400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ Өнімділік.Бірлескен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар өнімділік жұмыстармен танысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Молдаханова Анар Жанатовна, Бекназарова Кентай Султанбековна

Пән/Сынып:

Математика, 4-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4- апта 17-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Есеп шығару. Мамандықтар әлемі

Сабақтың тақырыбы:

Өнімділік. Бірлескен жұмыс

Оқу мақсаты:

4.5.1.2. есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік/егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт/ биіктік, ені, ұзындық, көлемі шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

Бағалау критерийі:

Шамалар арасындағы тәуелділікті біледі, есеп шығарады, талдайды,бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептерді шығарып үйренеді.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

  • Сәлеметсіздер ме?

- Тапқыр болсаң, тауып көр... Бүгінгі сабақтың тақырыбын өзіңіз тауып көріңіз. Назарымызды тақтаға аударамыз.

- жақсы. Бүгінгі біздің тақырыбымыз – Өнімділік.Бірлескен жұмыс.

Не меңгеретінін білу үшін


Презентация №1



7-8 минут

Жаңа сабақ

№2 есепті шығару жоспарын қарастыру.

Екі баспахана 1200 кітап басып шығаруы керек. Бірінші баспахана барлық кітапты 6 күнде, ал екіншісі 12 күнде басып шығарады. Екі баспахана бірігіп жұмыс істесе, осы кітаптарды қанша күнде басып шығарады?

Шығару жоспары:

  1. Бірінші баспахананың өнімділігі қандай?

  1. Екінші баспахананың өнімділігі қандай?

3)ББірлескен жұмыс өнімділігі қандай?

4) Бірлесіп жұмыс істегенде екі баспахана барлық кітаптарды қанша күнде басып шығарады?

-Біз бірлескен жұмыс өнімділігін таба алдық па?



Мақсат қойып жаңа тақырыпты карастырамыз: Бірлесіп жұмыс істеуге арналған тапсырмаларды үйрену.

1200:6 =200 (кітап/күн)-1 баспахана

1200:12 =100 (кітап/күн)-2 баспахана

200+100 =300(кітап/күн)-екі баспахана бір күнде шығарады.

1200:300 =4(күн)-барлық кітапты екі баспахана басып шығаруға керек күн.

Жаңаны ашу

Мұғалім жаңа ережелерді құрастыруды ұсынады.

Бірлескен өнімділікті табу үшін өнімділіктерді қосу керек.

v1 + v2 = vбірл.

Бірлескен жұмысқа екі қатысушының жұмыс уақытын анықтау үшін, орындалған жұмыс көлемін бірлескен өнімділікке бөлу керек.

t = А : Vбірл.

Бірлесіп орындаған жұмыстың көлемін табу үшін,

бірлескен өнімділікті уақытқа көбейтеміз.

А = Vбірл. ·t






8 минут



Тәжірибе

86 бет, 3 тапсырма. Есепті шығару жоспарын құр және оны шығар.Қандай формула қолдандың?

Ә) Екі жұмысшы 56 бөлшек жасады. Олардың біреуі 3 сағат, екіншісі 4 сағат жұмыс істеді. Егер олардың өнімділіктері бірдей болса, әрқайсысы қанша бөлшек жасады?

А-56 бөлшек

t1-3 сағ

t2 -4 сағ

v-?

А1-?

А2 -?

Шешуі: 56: (4+3)=8

8*3=24

8*4=32

Жауабы: v-8бөлшек/сағ

А1-24 бөлшек

А2-32 бөлшек

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға алгоритм ретін сақтап бөледі.

Есепті шығарады,

формуланы дұрыс пайдаланады.

Презентация №3



Презентация

№4



Презентация

№5



3 минут



Бекіту

«Кім жылдам?» Экранда берілген сұрақтарға жауап бер

1.Сұрақ: Тігінші 12 бұйым/сағатына жасайды. Ол 3 сағатта неше бұйым жасайды?

Жауабы: A= t*v, 12*3=36 бұйым жасайды.

2.Сұрақ: Шебер 14 бөлшек/сағатына жасай отырып, 84 бұйым жасады. Ол қанша уақытта жасайды?

Жауабы: t= A:v, 84: 14=6 сағат

3.Сұрақ: Шебер 2 сағатта 14 бөлшек жасады. Шебердің жұмыс өнімділігі қандай?

Жауабы: v=A:t, 14:2=7 бөлшек шебердің жұмыс өнімділігі



Тақырыпты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну



Презентация № 6 бет



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
3969
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі