Ашық сабақ Өө дыбысы және әрпі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Өө дыбысы және әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жылы жүрек-кәсіби қолдау» тақырыбында психологиялық-педагогикалық қолдау апталығы аясында «Бірге әрекет-нәтижелі қолдау» тақырыбында ерекше білімді қажет ететін оқушымен жұмыс түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жылы жүрек-кәсіби қолдау» тақырыбында психологиялық-педагогикалық қолдау апталығы аясында №273 орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі: Қалданова Әмина және педагог-ассистент: Абенова Алтынайдың ұйымдастыруымен «Бірге әрекет-нәтижелі қолдау» бірлескен сабақ жұмыс аясында 1 «Б» сыныбында «Ө ө дыбысы және әрпі» тақырыбында өткізген ашық сабақтан

Анықтама


Өткізілген уақыты: 01.12.2025ж.

Тақырыбы: «Ө ө дыбысы және әрпі»

Мақсаты: --Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу,

--Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу)қолдану,

--Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру.

--Жазу жолын, жол аралықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап көркем жазу.

Сабақ барысы:

Психологиялық ахуал «Біз қандаймыз, қандаймыз?» оқушылар мұғаліммен орнынан тұрып амандасудан бастады.

Өткен сабақты пысықтау мақсатында

--Дыбыс деген не?

--Әріп деген не?

--Буын дегеніміз не?

--Сөз, сөйлем, мәтін дегеніміз не? деп берілген интерактивті тақтадағы сұрақтарына балалар жарыса жауап берді.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Суретті болжа» әдісі арқылы тақтадағы ою-өрнек суреті және әшекей бұйымдарының бейнесін көрсетіп шықты.

--Бұл неге қатысты? –Қандай дыбыс естіліп тұр? (әр оқушы өз ойларын тақтаға шығып бір-бір сөзден айтып шықты.)

Тақтаман жұмыс жасау барысында Қосмамбетов Рахман оқушылармен бірге өрік, өзен сөзерін оқып берді. Пән мұғалімі буындап оқу барысында сүйемелдеп көмек көрсетті.

Жұптық жұмыс жасау барысында «Түртіп ал» әдісі арқылы интерактивті тақтадан сюжетті сурет көрсетілді. Оқушылар сюжетті суреттен Ө ө дыбысына байланысты сөздерді тауып, сөйлем құрастырды. (ЕБҚ оқушыға дайын сөздер ұсынылды. Педагог-ассистенттің сүйемелдеуімен сөзден сөйлем құрастырды.)

Топтық жұмыс жасау барысында «Өнерлі бала» мәтіні бойынша кей оқушылар мәтінді түсініп, буындап оқыды.

(ЕБҚ оқушыны қолдау мақсатында Өрік, өнер, өрмек, өңір сөздері ұсынылды, педагог-ассистентпен бірлесіп тапсырманы өз деңгейіне сай орындады.)

Дәптермен жұмыс жасау барысында «Жаз және көрсет!» әдісі арқылы оқушылар дәптерлеріне Ө ө дыбысын жазды. (ЕБҚ оқушыға қосымша Ө ө дыбысына берілген тапсырманы «Адасқан әріптер» ішінен Ө ө дыбысын қоршау, Ө ө дыбысын басып жазу, сурет бойынша дыбыстық талдау жұмыстарын мұғалімнің және педагог-ассистенттің қолдауымен орындады).

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен сұрақ-жауап жұргізілді.

--Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

--Ө ө әрпі сөздің қай жерінде кездеседі?

Оқушылармен кері байланыс жасау мақсатында «Әжемнің өрнегі» әдісі арқылы оқушылар тақтадағы жасырынған ою-өрнекті таңдап алу арқылы берілген сөздерді оқып, дыбыстық талдау жасады. Бір сөйлем айтып, келесі оқушы оны жалғастырды. Солай сөйлемдерді толықтыру арқылы Ө ө дыбысына байланысты ой жинақтап ,тақырып мазмұнын түсініп отырды.

«Себет» әдісі арқылы оқушылар сары өрік түсіндім, көк өрік тағы да білгім келеді деген ойларын айтып ,себетке өріктерін жинады.

Shape1





Shape2



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2025
37
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі