жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Опера театрына барамын"
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ҚАЛАЛЫҚ «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫ»
Тақырыбы: Латын қарпіне көшу: заманауи зерттеу әдістері
Оқушының аты-жөні: Нұрмағамбетова Мөлдір
Телефоны: 8 776 691 10 85
Сыныбы: 9 «А»
Мектебі(телефоны): Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия
Тараз қаласы, 2017 жыл
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық»1 деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.
Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды.
Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Мәселен, жаңа әліпби мәселелеріне қатысты мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінің пікір-сайыстарында, ғылыми конференция материалдарында, газет-журнал беттері мен телеарна бағдарламаларында қазақ тілі мен әдебиетінен беретін ұстаздар, шетелдегі қандастарымыз бен елімізде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдері тағы басқа көпшілік қауым өз ұсыныстары мен көзқарастарын, парасатты ойлары мен ескертпелерін ортаға салып, талқыдан өткізуде. Тіпті «Хабар» телеарнасынан өтіп жатқан «Жігіт сұлтаны» сайысында да жаңа әліпбиге қатысты нұсқалық жобасын ұсынған үміткер де болды (27.04.2013ж. сағат 24:45-те).
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Латын жазуына көшудің терең тарихи қисыны бар. Олар: қазіргі технологиялық ортаның, қазіргі дүниежүзіндегі коммуникацияның, ХХІ ғасырдағы ғылым мен білімнің ерекшеліктері»- деп жазды. Айтқандай, латын графикасының технологиялық аспектіде, білім мен ғылым саласында, мәдени индустрияда жаппай басымдығына қазіргі таңда ешкім күмән келтірмейді.
Латын жазуының таңбалары тарихи финикий, грек, көне түркі тағы басқа жазулармен байланысты. Қазақстан латынға 1929 жылы көшкенімен арагідік толықтырулар мен өзгерістер болып тұрды. Мәселен, 1930 жылы бас әріптері бекітілсе, 1938 жылы алғашқы 29 әріп 34-ке (в, и, ф, ю, я) жетті. Жалпы қай жазуды алып қарасақ та мейлі өткен кезеңдегі болсын, қазіргі көшіп жатқандары (Әзербайжан, Гагауыз, Өзбекстан, Түркіменстан) болсын, қабылданған әліпбиге толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп тұрады. Мысалы, 1993 жылғы қабылданған жаңа өзбек әліпбиінің іске асырылуында толықтырулар мен өзгертулер қажет болғандықтан президентінің жарлығымен нүкте қою мерзімі 2005 тен 2010 жылға ұзартылғанын, Азербайжан 10 жылдан кейін 2001 жылы 1 тамызда толық көшкенін білеміз. Орта ғасыр жазба мұрасы «Кодекс Куманикус» атты қыпшақ тілінің жиілік сөздігі де көне латын әрпімен жазылған. Сонда латын әліпбиі 3-інші рет қазақ жазу тарихынан бой көрсетпекші. Елбасымыздың «Бір кездері тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз» деуі осыны меңзесе керек.
Енді көпшілікті мазалап жүрген сауалдардың бірі – латын негізіндегі жаңа қазақ жазуы қандай болмақ? Қандай жақсылықтары бар, ұтатынымыз не және кемшіліктері қандай дегенге келер болсақ мынадай:
Мысалы:
1.«Қазақ тілінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді» деген ереже бар. Қараңыз, келеді: қиын, сиыр, қиямет, қою, жиын.
2. «Сөзді тасымалдағанда дауысты дыбыстан басталатын буын келесі жолға тасымалданбайды» дейміз. Бұл да қате – ереже.
3. Буынға бөлген кезде де осындай қателерге тап боламыз.
4. Кейбір әріптердің айтылуы дұрыс болса да жазғанда қате жазамыз. Мысалы: «айыу, ойыу, ійіу т.б..» деп жазылу керек, бірақ «аю, ою, ию» деп қате жазамыз. Негізінен тілімізде қате жазылып жүрген И, У және Я, Ю, Ё, Ц, Ч, Щ, Э, Һ таңбалары бар сөздер жаңа жазуда шешімін табатын болады. Мысалы: сипат – syjpat (сыйпат), қиын – qyjyn (қыйын), ки – kij (кій), и – ij (ій), қиямет – qyjamet (қыйамет), ұят – wjat (ұйат), ащы – aschy (ашшы), тану – tanyu (таныу), күю – kwhju (күйіу), тыю – tyjyu (тыйыу) деп курсив нұсқаларындай жазылуы керек. Егер латынға көшсек осы сияқты көптеген қателерден арылатын боламыз. Ал дыбысы жоқ жуан-жіңішкелік Ъ,Ь белгілері қазақ сөздері үшін қажет емес Қазақстан халықтары да толықтай латын әліпбиіне көшуді қолдайтынына сенімдімін.
"Жаңа жазбаны қабылдау бір белгіні екіншісіне ауыстыра салу емес. Бұл әліппенің алдыңғы нұсқаларында жіберілген шалалықтарды жою. Осыған байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа әліпбиді жасап, оны енгізуде орфографиялық жаңа ережелерді қабылдау қажет. Ұсынылып отырған нұсқада латын әліпбиінің төл белгілері ғана бар", - деді филолог Ербол Тілешов.
Қазақтың төл дыбыстары: ң, қ, ғ, ө, ә қатарлы дыбыстық таңбаларын латын әліпбиінде қалай жазылатындығы көрсетілді. Мысалы, «ә – ае, ө – ое, ғ – gh, ч – ch, ж – zh, ш – sh, ү – ue түрінде қолданылуы қиындық тудырмайды. Ал орыс тілінен енген ц, ф, х, в секілді әріптер де латын әліпбиінде қолданыс табады» - деді Ербол Тілешов. Айта кетейік, диграф – екі әріппен таңбаланатын дыбыс.
Елбасы: «Бүгін біз жаңа әліпбиді жан-жақты талқылап, әрбір әріпті, әр таңба мен белгіні терең талдауымыз қажет. Себебі, тіл жаңа әліпби мәселесінде ешқандай қателік болмауы керек»1 - деген.
Қазіргі таңда, Парламент ұсынған жаңа әліпбидің төңірегінде ғалымдар мен тілші-мамандар арасында қызу талқылау жүруде және жаңа әліпби жобасының кемшілік тұстарына көптеген ғалымдар өз ұсыныстарын білдіруде. Мәселен, филология ғылымдарының докторы, профессор Молгаждаров Қасиет Какенұлы «Парламентте ұсынылған жобада кириллицадағы 42 әріп-таңбаның 35-ін (а, б, ц, д, у, ф, г, х, һ, и, ш, й, к, л, м, н, о, п, қ, р, с, т, ұ, в, у, ы, з, ә, ө, ү, ж, ғ, ч, ш, ң) алып отыр. Соның 23-і бір дыбысқа бір әріп принципінде (а, б, ц, д, у, ф, г, х, һ, и, ш, й, к, л, м, н, о, п, қ, р, с, т, ұ, в, у, ы, з), 8-і бір дыбысты қос таңба (диграфтар: Ә-ае, Ө-ое, Ү-ue, Ж-zh, Ч-ch, Ш-sh, Ң-ng ) негізінде және 1 әріппен 2 дыбысты таңбалауда
2 әріп (Іі – І,И; Hh–Х,Һ)» берілген. Енді төмендегі таңбаларға назар аударайық.
1.Ә,Ө,Ү әріптерін ӘЕ, ОЕ UE деп таңбалап беруге болмайды.
Мұғалім алғаш әліппе ашып отырған балаға А дыбысының таңбасы А әріпі деп жазғызып, оны дыбыстап айтқызып, жаттатып әбден үйретеді. Келесі Е дыбысын да Е әріпі деп жазғызып, оны дыбыстап айтқызып, жаттатып үйретеді. Содан кейін Ә дыбысына келгенде А мен Е (АЕ) әріптері қосылып Ә әріпі болады.
2.Ң дыбысын NG таңбасымен беруге болмайды.
Ерінге мен еріңе (eringe), шешенге мен шешеңе (sheshenge), Есенге мен есеңе т.б. осы сияқты көптеген сөздер бір формада жазылатындықтан мағыналарын ажырату қиын болады.
3. И, І дыбыстарына ортақ Іі әріпін берген. Үйретуде бұл да қиындықтар тудырады. Мысалы; киін - kiin, тиін - tiin, иіні - iini т.б. сөздерді қазақ тілінің табиғатына сәйкес жазбайтын болсақ, онда оларды ажырату қиынға соғады.
4. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар қатар келмейді деген табиғи заңдылығымыз бар. Ол, әсіресе буын мен тасымалға тікелей қатысты. Ұсынылған жобада осы жағы ескерілмеген. Сөздерді буынға бөлгенде тіліміздің заң-ережесіне мүлде қайшы келеді. Яғни, кез-келген буын түрлерінің (ашық, тұйық, бітеу) қайсында болмасын, бір буында бір дауысты дыбыс болу керек деген ережеміз сақталмай отыр. Мысалы дү-дә-мәл сөзі 3 буыннан тұрады. Ал ұсынған латын жобада (дұе-дае-маел)
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, барлық жіңішке дыбыстарды төбесіне сызықша қою арқылы белгілеуіміз керек. Латынның c әріпі 30-шы жылдардағы қазақ жазуында бұл әріп ш болып оқылғанын ескеруіміз қажет.
«Суса», «сиыр», «мая», «ою» сөздері сәйкесінше «swusa», «syіyr», «maіa», «oіyu» болып аударылуы керек. Сонда ғана төрт құбыламыз тең болады - деп ойлаймын.
Қазіргі уақытта техниканың тілі дамыған заман екенін білеміз. Әсіресе, латын жазуына көшуге жастардың құлшынысы басым. Оқушылар арасында өткізілген сұхбатта, өздерінің дайын екендігін сеніммен айтып отыр және латын әліпбиіне көшуді қолдайды. Яғни, келешек ұрпақ үшін латын әліпбиін меңгеру қиындыққа соқпайтыны анық.
Ғылыми жұмысымды зерттей, зерделей келе, төмендегідей қорытындыға келдім: Осы орайда жаңа әліпбиге көшкенімізде ұтатын тұстарымыз:
Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.
Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады.
Төртіншіден, латын әліпбиіне көшу – өркениетке ілесу.
Бұл – қоғамдағы үлкен факторлардың бірі. Ол – ғаламтор арқылы әлемдік ақпараттануда еш кедергісіз, еркін және жылдам түрде қазақ тілінің орын алуы. Ал ол – латын жазуы арқылы іске асады. Сондықтан да, бұл жерде тілші-фонолог мамандар жаңа әліпбиді жасауда информатик-программистердің пікірімен санаса отырып, бірлесіп жұмыс жасаулары қажет. Сонда ғана толыққанды және еш кемшілігі жоқ әліпби болатыны сөзсіз.
Қазақстан – біртұтас мемлекет. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауында: «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» – деп нақты белгілеп берді11. Осы жолдауда ана тіліміздің Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болғанын, енді оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн екенін көрсетті. Ал Мәңгілік Ел болу үшін де латын әліпбиі ауадай қажет. Ескеретін бір мәселе, латын әліпбиі бір ғана қазақ халқының әліпбиі емес, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың әліпбиіне айналуы тиіс. Сондықтан латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын негізгі жол деп есептеймін. Оның саяси мәні де зор. Яғни латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақ елі бүкіл түрік әлемімен бұрынғыдан да жақындаса түседі. Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдетеді. Әліпби ауыстыру, бұл – ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды бетбұрыс болып табылады. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн деп санаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н. Назарбаев. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру». Egemen.kz
2. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010.
3. Әзімбай Ғали. http://qazaqtimes.com/article/8505.
4. Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз. «Жалын» журналы, №3, 2013.
5. Айталы А. Қазақ тіліне сұраныс жоқ елде, латын әліпбиіне сұраныс бола ма? «Жалын» журналы, №3, 2013.
6. Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. «ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі». – Астана: Елорда. – 2000.
7. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.
8. Шотбақова Л.Қ.«Көмекші тарихи пәндер». Қарағанды, 2003. 11б.
9.Уатай Ж. Латын әрiптерiне негiзделген қазақ әлiпбиiнiң жобасы. - Қазақ тiлi мен әдебиети, 1996, №3, 107-110.
10. Уатай Ж., Каюпов Т. – А с латиницей казахский изучить проще! – Инфо-Цес – 2000- № 27.
11.
kk.wikipedia.org

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген