ашық сабақ "Оң және теріс сандар" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ "Оң және теріс сандар" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оң және теріс сандар" аттты ашық сабақ жоспары қайталауға арналған. Оқушылар сабақта «Рационал сандар » тарауы бойынша алған білімдерін терең меңгеріп; тапсырмаларды орындау шеберлігін, дағды, іскерлігін жетілдіріп; пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: «Рационал сандар» тарауы бойынша қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылар «рационал сандар » тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы терең меңгереді;

Дамытушылық: оқушылардың тарау бойынша тапсырмаларды орындау шеберлігі, дағды, іскерлігін жетілдіріледі; біліктіліктері дамиды;

Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар, слайдтар

Түрі: қайталау сабағы


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсат міндетін қою

Оқушыларға жұмбақ жасырылады

Бүтін сан, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан,айтыңдаршы,

Оң , теріс сан бәрі сонда. (рационал сандар)

Жұмбақтың шешімі табылғаннан кейін оқушыларға тақырып хабарланып, оқушылардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызады.

І тапсырма. Ауызша сұрақ- жауап

Тақтада ағаш жапырақтарымен ілінеді, оқушылар кезекпен шығып жапырақтарда жазылған сұрақтарға жауап береді

  • 0-ден үлкен сандар (оң сандар)

  • Оң сан дегеніміз не? Мысал келтір

  • Теріс сан дегеніміз не? Мысал келтір

  • Қарама қарсы сандар дегеніміз не?

  • Қарама қарсы сандардың қосындысы нешеге тең?

  • Бүтін сандар деген қандай сандар?

  • 5 санына қарама қарсы сан?

ІІ тапсырма. Оң және теріс сандардың мағынасын ажырату

Мұғалім мағынасы оң және теріс сандарды білдіретін сөйлемдерді жазып, оқушылар оларды оқып «Теріс сандар» және «Оң сандар» деген қорапқа тастайды.

  • Арал теңізінің ең терең жері -66 м

  • Хантәнірі шынының биіктігі 6995 м

  • Байкал көлінің тереңдігі 1620 м

  • Су асты қайығы 500 м тереңдікте жүзіп жүр

  • Қарақия ойысы -132 м

  • Шөлді жерде өсетін өсімдіктердің тамырлары 15-25 м тереңге кетеді

  • Дүкеншінің шығыны 28000 тенге

  • 32 градус аяз;

  • Бәйтеректің биіктігі 97 м;

  • 16 градус жылы;

ІІІ тапсырма. Біліктілік сайсы «Есеп шығару» (оқушылар оқулық бойынша жаттығуларды орындайды)

ІV тапсырма. Оң және теріс сандарды координаталық түзуде белгілеу

  • Балалар , сендер білесіңдер ме Тараз қаласында Тұнғыш Президенттін саябағы барын? Саябақ 2006 жылы ашылған. Оның жалпы аумағы 3,8 мың гектар жерді құрайды. Бұл саябаққа бізде үлесімізді қосайық. Ағаш отырғызу керек.

Тақтада координаталық түзудің суреті және шырша, қайын, емен, терек т.б. ағаштары ілінеді. Оқушылар айтылған ағаштың суретін алып, белгіленген жерге орналастырады. Оқушы 0 нүктесінде тұр деп есептейміз.

  • Оң бағытпен 3 метр жүріп, шырша ағашын егіндер

  • Шырша ағашы тұрған нүктеге қарама қарсы болатын санға емен ағашын отырғызамыз

  • Осы жерден солға қарай 4 м жүріп , қайын ағашын отырғызамыз

  • Оңға қарай 8 м жүріп теректі отырғызамыз

  • Координаталық түзуде гі ең үлкен санды тауып, сол жерге алма ағашын егіндер

  • Алма ағашынан сол жаққа 7 м жүріп тағы бір қайын ағашын отырғызындар

  • Бұл ағашы тұрған нүктеге қарама қарсы болатын санға шырша ағашын отырғызамыз

V . Бағалау

VІ . Үйге тапсырма. Жер бетіндегі тау, көл, ойпат, теңіз туралы мәліметтер жинап дәптерге жазыңдар. Оларды оң және теріс сандармен бейнелендер.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
917
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі