400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Оқжетпес

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рудный қаласы әкімдігінің «Дм Карбышев атындағы №14 орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омиржанова Баян Қалибекқызы



Күні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Оқжетпес

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1 – мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады: мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтай алады, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыра алады;

Оқушылардың көпшілігіорындай алады: мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтай алады, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырып, диалог құрастыра алады;

Кейбір оқушылар орындай алады: мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтай алады, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырып, өз ойларын білдіре алады.

Бағалау критерийі

Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтай алады, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыра алады

Пәнге байланысты сөздік қор мен терминдер:

танымал –

шіл –

құр –

өңір –

жауынгер –

тұтқын –

найза ағаш –

аймақ –

емдік -

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Оқжетпес, шипажай, аңыз, Бурабай, Көкшетау


Алдыңғы оқу

Қарқаралы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Жылы лебіз» тренингі.

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.

Оқушылар жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.

Рaқмет!


Өткенді қайталау.

1 Қазақстанда қандай таулар бар?

2 Қарқаралы тауы қай өңірде орналасқан?

3 Қарқаралы несімен ерекше?

4 Тау туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?


Ой шақыру. Оқжетпес тауының суреттері көрсетіледі.





Ал балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? «Оқжетпес»


  1. Оқжетпес еліміздің қай өңірінде орналасқан?

  2. Ол жерге барып көрдіңдер ме?

  3. Бұдан басқа қандай тауларды білеміз?


Сабақтың мақсатымен таныстыру.


Сөздікпен жұмыс:

танымал – известный

шіл –

құр – куропатка

өңір – окрестность

жауынгер – воин

тұтқын – пленник, пленный

ағаш –копье

аймақ – округ

емдік – лечебный


Оқушылар жаңа сөздердің арасынан сөзерді таңдап алып сөйлем мен сөз тіркестерін құрайды.


Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру


«Жылы лебіз»











http://mltour.kz/wp-content/uploads/2019/05/боровое.jpg





https://freedomtravel.kz/wp-content/uploads/2017/05/okjetpes.jpg


Сабақтың ортасы 30 мин

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді «INSERT» әдісі арқылы негізгі және жанама ақпараттарды анықтай отырып

V – негізгі ақпарат

+ - жанама ақпарат

? – түсінбедім белгілерін қою арқылы оқыңдар. Кестені толтырыңдар.


І- топ: Оқжетпес тауы – Бурабайдағы ең танымал жер әрі Бурабай көлінің сәні. Биіктігі 300 метрдей. Оқжетпестің табиғаты көрікті. Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл, құр мекендейді, ұшар басына бүркіт ұя салады. Қазақ халқының талай атақты ақын – әншілері Оқжетпесті жырға қосқан, өздерінің ән – өлеңдерін арнаған. Оқжетпес маңы – туристік саяхат жасайтын өңір.


ІІ – топ: Оқжетпес туралы аңыздардың бірі. Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.



ІІІ – топ: Оқжетпес шипажайы Бурабай курорттық аймағының жүрегінде, Әулиекөл (Бурабай) көлінің батыс жағалауында, Көкшетаудың бөктерінде орналасқан. Курорттық аймақты басты көрнекті орындары - Оқжетпес пен Жұмбақтас шипажайдан 300 метр қашықтықта. 1964 жылы Оқжетпес шипажайының Бурабайдағы нөмір бірінші шипажай аталуы тегін емес. Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, сондай-ақ шипажайдың мықты емдік базасы мен жоғары білікті қызметкерлері біздің қонақтарымыздың тиімді ем алуына және демалуына септігін тигізеді. "Оқжетпес" шипажайы негізгі 7-қабатты ғимараттан тұрады.




Негізгі ақпарат

Жанама ақпарат

Түсінбедім















Бағалау критерийі

Дескриптор

балл

Мәтінен негізгі және жанама ақпаратты анықтайды

Мәтінді түсінеді

1

негізгі ақпарат

1

жанама ақпарат

1


Саралау. Әр оқушының алдына жадынама беріледі.

Shape1

Негізгі ақпарат - дегеніміз мәтіннің ішіндегі нақты ойды түсіндіретін түбір сөздер.

Shape2

Жанама ақпарат - дегеніміз мәтіннің ішіндегі негізгі ақпаратты қабылдауға кедергі келтірмейтін мысалмен жазылатын сөздер.











Кері байланыс: Мадақтау арқылы.

  • Жарайсың!

  • Таулар туралы мәлеметтерді білесің.

  • Мәтін оқығанда дауыс ырғағың әдемі шықты.

  • Топқа қосылуға тырыс.


Бағалау. «Бағдаршам» арқылы.


Түсінбедім.........


Түсіндім, бірақ .......


Бәрін түсіндім!


2 – тапсырма. «Рафт» әдісі арқылы диалог құрастыру.


Shape3

І – топ.

Роль – екі дос

Аудитория – мектеп

Форма – диалог

Тақырып – Оқжетпес тауы








Shape4

ІІ – топ.

Роль – жетекші

Аудитория – турист

Форма – диалог

Тақырып – Оқжетпес аңызы








Shape5

ІІІ – топ.

Роль – әкімшілік

Аудитория – турист

Форма – диалог

Тақырып – Оқжетпес шипажайы








Бағалау критерйі

Дескриптор

балл

Диалог құру

Диалогтың құрылымын сақтау

1

Рафт әдісінің құрылымын сакқтау

1



Саралу. Сұрақ – жауап арқылы.


Shape6

І – топ.

  1. Оқжетпестің биіктігі қанша метр?

  2. Ол жерде қандай көл бар?

  3. Маңынан қандай жануарлар кездестіруге болады?












Shape7

ІІ – топ.

  1. Тұтқын қыздың шарты қандай?

  2. Қызға кімдер таласады?

  3. Шындыққа аңыз жанасама?











Shape8

ІІІ– топ.

  1. Шипажай қай жерде орналасқан?

  2. Қай жылы номері І шипадай аталды?

  3. Шипажай неше қабатты?














Кері байланыс: Мадақтау арқылы..

  • Жарайсыңдар!

  • Бәріміздің қызығушылығымызды ояттыңдар.

  • Керемет қарым – қатынас байқалады.

  • Сөздік қорыңды жетілдір.


Бағалау: «Жапон әдісі» арқылы.


« ООО»-сөзім жоқ, өте керемет!


«МММ»- тартымды, бірақ бір сарынды.


«Сұқ саусақты көрсету»- келіспеймін, айтарым бар...








3 – тапсырма. БББ кестесі арқылы өз ойларын жеткізу.




Бағалау критерийі

Дескриптор

бал

Өз оларын жеткізе білу.

БББ кестесінің құрылымын сақтау

1

Өмірмен байланыстыру

1


Бағалау. «Шапалық» әдісі арқылы.



Кері байланыс: Шапалақ ұру арқылы.




















https://infourok.ru/azastanni-r-alasiaiz-sinip-saati-953783.html











https://visitkazakhstan.kz/kk/guide/sanatoriums/view/417/okjetpes/



















































Сабақтың соңы

5 мин

Қорытынды:

«Синквейн» әдісі арқылы сабағымызды қортындылап бес жолды өлең жазу:


- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.



Рефдекция


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.



Пəнаралық байланыс:

География

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс: интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар,

Құндылықтардағы

байланыс оқушылардың топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген

уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Сабақтың мақсаттары SMART форматына сәйкес білім алушылардың ойлау дағдыларын саралай қойылды.

Мәтіннен жанама ақпарат пен негізгі ақпаратты табуды және өмірдің кейбір жағдаяттарымен байланыстырып өз ойларын жеткізе білді.

Оқушылар мақсаттқа жетеді, сондықтан тиімді деп санаймын.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Белсенді әдіс тәсілдер

2: Тапсырмалар

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Саралау жұмыстары

2: Бағалау әдістері

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
2329
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі