламдар, жұмыс отырғыштары), түсіру құрылғылары, көтерілу үшін арналған әртүрлі құрылғылар (қысқыштар, үзеңгілер, тепкілер), сақтандыру мұрттары, альпинистік карабиндер, жеке қорғаныс құралдары жатады. (1-сурет)
Топтық керек-жарақтар – бұл биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде бригаданың барлық мүшелері пайдаланатын керек-жарақтар: желілік тіректер (синтетикалық арқан немесе болаттан жасалынған арқан), тіректің жасанды нүктелерін жасау үшін қажетті (тастық және шлямбурлық ілгектер, анкерлік болттар, қалаулар) және нүктелік және желілік тіректерді жалғастыруға арналған (әртүрлі құрылымның альпинистік карабиндері) керек-жарақтар, сақтандыру кезінде, әртүрлі жүктерді көтеру және түсіру үшін пайдаланылатын көмекші керек-жарақтар (блоктар, қысқыштар, түсіру құрылғылары) (2-сурет). Биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын механизмдер, аспаптар, тетіктер, жарақтар және альпинистік керек-жарақтар механизмдердің, аспаптардың, тетіктердің, жарақтардың және альпинистік керек-жарақтардың осы түрлеріне және олардың көмегімен орындалатын жұмыстардың түрлеріне қойылатын техника қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келуі керек.
1-сурет. Альпинистің жеке керек-жарақтары 2-сурет. Топтық керек-жарақтар
Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде құлаудан қорғау құралдарына келесілер жатады:
- негізгі және көмекші жіптер және арқандар;
- өнеркәсіптік альпинистің жеке керек-жарақтары. Құлаудан қорғаудың барлық құралдарында олардың беріктік қасиеттерін және қолдану шарттарын растайтын құжаттар болуы керек (сапа сертификаты, техникалық паспорттар, сынақ актілері және с.с.)
Өнеркәсіптік керек-жарақ ұйыммен берілуі немесе өнеркәсіптік альпинистің мүлігі болуы мүмкін. Соңғы жағдайда жеке керек-жарақтар және олардың беріктік қасиеттерін және қолдану шарттарын растайтын құжаттар ұйым бойынша бұйрықпен бекітілген, техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауапты тұлғаға көрсетілуі керек және олар сол тұлғаның жазбаша рұқсатымен ғана пайдаланылуы мүмкін.
Орындаушыға ұйыммен берілетін керек-жарақтарда оларды пайдаланумен жұмыстарды қауіпсіз орындау тәртібін сипаттайтын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтары болуы керек. Орындаушылар керек-жарақты пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен қол қою арқылы танысуы керек. (3-сурет)
Жеке керек-жарақ нақты адамның жеке ерекшеліктеріне және әдеттеріне барынша ыңғайластырылуы керек.
3-сурет. Альпинисттің арнайы жұмыс киімдері
Жұмыс істеу үшін жабдықты таңдау кезінде жүйенің барлық құрамдас бөліктері үйлесімді екеніне және құрамдас бөліктердің кез келгенінің қауіпсіз жұмыс істеуі басқа құрамдас бөліктің қауіпсіз жұмыс істеуіне теріс әсер етпейтініне және кедергі келтірмейтініне көз жеткізу керек.
Жұмысшыны биіктікте ұстау үшін таңдалынған кез келген жабдық оны кездейсоқ алып тастау немесе орынынан жылжыту мүмкін емес немесе ол оған адам ілініп тұрған кезде босап кетпейтіндей болуы керек.
Өнеркәсіптік альпинизм үшін пайдаланылатын ешқандай жабдық өндірушінің немесе жеткізушінің алдын ала мақұлдауынсыз өзгертілмеуі керек.
Жұмысшылар сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтауы керек: шынтақтар мен тізелерді жабатын киімдерді киюі, ұзын шаштарды олар керекжарақтың жылжымалы бөлшектеріне (түсіру құрылғылары, қысқыштар) түспейтіндей жабу керек, ауа-райы жағдайларына байланысты киінуі керек.
Видеоролик көрсетіледі
III. Сабақты бекіту. Видеоролик көрсетіледі
Суреттерді құрастырып, құралдардың мағынасын түсіндіру
Альпинистік тырнақтар – Альпинистические кошки – Crampons
Төмен түсу - Спуск по веревке – Abseiling
Қауіпсіздік жүйесі - Страховочное устройство - Belay device
Карабин– Карабин - Biner
Шыңға өрмелеу - Кроль - Crawl
Арқан – Канат - Rope
Каска – Каска – Helmet
Мұз шапқыш – Ледоруб – Ice ax
Жұмар – Жумар - Jumar
Quizlet программасын пайдаланып сөздерді сәйкестендіру
Қауіпсіздік жүйесі - спортшының өзі киетін және «сегіздік» түйін немесе карабинды қолдана отырып өрмелеу жабдықтарының элементі.
Карабин - альпинизмде арқанды, кабельді және жабдықты бір-біріне тез қосу немесе бекіту үшін қажет.
Іске қосу құрылғысы - сақтандыру құрылғының элементтері арқылы жіпті өткізген кезде қосымша үйкелісті құру
Мұз шапқыш(балта) - мұзды сындыру үшін арналған құрылғы
Альпинистік тырнақтар - әртүрлі тәсілдермен етікке орнатылған мұз бен отта қозғалуға арналған металл құрылғылар
Альпинистік арқан - арнайы беріктік қасиеттері бар өрмелеу кезінде қолданылатын жіп
Каска - қауіпті жағдайда адамдарының басшыларын қорғауға арналған былғары, металл немесе пластикті құрал
Қолғаптар - қатысушының қолын күйіктен қорғайды
Зембіл - жәбірленушіні тасымалдау үшін қолданылады.
Шаңғы - адамды және басқа өнімді (тірек бөлігі) қарда жылжытуға арналған өнім (құрылғы).
Техникалық диктант жазу
1. Өнеркәсіптік альпинистің жеке керек-жарақтарына ____ адаммен пайдаланылатын және ________альпинисті желілік немесе нүктелік тіректерге бекіту, желілік тіректермен еркін жылжу және оның ________ қамтамасыз ету үшін қызмет ететін арнайы керек-жарақтар жатады.(бір, өнеркәсіптік, қауіпсіздігін)
2. Топтық керек-жарақтар – бұл _______ жұмыстарды орындау кезінде _________ барлық мүшелері пайдаланатын_______: желілік тіректер, тіректің жасанды нүктелерін жасау үшін қажетті және нүктелік және желілік ______ жалғастыруға арналған -жарақтар, сақтандыру кезінде, әртүрлі жүктерді ______ және түсіру үшін пайдаланылатын көмекші керек-жарақтар (биіктіктегі, бригаданың, керек-жарақтар, тіректерді, көтеру)
3. ________ альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде _______ қорғау құралдарына келесілер жатады:
- негізгі және ______ жіптер және арқандар;
- өнеркәсіптік альпинистің ______ керек-жарақтары(Өнеркәсіптік, құлаудан, көмекші, жеке)
4. «Адасқан әріптер» ойыны. Әріптерді құрастыру арқылы терминдерді табу.
УСІҚІДАПЗК ҮСЕЖІЙ (Қауіпсіздік жүйесі)
ПІНИАСЛЬИТК ҚАТРЫРНТА (Альпинистік тырнақтар)
ПАРЛАҚҒОТ (Қолғаптар)
БІМЗЕЛ (Зембіл)
ҚАРНАРАД (Арқандар)
ЗҰМ ҚАШПЫҚ (Мұз шапқыш)
ШЫСҚЫҚ (Қысқыш)
ЫҒШАҢ (Шаңғы)
БАНАКРИ (Карабин)
IV.Сабақты қорытындылау. Фрайер әдісі арқылы құрал-жабдықтар туралы қосымша мәлімет алу
1.Арқан
2.Карабин
3.Қауіпсіздік жүйесі
V. Үйге тапсырма. Альпинистік құрал – жабдықтарын интернет желісі арқылы оқып білу. Әр түрлі деңгейдегі сұрақтар дайындау
VI. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан студенттерді бағдаршам әдісі арқылы бағалау
Ү АПК 210-05-18 Ашық сабақтың әдістемелік өңдеуі. Алтыншы басылым.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген