400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Оқу құралдар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқу құралдары» тақырыбы бойынша сөздердің қолдану аясын кеңейту. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты тақырып бойынша «Оқу құралдары » туралы алған білімдерімізді әр түрлі тапсырмалар арқылы саралаймыз, жүйелейміз, нәтижелеп қорытындылаймыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:Қазақ тілі

Сынып: 5«В»

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

Сабақ мақсаттары: «Оқу құралдары» тақырыбы бойынша сөздердің қолдану аясын кеңейту. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты тақырып бойынша «Оқу құралдары » туралы алған білімдерімізді әр түрлі тапсырмалар арқылы саралаймыз, жүйелейміз, нәтижелеп қорытындылаймыз

Міндеттері:            

- Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың тілін дамыту.

- Оқу құралдарын ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. 

Оқыту  нәтижесі: Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың тілін дамыту.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ.

Құралдар: интербелсенді тақта, проектор, активстудио, «қазақ тіліне тән дыбыстар» деп аталатын көрнекі материалдар, мәтін (әр топқа ресурс түрінде беріледі), постер, фломастерлер, бағалау парағы, стикер.

 

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу.

«Миға шабуыл»

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Қазақ тілі - бал тілім

Өзің барда шалқыдым.

Тілімнен нәр табармын,

Тіліме кім тағар мін? – деп, қазақ тілі сабағымызды бастайық.

- Мен сендерге бүгінгі сабақта тек сәттілік тілеймін. Ал сендер бір-біріңе бүгінгі сабақта не тілейсіңдер?

 

- Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырғым келіп тұр, мұқият тыңдап, ойланыңдар:

1. Бірге мектепке барасың,

мектептен келесің.

Бар заттар, ішінде. Ол не?

2. Ақ қағазға,

   қалдырасың  жазып. Ол не?

3. Жыртылған қағазды,

Жабыстырар. Ол не?

4.  Сызасың  түзу,

Керек құрал, ол түзу.  Ол не?

  5. Жазбай қалса сен оны,

  Жаздырасың онымен. Ол не?

 6. Қате жазсаң кешіреді, 

 Сүртіп-сүртіп өшіреді. Ол не?

- Осы өздерің айтқан жұмбақтардың шешуін бір сөзбен не деп айтамыз?

- Ендеше қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Өте жақсы, балалар.

-енді, балалар,барлығымыз мына карточкаларға караймыз,барлығымыз келіп, нөмірленген карточканы алып,үш топқа бөлінеміз.

Барлығымыз қолымыздағы карточкаларды жинап сурет шығарамыз.

1 топ-«Кітап»суреті

2 топ «Қарындаш» суреті,3топ – «Дәптер» суреті шықты.Өте жақсы, балалар. Мұғалім жетондарды беріп бағалатып отырады.


Қайырлы таң достарым, Қайырлы күн болсын! Аптаның әр күні

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

             

(Әр топ бір-біріне осылайша сәттілік тілейді.)

Оқушылар  әбден ойланып жауап береді:

 

Сөмке

 

 

Қалам                

 

Желім 

 

Сызғыш

 

Ұштағыш

 

   Өшіргіш

Оқу құралдары.

 




Топқа бөлінеді.




І. Білім

5 мин

-- Балалар, жаңағы айтқан оқу құралдарынан басқа тағы қандай оқу құралдарын білесіңдер, естеріңе түсіріп, кластер арқылы толтырыңдар.

 

 

- Ал енді, әрбір оқу құралында кездескен қазақ тіліне тән дыбысты анықтап, сипаттама берейік.

 

 

 

- Түрткі болу,  сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтарын қою:

- «і» дыбысына байланысты тағы қандай мысалдар келтіре аласың?

- Көмектесе алатындар бар ма?

  

 

(Әр топ постерде жұмыс жасайды).

«кітап» - бұл сөзде кездескен төл дыбыс – «і» дыбысы: дауысты, жіңішке, т.б.

 («жадыны дамытуға арналған ойын» әдісі арқылы жеке жұмыс).

-іні, өшіргіш, т.б.

ІІ. Түсіну

10 минут

Мәтін алды жұмыс.Жаңа сөздермен танысу.

ұштағыш-точилка

өшіргіш-стерка

Желім -Клей

қайшы- Ножницы

сызғыш -линейка

сурет дәптері-тетрадь для рисования

Қаламсауыт -пенал

Ұштағыш - тачилка

Қылқалам -кисточка

үшін -для (чтобы)

Ұқыпты - аккуратный

түрлі-түсті-цветные

Мұқаба обложка

1. - Ал енді, алдарыңдағы мәтінді оқып шығып, топ ішінде аударып, мазмұнын бір-біріңе түсіндіріп беріңдер. (топпен жұмыс)

Менің мектебім төрт қабатты. Мен бесінші сыныпта оқимын. Менің оқу құралдарым бар. Менде дәптер, қалам, сызғыш, өшіргіш, күнделік, сөмке, кітап, қаламсауыт, сурет дәптері, түрлі-түсті қарындаштар, желім, ұштағыш бар. Мен оқу құралдарымды таза, ұқыпты ұстаймын.

(мәтін әрбір оқушының алдында ресурс түрінде А-4 қағазда беріледі).

 

2. Осы мәтін бойынша 3 сұрақ дайындаңдар.

1. Оқушылар мәтінді оқиды, топ ішінде аударады, бір-біріне түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

«Сұрақты тап» әдісі арқылы 3 сұрақ дайындайды.

Сергіту сәті

1 мин

Қолды белге қояйық.

Басты оңға бұрайық

Басты солға бұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Бір отырып, бір тұрып

Біз демалып алайық.

Бой жазу жаттығуын орындайды.

ІІІ. Қолдану

9 мин

1. Мәтін ішіндегі оқу құралдарын тауып, «Кім шапшаң?»ойыны арқылы әр топтан кезектеп оқушылар тақтаға шығып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырайық.

(интер.тақтада активстудио арқылы орындайды).

 

2. Не үшін керек?сұрағын жетекшілікке алып, суреттегі сөздер бойынша досыңа сұрақ қой.

Күнделік не үшін керек? – Күнделік үй тапсырмасын жазу үшін керек. Дәптер не үшін керек? – Дәптер жазу үшін керек.Кітап не үшін керек? – Кітап оқу үшін керек. Қалам не үшін керек? – Қалам жазу үшін керек.Сызғыш не үшін керек?Сызғыш сызу  үшін керек?


Оқушылар сөз тіркесі мен сөйлемдер құрап, дәптерлеріне жазады және интер.тақтаға шығып жазады.

 

 


(Жұппен жұмыс)

ІҮ. Талдау

5мин

Сөйлемдерді оқып, олардың дұрыс, бұрыс екенін көрсетіп, кестені толтыр.

2. Бүгінгі сабақтағы негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыр:  «Оқу құралдары».

1. Әр топтан оқушылар шығып, интер.тақтада орындайды.

 

 

 

 

 

2. Топпен жұмыс.

(оқы, ол, ал, ара, құра...)

Әр топ постерде жұмыс жасайды.

Ү. Синтез

6 мин


 Сабақтын  қорытындысы: Жұмбақ  жасыру.

Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.(кітап)

 Сен оқуда қандайсын?

Менен жасыра алмайсың.(күнделік)

Ортасында «шегесі»,

Жіп-жіңішке денесі.(қарындаш)

Ізі жол болып қалады,

Алтын жинап алады.(қалам)

Жоқ ізінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)

Қорыту: Балалар, бүгін біз қандай тақырып өттік?

-Оқу құралдарына не жатады?

- Күнделік не үшін керек?

-Оқу құралдарын қалай ұстау керек?

-Дәптер не үшін керек?

-Оқу құралдары не үшін керек?

-Қылқалам не үшін керек?

Топпен жұмыс.



ҮІІ.Кері байланыс.




ҮІІІ.Бағалау.


ІХ.Үйге тапсырма беру.

3 мин

Рефлексия смайликтер арқылы түсіндіреді.

Барлығы түсінікті.Жартылай түсінікті.Түсініксіз

Әр оқушы өзіне ұнайтын оқу құралына сипаттама береді.Мысалы:Бұл менің сөмкем.Сөмкем үлкен ,әдемі. Мен сөмкеге оқу қуралдарын саламын. Олар дәптерлер,күнделік, кітаптар, қалам,қарындаш, сызғыш.

Мынау менің қарындаштарым. Олар әр түрлі.Қызыл,жасыл, сары, көк.Мен қарындашпен сызамын, сурет саламын.


Бағалау.Оқушылардың алған жетондарын санай отырып әр топтың жетекшісі өз оқушыларын бағалайды,себебін түсіндіреді.



Үйге тапсырма: -Жаңа сөздерді жаттау.

-Оқу құралдарына байланысты диалог жазып келу.








Оқушылар бір бірін бағалап шығады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі